Уәкілетті орган уәжді пайымдауды мынадай:
1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (беруден бас тарту) кезінде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабарламасын қарау, банк немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;
2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздерімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызу;
3) банктегі және банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы және сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызмет сипатына, ауқымдарына және күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сәйкес келетін тиімді ішкі саясат пен рәсімдердің болуы және іске асырылуы тұрғысынан бағалау;
4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкес келуі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау жағдайларында, пайдалануға құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның алқалы органының құрамын уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан уәкілетті органның Басқармасы бекітеді. Уәкілетті органның алқалы органының отырысын уәкілетті органның Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.
Уәжді пайымдау уәкілетті органның осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін елеулі болып табылатын өзге де ақпаратқа негізделеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың түсініктері болған кезде оларды назарға алады.
Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауапты ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісу деп есептеледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уәжді пайымдаудың жобасын уәкілетті органның алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын уәкілетті органға жазбаша түрде ұсынуға құқылы.
Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар уәкілетті органның Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не уәкілетті орган Төрағасының ұсынысы бойынша уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, алынған қарсылықтарды уәкілетті орган Басқармасы қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауға қатысуға құқылы.
Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.
5. Уәкілетті орган құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере келе, уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған практикасын жариялайды.
6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-6-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша:
1) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекітеді;
2) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекітеді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекітеді;
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекітеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
Бірінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Уәкiлеттi органға жүктелген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етілуге жатпайды.
Уәкілетті орган осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, соның ішінде оның уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы береді.
Үшінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті органның өз функцияларын орындауы үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.
Уәкілетті органның жұмыскерлері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша мыналар:
1) жалпымемлекеттік мәні бар болжамды іс-әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беру;
2) қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;
3) жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржылық дағдарыстың туындауын болғызбау және оның салдарын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдердің кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;
4) қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісімдер жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ осы баптың көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтасады және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - бақылау және қадағалау органдары) жүзеге асырады.
Екінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органдарының қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банк, валюталық заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.
2-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылауды және қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандары мен өзге нысандарда жүзеге асырады.
15-2-бап. Тексеру түрлері
1. Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулерді, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша ішінара жүргізеді.
2. Құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындалатын тексеру тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру болып табылады.
Субъектіні тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырады.
Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органының басшысы не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бақылау және қадағалау органы басшысының тиісті бұйрығының негізінде бекітеді.
3. Жоспардан тыс тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің және мемлекеттік органдардың сұрау салуларының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;