2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;
3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.»;
49) 106-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезінде кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құны өздеріне қарсы провизиялар (резервтер) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;
3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.»;
4-тармақтың 38) тармақшасының он бірінші - он алтыншы абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру шығыстарының сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.
Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
Бұл ретте қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтердi) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы оң айырма сомасын шегеруге құқығы бар.
Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалған күтілетін ысырап мөлшері мен осы баптың 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
1-3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) қаржы лизингін;
2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезінде кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құны өзіне қарсы провизиялар (резервтер) құрылатын активтің мөлшерін азайтады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
50) 110-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналардың:
тіркелген активтердің;
преференциялар объектілерінің;
амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;
2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді;
3) осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, салық салынуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады.»;
51) 111-бапта:
4-тармақтың 51) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қою бонусы мен коммерциялық табу бонусының сомасы, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) - 5), 7) - 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:
1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 11-1), 2) - 5), 7) - 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар жатады. Осындай шығындарға осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағына сәйкес осы активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осындай активтер бойынша осы Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілген кейінгі шығыстар;
2) басқа да шығыстар жатады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда осы тармақшада көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына жататын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттарына орай шегерімдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.
Көрсетілген тәртіп, егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы осы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық балансы шегерілуге жатады.
Осы баптың және осы Кодекстің 111-1-бабының мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру:
1) барлауға арналған, сондай-ақ қорлары бекітілмеген пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын;
2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісілген болса, осы келісімшарттар жасалғаннан кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын білдіреді.
1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағымының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін - өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға іс жүзінде жүргізілген шығыстар мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:
1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады;
2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
Бұл ретте коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жүргізілген өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырудан алынған табыстарының сомасына азайтылады.»;
52) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
«111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде жүргізген жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындауға арналған шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Мұндай шығыстардың тізбесі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
С1 + С2
S = ------------ * V3, мұнда:
V1 + V2
S - амортизациялық аударымдар сомасы;
C1 -амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны;
C2 - ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар;
V1 - уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;
V2 - салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі;
V3 - салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны болып 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығыстар сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны қосу
ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар, алу
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі болып танылады.
2009 жылдан кейінгі келесі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемдері аяқталған уран қорларының нақты көлемі, алу
салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңінде шегерімге жатады.»;
53) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
53) 116-баптың 2-тармағында:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) мыналарды:
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;
осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша ескеруге орай амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер.»;
54) 118-бапта:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны салықтарды есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысу күніне, құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған арнаулы салық режімінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.
Осы тармақтың ережелерін осы баптың 11-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер қолданбайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде салық кезеңдерінің кез келгенінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны осындай ауысу күніне тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін осы Кодекстің 115-бабының 1) - 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, арнаулы салық режімінде қолданылған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;
негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;
негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
Бұл ретте активтің нарықтық құны жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
Амортизацияны есептеу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнын,
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына көбейту
осындай салық төлеушінің активті толық пайдаланған жылының санына көбейту керек.
Бұл ретте амортизацияны есептеу сомасы активті сатып алу сомасынан аспауға тиіс.»;
55) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
55) 122-баптың 2-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.» деген сөздер «активтерге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.»;
56) 126, 127, 128, 129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«126-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:
1) хеджирлеу мақсатында;
2) базалық активті жеткізу мақсатында;
3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына және 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралын салықтық есепке алу осы Кодекстің 129 және 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127 және 128-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы алу
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы алу
туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар.
127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Ол бойынша табыс осы Кодекстің 128-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, олардың мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күніне, олардың сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.
2. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төленуге жататын (төленген) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаты үшін осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы тармақта көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Хеджирлеу - бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.