мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және осындай тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық органдарына ұсынылмайды.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.
3. Осы баптың мақсаты үшін экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша қайтаруға жататын импорталған тауарлардың саны туралы мәліметтер қамтылған құжат Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша қайтаруды растау болып табылады.»;
139) 280-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасында:
2-бағанның тақырыбындағы «ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 3, 4, 5, 10, және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. | 2207-ден | 80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |
»;
«
3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 100% спирт 750 теңге/литр |
»;
«
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 60 теңге/литр |
»;
«
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100% спирт 75 теңге/литр |
»;
«
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
»;
4-тармақтың 139) тармақшасының он бірінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы | 0 теңге/литр |
»;
140) 290-бапта:
бірінші бөліктегі «Егер» деген сөз «1. Егер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.
Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.»;
141) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
141) 310-бапта:
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;»;
«3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген, оның ішінде бастапқы өңдеуден (байытудан) ғана өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмен емес болып айқындалады.
Өндірілген, оның ішінде бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты кейіннен өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін шахта, кеніш, карьер, ұсату зауыты (қондырғысы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.»;
142) - 144) тармақшалары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
142) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«312-бап. Жалпы ережелер
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.»;
143) 314-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе - осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе - келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде айқындайды.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.»;
144) 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
145) 317-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.»;
146) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Салық салу объектісі
1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу сәтінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
4. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары - алынатын пайдалы қазбалар қорларын білдіреді.»;
147) 320-бапта:
бірінші бөлік және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондондағы металдар биржасында немесе Лондондағы қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.»;
148) 323-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.»;
149) 339-баптың кестесінде:
1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi | Хром кенi (концентраты) | 16,2 |
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) | 2,5 |
Темір кенi (концентраты, шекемтастар) | 2,8 |
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) | 18,5 |
»;
150) 355-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.» деген сөздер «тұлғалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.»;
151) 358-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы «салық төлейді» деген сөздер «салықты есептейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
152) 359-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
4. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк салықты осы Кодекстiң 151-4-бабының 5-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.»;
153) 365-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
4-тармақтың 153) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысына және (немесе) оның мүшелерiне жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысы және (немесе) оның мүшелерi:»;
154) 367-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың мақсаты үшін:»;
155) 368-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.»;
156) 373-бапта:
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
156) тармақшаның бесінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы «біреуі» деген сөзден кейін «, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» деген сөздермен толықтырылсын;
157) 381-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Қалалар: | | |
1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
2. | Астана | 19,30 | 0,96 |
3. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
4. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
5. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
6. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
7. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
8. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
9. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
10. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
11. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
12. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
13. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
14. | Орал | 5,79 | 0,58 |
15. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
16. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
17. | Алматы облысы: | | |
18. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
19. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
20. | Ақмола облысы: | | |
21. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
22. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
23. | Облыстық маңызы бар басқа қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
24. | Аудандық маңызы бар басқа қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
25. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
26. | Селолар (ауылдар) | 0,48 | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.»;
158) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
158) 382-бапта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.»;
159) 384-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.»;
160) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
160) 391-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;
161) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
161) 393-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.»;
162) 394-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
163) 396-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан. Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;
164) 397-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған құны салық базасы болып табылады.