09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың объектiлерiн осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиiс.
5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым талап етiлмеген сыйақыны бөлiнетiн сомаға қоса отырып немесе ұйым есепшотына түскен күннен бастап үш жыл өткенше өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң мүдделерiне сай басқа мақсаттарға айналымға сала отырып сақтауға құқылы.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
45-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi
Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға:
1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға;
2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге;
3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-бабының 2, 3-тармақтары);
4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;
5) осы баптың 4) тармақшасына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге;
6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:
1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға;
2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы;
3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына қарай барабар бөлуге және қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге - тоқсанына кемінде бір рет және осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдарға жылына кемінде бір рет төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық иеленушілерді белгілеу бойынша ақылға қонымды және жеткілікті шаралар қабылдауға міндетті;
4) құқық иеленушілер туралы, оған басқаруға берілген құқықтар туралы, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер қамтылған тізілімдерді қалыптастыруға міндетті. Заңға сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз жария етуге болмайтын мәліметтерді қоспағанда, мұндай тізілімдерде қамтылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады;
5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында интернет-ресурс құруға;
6) авторлық немесе сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге құқық иеленушінің есімін қоса алғанда, өзіне басқаруға берілген құқықтар туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақы жинау, бөлу және төлеу функцияларын жүзеге асыратын жер-жерлердегі өкілдерінің бар екендігі туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға міндетті.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелері одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы.
2. Аккредиттеу осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген салалардың әрқайсысы бойынша бөлек жүргізіледі.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көрсетілген ұжымдық басқарудың бір, екі және одан да көп салаларында қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуы мүмкін. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Аккредиттеу туралы куәлікті алған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым құқықтарды басқару туралы шарттар жасасқан құқық иеленушілердің құқықтарын басқарумен қатар мұндай шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқылы.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 46-2-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу ерікті болып табылады және оны осы Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның өтініші негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуді мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және оның интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей орналастырады.
4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша түрде өтініш жібереді. Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
5. Уәкілетті орган өтінішті қабылдайды және өтініштерді тіркеу журналында нөмір беріп әрі қабылдау күнін көрсетіп, олардың есебін жүргізеді.
6. Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Аккредиттеу жөніндегі комиссия шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең болса, аккредиттеу жөніндегі комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруді жүргізу арқылы шешім қабылдауына және өз өкілеттіктерін басқа адамға беруіне жол берілмейді.
7. Аккредиттеу жөнiндегi комиссия отырысының қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган отырыс аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде аккредиттеу туралы шешiм қабылдайды және өтiнiш берушiге бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк бередi.
Аккредиттеу туралы қорытынды шығарған кезде аккредиттеу жөніндегі комиссия мыналарды:
1) заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап осы салада қызметін кемінде бір жыл жүзеге асырғанын;
2) жиналған сыйақыны кемінде үш рет бөлу және төлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесінің болуын;
3) авторлардың және пайдаланушылардың ұйым қызметі туралы оң пікірлерінің болуын;
4) басқа мемлекеттердің құқық иеленушілердің мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі осындай ұйымдарымен өзара мүдделілік білдіру туралы қолданыстағы шарттардың болуын назарға алуға тиіс.
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттар ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтер толық болмаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
8. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
9. Аккредиттелген ұйымдар туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
10. Қайта тіркелген не қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттелген ұйымдар көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қайта тіркеу не қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды және аккредиттеу туралы куәлікті он жұмыс күні ішінде қайтарады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті береді.
11. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау
1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым уәкiлдiк берiлген орынға жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей өз қызметi туралы мынадай ақпарат беруге мiндеттi:
1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер туралы;
2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басшылыққа алған шетелдiк мекемелермен жасасқан екiжақты және көпжақты келісімдерi туралы;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерi туралы;
4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi және оның қызметiн аудиторлық тексеру туралы;
5) осындай ұйымның атынан уәкiлдiк берiлген адамдардың тектерi туралы.
2. Уәкiлетті орган ұжымдық негiзде мүлiктiк құқықтарды басқаратын ұйымдардан ұйым қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты талап етуге құқылы.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 47-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
47-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган:
1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынылмаған;
3) уәкілетті органға аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметі бар жыл сайынғы есеп ұсынылған;
4) коммерциялық қызметті жүзеге асырған;
5) осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған;
6) авторлық сыйақыны уақтылы төлемеген;
7) жиналған авторлық сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды және фонограмма шығарушыны іздеу жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда қайтарып алуы мүмкiн.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-2-баппен толықтырылды
47-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу туралы куәліктің берілген мерзімі біткенде;
2) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен уәкілетті органға қайтару туралы шешім қабылданғанда;
3) аккредиттеу туралы куәлік қайтарып алынғанда;
4) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым таратылғанда тоқтатады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға қайтарылады.
V Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы
1. Осы Заңда көзделген авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.
2. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:
1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;
2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;
3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;
4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасау
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар уәкiлеттi органның сұратуы бойынша пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектiлерi, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде түскен табыстар туралы мәлiметтер, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдерiне қатысты мәлiметтер мен құжаттар беруге мiндеттi.
2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шаралар құқық иеленушінің таңдауы бойынша қолданылады.
2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.
3. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының