18-бап. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң бiрлестiктерi
Кредиттiк серiктестiктер өз қызметiн үйлестiру, жалпы мүдделерiн қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де жалпы мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттiк серiктестiктердiң қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiн, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде консорциумдар құруы мүмкiн.
20-бап. Кредиттеу тәртібі
1. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Кредит кредиттiк серiктестiк жарғысының ережелеріне сәйкес төленген мiндеттi салымды иеленетiн кредиттiк серiктестiктiң қатысушысына ғана берiлуi мүмкiн.
3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларына жеңiлдiк шарттарымен кредиттер беру кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-1. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Тексеру комиссиясы (ревизор) басқарма төрағасына берiлген кредиттер туралы мәлiметтердi жыл сайынғы жалпы жиналыста кредиттiк серiктестiктiң барлық қатысушыларының назарына мiндеттi түрде жеткізуге тиiс.
6. Кредиттi ресiмдеуге және беруге байланысты барлық қажеттi шығыстарды кредит алған қатысушы өтейдi.
20-1-бап. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21-бап. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi
1. Кредиттiк комитеттiң мүшелерiн қатысушылар және (немесе) кредиттiк серiктестiктiң қызметкерлерi болып табылатын өзге де тұлғалар арасынан кредиттiк серiктестiктiң басқармасы тағайындайды.
2. Кредиттiк комитет кредиттiк серiктестiк қатысушысының кредит алуға берген әрбiр өтiнiшi бойынша қорытынды әзiрлейдi және өзiнiң мәжілістерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзедi.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 7-тарау алып тасталды (бұр. ред. қара)
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
28-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
29-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған кредиттiк серiктестiктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған селолық кредиттiк серiктестiктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап төрт жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының