«2) білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау әдіснамасын және мониторингілеу құралдарын әзірлейді;
3) білім алушылардың жауаптарын мониторингілеу мен өңдеуді жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелеріне кешенді талдау жүргізеді.»;
18) 57-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «біліктіліктер» деген сөз «білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, атауы көрсетіледі;
әскери, арнаулы оқу орындары үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, тобы көрсетіледі;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Білім беру қызметін халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы лицензиаттың тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайына сәйкес) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.
Лицензияға қосымша білім беру ұйымының әрбір объектісіне рұқсаттық бақылау жүргізіле отырып, қызмет жүзеге асырылатын нақты мекенжай көрсетіліп, лицензия берілген немесе берілетін қызметтің кіші түріне (кіші түрлеріне) беріледі.»;
19) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Осы Заңның 63-бабының 3 және 3-2-тармақтарына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары алған кірістер дербес пайдаланылады.»;
20) 64-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары өздеріне тиесілі мүліктік кешендерімен қоса иеліктен шығарылуға жатпайды.»;
21) 67-1-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) атауы өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) атауы өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға біліктілігі бойынша білім туралы құжат беруге құқылы.».
5. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Зияткерлік мектептер жыл сайын ресми интернет-ресурстарда білім беру қызметі туралы жылдық есепті орналастырады.».
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
140-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін облыстың жергілікті атқарушы органы белгілейді.».
7. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 3-жолы 3-бағанының 4 және 5-тармақтарындағы «Біліктіліктері» деген сөз «Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына:
15-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дене тәрбиесі мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бірінші және екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде үш сағат көлемінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.».
9. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) педагогтік әдеп жөніндегі кеңес - білім беру ұйымдарында және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде құрылатын, педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган;»;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылған жағдайда педагогтерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезектілігінің сақталуына кепілдік беріледі.»;
3) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, педагогті тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім - білім беру ұйымы басшысының актісімен, білім беру ұйымының басшысын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім білім беруді басқару органы басшысының актісімен қабылданады.».
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «8-тармақ» деген сөздер «8-тармақтың бірінші бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 23 ақпан
№ 64-VІІІ ҚРЗ