2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған адамдарды;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды;
2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
2005.23.02. № 33-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды;
2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды
16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан адамдарды;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды
16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді
18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.
19) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды құру, қалыптастыру, сақтау, жүргiзу және пайдалану ережесін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi
1. Шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, азаматтығына, дiнге көзқарасына, сенiм-нанымына, қоғамдық бiрлестiктерге мүшелiгiне, тұратын жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға арнайы есепке алу объектiсi болуы мүмкiн.
2. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, өзi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органның арнайы есепке алу жүйесiне енгізу үшiн есепке алынған объектiнiң келісімi талап етiлмейдi.
3. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік орган өзiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде есепке алынған объект туралы мәлiметтердi пайдалануға оның келісімi талап етiлмейдi.
4. Адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, туған жерi, сондай-ақ осы деректердi сол адамның өзгерту фактiсi, бұрынғы деректер сияқты, жеке немесе отбасылық құпия болып табылмайды. Адам заңды жолмен алынған осы, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi арнайы есепке алу iсiне енгізуге тыйым салуға немесе рұқсат етуге құқылы емес.
14-бап. Арнайы есепке алуды түзу
1. Әртүрлi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде мәлiметтерi пайдаланылуы мүмкiн арнайы есепке алу уәкілеттi органда ғана жүргізілуге тиiс.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi арнайы есепке алуды түзу үшiн ақпараттық есеп құжаттарын және өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шектерде, көлемде және мерзiмдерде бередi.
15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi ведомстволық есепке алуды өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу мақсатында жүзеге асырады.
2. Ведомстволық есепке алуды қалыптастыру тәртібі ведомстволық нұсқаулықтармен айқындалады.
3. Ведомстволық есепке алуда бар мәлiметтер тек қана мемлекеттік органның құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу шегiнде пайдаланылуы мүмкін.
16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында статистикалық ақпаратты жариялауға, статистикалық жинақтар шығаруға және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында өзгедей пайдалануға құқылы.
2. Құқықтық статистикалық ақпарат ақпараттық есепке алу құжаттары және есептілік нысандары түрiнде уәкiлеттi орган анықтайтын талаптарға сәйкес оның сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады.
3. Құқықтық статистикалық ақпаратты сақтау мерзiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алуды жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы және байланыстың қорғалған арналары арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сай келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей дәрежеде болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, іздестіру істері мен атқарушылық іс жүргізудің шеңберінде ақпарат алу үшін сұрау салуда ақпаратты талап етіп алдыруға негіз болған мән-жайлар көрсетіледі.
Сұрау салудың негізділігі құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының дерекқорларда пайдаланушының іс жүргізуінде сұрау салуға бастама жасау үшін негіз болған материалдардың бар-жоғын салыстырып-тексеру арқылы тексеруіне жатады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының бірлескен нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Соттарға ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес және осы баптың 3-тармағының талаптары сақтала отырып, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер шеңберінде беріледі.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды
16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады.
3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.
4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының