12) философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2016.01.10. № 564 Қаулысымен 10-4-тармақпен толықтырылды
10-4. Тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:
1) Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін (бұдан әрі - өтінім);
2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
3) бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса - білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
4) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты;
6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;
11) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (таратып көрсетілген) көрсетілген сөзсіз (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
12) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған, және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда Әкімші жүзеге асырады. Осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына құжаттар сәйкес келмесе, сондай-ақ толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойып, оларды қабылдаудың белгіленген мерзімі кезеңінде құжаттарын тапсырады.
Үміткерге құжаттарын тіркеген кезде, құжаттарын қабылдағаны туралы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не құжаттары Жұмыс органдарына жеке тәртіппен қарауға жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген қолхат беріледі.
Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электронды үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.
12. Үміткерлердің материалдарын қарауды және конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Әкімші құжаттарды қабылдаған күннен бастап Жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда (бакалавр немесе маман) көрсетілген мамандықтың атауы мәндес мамандықтар тізбесінде болмағанда;
2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық атауы басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандық атауына сәйкес келмегенде;
3) үміткер ұсынған (бакалавр не маман) диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқуды бағалау жүйесі бағалар баламасы кестесінің бағалау жүйесіне сәйкес келмегенде;
4) Тізімде медициналық мамандықтар не өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда құжаттары Жұмыс органына қарауға жіберілген үміткерлерге Жұмыс органы шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы не конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Құжаттар жеке тәртіппен қаралған жағдайларда үміткерді конкурсқа қатысуға жіберуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) дипломда көрсетілген (бакалавр немесе маман) мамандықтардың оқу бағдарламалары мәндес мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтардың оқу бағдарламаларының біріне сәйкес келмеуі;
2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық алу үшін оқу бағдарламасының басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі;
3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9, 10-2-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуі;
4) магистр, философия докторы (РЮ), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;
жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару;
кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы;
осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу;
осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;
осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;
осы оқу орнының мамандандыру саласындағы кемінде 1 ұлттық және\немесе халықаралық сыйлығының болуы.
Үміткерге конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту және бас тартуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайта тапсыру үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
2.2. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерге іріктеу жүргізу тәртібі
14. Үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін білу, психологиялық дайындығы, зияткерлік және кәсіби даярлығы деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.
15. Конкурс 5 (бес) турдан тұрады.
Бірінші, екінші және үшінші турларды отандық ұйымдармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен және шетелдік әріптестермен бірлесіп, Әкімші ұймдастырады және өткізеді.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Бірінші турда үміткердің шет тілін білу деңгейі анықталады.
Шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау жөніндегі тестілеудің орнына таңдаған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін.
Екінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады.
Үшінші турда оның шетелде оқу және тұру қабілетіне психологиялық диагностика жүргізіледі.
Әкімші бірінші, екінші және үшінші турдың өтетін орны мен уақытын айқындап, бұл туралы телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткерді хабардар етеді.
17. Бірінші, екінші және үшінші турлардың нәтижелері бойынша әрбір үміткерге осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Әкімшінің ресми интернет-ресурсына ақпарат орналастыру арқылы үміткер хабарландырылатын қорытынды беріледі.
Үміткерлер алдыңғы турдан табысты өткен жағдайда екінші, үшінші, төртінші турға қатысуға жіберіледі.
18. Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің және пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді.
Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып, үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден:
1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар;
3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Төртінші тур үміткерлердің Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы әңгімелесудің өтетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды Жұмыс органы бекітеді.
21. Төртінші турда үміткердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәміздерді білуі, кәсіби даярлық деңгейі анықталады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Тәуелсіз сараптамалық комиссия Жұмыс органы белгілеген нысан бойынша әрбір үміткерге ұсыным береді.
23. Төртінші тур өткеннен кейін Жұмыс органы барлық турлардың нәтижелерімен бірге үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін бесінші турға енгізеді.
24. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижелері негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы соңғы шешімді қабылдайды, ол туралы Әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы үміткер хабардар етіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді
25. Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен тағылымдама өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес конкурстың мынадай жеңімпаздары үшін тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы көрсетіледі:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын мерзім.
Егер конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 25-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімде шет тілін шетелдің жоғары оқу орнына түсу немесе тағылымдамадан өту үшін қажетті көлемде игермесе, ол тағылымдаманы өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың ұсынымы негізінде Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» стипендиясы бойынша ол одан әрі академиялық оқу не тағылымдамадан өту құқығынан айырылады және Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған шығыстардың барлығын өтейді.
26. Конкурстың ағымдағы жылғы турларының біреуінен өтпеген үміткердің ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ өзгертілді
27. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия оған «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Әкімшімен Жұмыс органы бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын/тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасасады, онда міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) шарттың нысанасы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазын оқытуға/тағылымдамадан өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету тәсілі;
4) «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытудың/тағылымдамадан өтудің мерзімі мен шарттары;
5) конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуын аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және «Болашақ» стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан күнінен бастап үздіксіз бес жыл (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін - үш жыл) жұмыс істеуі туралы шарт:
өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасының ұйымдарында не акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;
мемлекеттік қызметшілер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген мемлекеттік қызметшілер үшін - өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте не шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында, не Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда - Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген мемлекеттік органда;
ғылыми-педагог қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін - Қазақстан Республикасының тиісті деңгейдегі басқа ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өтінімге сәйкес өздерін жіберген ұйымдарда;
инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының өндірістік қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының жіберуші ұйымның негізгі қызметімен ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мәдениет ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа бұқаралық ақпарат құралдары редакциясында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Жұмсау бағытында көзделген шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шарт;
7) еңсерілмес күш жағдайларының туындауы салдарынан конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы шарт;
8) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ конкурсқа өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім ұсынған үміткерлер үшін жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауының міндеттілігі бойынша шарт;
9) еңбек қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігі туралы шарт.
28. Конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасамаса, сондай-ақ шарт бойынша ол өзінің міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда конкурс жеңімпазын «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына бастамашылық жасалады.
29. Шарт конкурс жеңімпазының оқуын/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап Жұмсау бағытына сәйкес туындаған барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.
30. Шарт жасалғаннан және осы Қағидалардың 27-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар орындалғаннан кейін конкурс жеңімпаздарын шетелдік жоғары оқу орындарына, шетелдік ұйымдарға оқуға/ тағылымдамаға жіберу және осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ақшаның аударылуы қамтамасыз етіледі.
31. Конкурс жеңімпазы «Болашақ» стипендиясынан бас тартса не оны одан айырған жағдайда, Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды тұрақсыздық айыбын (айыппұл) қоса алғанда Республикалық комиссияның шешімі бойынша өтеуге тиіс.
Егер «Болашақ» стипендиясынан бас тарту не одан айырылу еңсерілмес күш, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, блокадалар, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған стипендия иегерінің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілер шығаруы мән-жайының және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлеуден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 573 қаулысына
қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау
бағыттары
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыты (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуді қамтиды:
визаларды (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту; шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бес) аспайтын сауалнама нысандарын ресімдеу және тапсыру; конкурс жеңімпаздарын қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында тіркеу; шет тілін білу деңгейін айқындауға бір тестілеуді, академиялық оқуды, тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардың өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстар; академиялық және техникалық даярлық деңгейін анықтау бойынша академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша қажетті пәндік емтихандарды бір реттен көп емес тапсыру; академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ тілдік даярлық, академиялық оқыту, конкурс жеңімпазының тағылымдамасы процесінде қажетті тағылымдамаларды, тілдік курстарды (бұдан әрі - тілдік мектеп) өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік ұйым) талаптары бойынша міндетті қызметтер; оқу елінде тұру және тамақтану, тілдік курстан, тағылымдамадан өту, оқу әдебиетін сатып алу; тілдік курстардан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеріс; конкурс жеңімпазының банк карточкасын жасау, қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету; шет мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі - шетелдік әріптестер) айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептердің немесе шетелдік ұйымдардың конкурс жеңімпазының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі; жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауру пайда болудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру; академиялық оқуы не тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін және тілдік курстарды, академиялық оқуды аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін кері бағытта жол жүру, академиялық оқудың ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асатын болса, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқудың әрбір оқу жылының басында оқитын жеріне дейін жол жүру және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін кері бағытта жол жүру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және кері бағытта жол жүру үшін ақы; шетелдік әріптестердің конкурс жеңімпаздарының академиялық оқуын, тілдік курстарын, тағылымдамаларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстары.
2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тілдік мектептер, ғылыми ұйымдар, ғылыми әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде тамақтану, тұру, оқу әдебиеттерін сатып алу шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу бойынша; тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы шығыстарының осы бағыттарының 1-тармағында көзделген өзге де шығыстар қызмет көрсетуші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.