Қос жармалы қақпақшаның пролапсы кезінде зерттеу хаттамасы бойынша хордалардың сырылуы аймағынан тыс ортаңғы бөлігінде диастола фазасын айқындау қажет қақпақша жармасының жуандығын бағалау міндетті болып табылады. Жарма жуандығының 2 мм астам ұлғаюы патологиялық өзгерістер (миксоматоз) туралы куәландырады.
Қос жармалы және трикуспидальды регургитация дәрежесін бағалауды пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты жүрекшелердің түрлі өлшемдерін ескере отырып жүргізу және жүрекше қуысын шартты түрде 4 бөлікке бөліп және бөлінгенге сәйкес регургитацияның 4-дәрежесін (1-дәреже - жүрек қуысының ¼ тереңдігіне регургитация, 2-дәреже - жүрек қуысының ½ тереңдігіне регургитация, 3-дәреже - жүрек қуысының ¾ тереңдігіне регургитация, 4-дәреже - жүрек қуысының толықтай тереңдігіне регургитация) айқындай отырып, жүрек қуысына регургитациялық ағымның өту тереңдігі бойынша айқындау қажет.
ЭхоКГ-тексеру хаттамасына ілініп тұру және (немесе) регургитацияның айқындалған дәрежесін растайтын графикалық бейне міндетті түрде қоса беріледі. ЭхоКГ-тексеру хаттамасы ультрадыбысты (функционалдық) диагностика дәрігерінің қолымен расталады.
Жүрек іші гемодинамикасының бұзылуы деп І дәрежелі және одан астам тұрақты регургитация саналады. Қақпақша алды (ең төменгі) регургитация І дәрежелі регургитацияға жатады.
Өкпе гипертензиясы болмаған кезде өкпе артериясы қақпақшасында, қақпақша жармаларының органикалық өзгерістері болмаған кезде трикуспидальды, қос жармалы қақпақшада осы қақпақшалардың жармаларының ілініп тұруынсыз, осы қақпақшалардың ақауларынсыз, жүрек қуыстарының өлшемдері мен геометрияларының бұзылуынсыз, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуынсыз, ВЭМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме күшінің төмендеуі қоса болмайтын І дәрежелі регургитация функционалды болып саналады және осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды.
Аорталы қақпақшада І дәрежелі регургитация анықталған кезде оны қалған көрсеткіштерге қарамастан аорталы қақпақшаның жеткіліксіздігі ретінде бағалау қажет.
Сол (оң) жақ қарыншаның геометриясын өзгертпейтін және ВЭМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме күшінің төмендеуі қоса болмайтын жүректің кіші ақаулары және олардың жанамаласуы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды.
Тыныштықта ЭКГ, жүктеме сынамалары деректері немесе ЭКГ тәуліктік мониторингі және (немесе) өңеш арқылы сол жақ жүрекшенің электрокардиостимуляциясы деректері бойынша жүрек ырғағының және (немесе) өткізгіштігінің бұзылуы қоса болатын жүректің шамалы ақауларын және олардың жанамаласуын диагностикалаған кезде медициналық куәландыру сонымен қатар талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
Еңбегінің бітпеуі салдарынан сүйек кемістіктері талаптардың 81-тармағы бойынша куәландырылады.
V бел омыртқасының сакрализациясы немесе І сегізкөздің люмбализациясы, аталған омыртқа иіндерінің бітпеуі, коронарлы жылғадағы гипоспадия осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Нерв жүйесінің туа біткен кемістіктерімен адамдар талаптардың 25-тармағы бойынша, ал психикалық бұзылу болатын кемістіктің сипатына байланысты - талаптардың 14 немесе 20-тармақтары бойынша куәландырылады.
Қол немесе табанның туа біткен кемістіктері бар адамдар талаптардың 67 немесе 68-тармақтары бойынша куәландырылады.
18. Жарақаттанулар, уланулар және басқа да сыртқы факторлар әсер етуінің салдары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
81 | Бассүйектің сынықтары, басқа да зақымданулар, бассүйектің зақымдану, бассүйегіне операциялық әрекет ету салдары: | | | | |
1) бассүйек қуысында бөгде заттың болуы, пластикалық материалмен ауыстырылмаған бассүйек күмбезінің 20 ш.см астам кемістігі | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) пластикалық материалмен ауыстырылған 20 ш.см астам немесе пластикалық материалмен ауыстырылмаған 8-20 ш.см бассүйегі күмбезінің кемістігі, бассүйектің көп жерден сынықтары | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) пластикалық материалмен ауыстырылған 8-20 ш.см астам кемістігімен немесе пластикалық материалмен ауыстырылмаған 4-8 ш.см бассүйек күмбезінің кемістігі немесе пластикалық материалмен ауыстырылған немесе ауыстырылмаған жалпы ауданы 12ш. см бассүйегі күмбезінің бірнеше кемістіктері | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) 4 ш. см дейін бассүйегі күмбезінің кемістігі, ескі басылған сынулар, бассүйегінің жекелеген, көптеген сызықты сынықтары, бассүйек негізінің сынықтары | Д | Д | Б | ЖЗ |
81 тармақ 1) тармақшаға сонымен қатар:
трансплантанттармен ауыстырылмаған, мертігуден, жарақаттанулардан кейінгі жақ-бет маңының кемістіктері мен бұзылуы;
жақ-самай буындарының анкилоздары;
төменгі жақтың жалған буындары; емдеуден тиімділік болмаған, оның ішінде хирургиялық немесе одан бас тартқан кезде бет-жақ сүйектерінің кескіндемелері;
сүйек-пластикалық трепанация операциясынан кейін бассүйек күмбезінің кемістігі аутосүйекпен ауыстырылған кемістік болып айқындалады және пластикалық материалмен ауыстырылған бассүйектің кемістігіне жатады.
Бассүйек-ми жарақатынан кейін диагностикалық фрезді қуыстар, жалғау-тін тыртығымен ауыстырылатын бассүйек күмбезінің кемістігіне сомаланады және пластикалық материалмен ауыстырылмаған болып айқындалады.
Осы тармақта көрсетілмеген бет-жақ маңының зақымданулары салдары бар адамдар талаптардың 56-тармағы бойынша куәландырылады.
Әскери (арнаулы) оқу орындарына түсетін, кез келген өлшемдегі және оқшаулаудағы бассүйегі кемістіктері бар адамдар әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге жарамсыз.
Сәтті нәтижемен ОНЖ-нің органикалық зақымдану белгілерінсіз жаншылған сипаттағы бассүйек күмбезі пластинкасының сыртқы-кортикалды зақымданулары кезінде талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылушылардың әскери қызметке жарамдылық санаты науқастануы бойынша демалыстан кейін өзгермейді, ал шыны тәріздес пластинканың зақымдануы кезінде операциялық емдеумен немесе онсыз шешім осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша қабылданады.
ОНЖ органикалық зақымдануы белгісінсіз сәтті нәтижемен сызық сипатты бассүйек күмбезінің 10 см дейін сынығы кезінде талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты науқастануы бойынша демалыстан кейін өзгермейді, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне қатысты шешім осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша қабылданады.
Оқшауланған сипаттағы немесе бассүйек күмбезі сынықтарының сызықты немесе жарықшақты сипатының жалғасы болып табылатын бассүйек негізінің сынықтары кезінде шешім осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша қабылданады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
82 | Омыртқаның, дене сүйектерінің, аяқ-қолдың сынулары (жамбас, жауырын, бұғана, төссүйек, қабырғалар, тоқпанжілік, кәріжілік және шынтақсүйегінің, сан мойны және ортанжіліктің, үлкен жіліншік және жілік шыбығы сүйектерінің, басқа да түтік тәрізді сүйектердің сынықтары): | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциясының бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
Жалған буындар болған кезде куәландырылатындарға операциялық емделу ұсынылады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды емделу аяқталғаннан кейін оның нәтижелеріне байланысты шығарылады. Операциядан бас тартқан кезде медициналық куәландыру 82 тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
82 тармақ 1) тармақшаға:
емдеу нәтижелеріне қарамастан, ІІ-ІІІ дәрежелі компрессиялы екі және көп омыртқа денелерінің көптеген терең тұрақсыз сынықтары;
кенеттен айқын көрінген деформациямен екі және одан көп омыртқа денелерінің жарықшақты (жарылғыш) сынықтары немесе жарықшақты (жарылғыш) сынықтардың салдары;
спондило және корпородезді пайдалана отырып, омыртқа денелерінің сынықтары, шығулары және сынықты-шығулары салдары (талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты омыртқа функциясына байланысты науқастануы бойынша демалыстан кейін 1) немесе 2) тармақшалары бойынша айқындалады);
осы сегментте тұрақсыздықтың клиникалық синдромымен екі және одан көп омыртқа доғаларын алып тастағаннан кейінгі жай-күй (салдар);
омыртқаның айқын көрінген сколиоздық немесе кифоздық бұзылуымен омыртқа денелерінің көптеген сынықтарының бұрынғы салдары;
жамбас сақинасы тұтастығының өзгеруімен жамбас сүйектерінің дұрыс бітпеген көптеген тік сынықтары;
ортан жілік ұршығының орталық шығуы салдары (буын ұштарының және аяқ-қол осінің деформациясымен, буын саңылауының кемінде көлемі 2 мм жамбас-мықын буынының анкилозы немесе функциясының елеулі бұзылуымен деформациялайтын артрозы);
аяқ-қол функциясының елеулі бұзылуымен ұзын түтікше сүйектерінің асқынған сынықтары;
ұзын түтікше сүйектерінің жалған буындары жатады.
82 тармақ 2) тармақшаға:
бір омыртқа денесінің жарықшақты (жарылғыш) сынықтары немесе жарықшақты (жарылғыш) сынықтардың салдары;
бір және (немесе) көп омыртқа денелерінің ІІ-ІІІ дәрежелі компрессиялы сынықтары және (немесе) бір және одан көп омыртқа доғаларының сынықтары;
айқын көрінген деформациямен бір және одан көп омыртқалардың ІІ-ІІІ дәрежелі компрессиялы сынықтарының салдары;
омыртқалардың сынықты-шығулары;
І және (немесе) ІІ мойын омыртқаларының сынықтары;
ІІ мойын омыртқасы тісінің сынығы;
дегенеративті өзгерістердің үдеуімен бір және одан жоғары деңгейлерде омыртқа аралық дискілердің жарықтарын алып тастау салдары;
осы сегментте тұрақсыздықтың клиникалық синдромынсыз екі және одан көп омыртқа доғаларын алып тастау салдары;
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде жамбас сақинасы тұтастығының бұзылуымен жамбас сүйектерінің біржақты сынықтарының салдары;
функциясының орташа бұзылуымен ортан жілік ұршығының орталық шығуы салдары;
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде жамбас мойнының сынықтары;
аяқ-қол функциясының орташа бұзылуымен ұзын түтікше сүйектерінің асқынған сынықтары жатады.
82 тармақ 3) тармақшаға:
І дәрежелі компрессиялы омыртқа денелерінің компрессиялы сынықтары және шамалы ауырсыну синдромымен және омыртқалардың ІІ дәрежелі кифоздық бұзылуымен олардың салдары;
омыртқа денелерінің жоғарғы және (немесе) төменгі «рентген бұрыштарының» сынықтары;
бір немесе одан көп бел немесе мойын немесе үш және одан көп кеуде омыртқалары буынды өскіндерінің бір және (немесе) екі жақты сынықтары;
функциясының бұзылуына қарамастан бір омыртқа доғасының сынықтары;
бір немесе одан көп омыртқа денесінің І дәрежелі компрессиялы сынықтары салдары;
дегенеративті өзгерістердің үдеуінсіз бір және одан жоғары деңгейлерде омыртқа аралық дискілердің жарықтарын алып тастау салдары;
ауырсыну синдромымен және деформациямен құйымшақ сынықтары;
оларды алып тастаудан бас тартқан кезде сынықтардан немесе түзететін остеотомиядан кейін алынбаған пластиналар, интрамедуллярлы штифттер, болттар-тартқыштар және басқа да металл құрастырғыштар (бірлі-жарым шуруптардан, сымдар, біздерден, микровинттерден және микропластиналардан басқа);
емделгеннен кейін омыртқа функциясының шамалы бұзылуы және ауырсыну синдромы болған кезде омыртқа доғаларының, өскіндерінің сынықтары салдары;
мойын омыртқаларының асқынбаған шығулары;
жамбас-мықын буыны функциясының шамалы бұзылуы кезінде остеосинтезді қолдана отырып жамбас мойнының сынықтары;
аяқ-қол функциясының шамалы бұзылуымен ұзын түтікше сүйектерінің асқынған сынықтары жатады.
82 тармақ 3) тармақшаға:
жарықшақты және (немесе) 1-2 көлденең омыртқалардың сынықтары, бір деңгейде омыртқа аралық дискілердің жарықтарын алып тастаудың бұрынғы салдары жатады. Талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар бір деңгейде омыртқааралық дискілердің жарықтарын алып тастағаннан кейін талаптардың 86-тармағы бойынша кейіннен медициналық куәландырумен 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Сәтті нәтижемен омыртқа денелерінің, доғаларының, буын өскіндерінің сынуларынан, омыртқа аралық дискілерінің жарықтарын алып тастағаннан кейін талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылушылар үшін талаптардың 86-тармағы қолданылады.
Жамбас сақинасының бұзылуынсыз өсіп біткен оқшауланған жамбас сүйектерінің жекелеген сынықтары осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
83 | Кеуде, ішперде қуысы және жамбас ішкі мүшелерінің жарақаттары (жарақаттық пневмо және гемоторакс, жүректің, өкпенің, асқазан-ішек жолдарының, бауырдың, көк бауырдың, бүйректің, жамбас мүшелерінің, ішперде қуысының басқа да мүшелерінің жарақаты, көптеген ауыр жарақаттар): | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциясының бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | Б | ДЕРБ |
83 тармақ 1) тармақшаға мынадай жараланулардың және жарақаттанулардың жай-күйі мен салдары жатады:
ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен бронх-өкпе аппаратының; жүрекқаптың жалпы бітелуі;
жүректің немесе аортаның кеңеюі;
функцияларының бұзылуымен байланыссыз жүре пайда болған өңеш-көмей немесе өңеш-бронх жыланкөздері;
олардың функцияларының орташа бұзылуымен (екі және одан көп) мүшелер полижарақаттарының салдары;
өңешті, асқазанды резекциялау немесе асқазан-ішек сағаларын салу, ас қорыту функциясының елеулі бұзылуымен (емделмейтін демпинг-синдром, қатты іш өтулер) немесе тамақтанудың айқын көрінген төмендеуімен (ИМТ 18,5) ашішекті (кемінде 1,5 м) немесе тоқішекті (кемінде 30 см) резекциялау);
билиодигестивті анастомоздарды салу;
емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелерінде өтті немесе панкреатитті жыланкөздер;
бауыр бөлігін немесе ұйқы безі бөлігін резекциялау;
қалған бүйрек функциясының бұзылуы болған кезде оның айқын көріну дәрежесімен байланыссыз бір бүйректің болмауы;
шаттың толық жыртылуы (жыртылу - шат бұлшықетінің тұтастығы толық бұзылған және олар тікішектің қабырғасына өтетін тыртықты тінмен алмастырылған, анус үңірейген және дұрыс келбеті жоқ);
жыныс мүшесінің болмауы.
ІІ, ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде өкпе түбінде, жүректе немесе ірі қан тамырлары жанында орналасқан бөтен зат болған кезде асқыну немесе функционалдық тұрғыдан бұзылудың болуына қарамастан әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде азаматтар және мерзімді қызмет әскери қызметшілері 1) тармақша бойынша куәландырылады. Талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылық санаты осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша айқындалады.
Жүректі, үлпершекті жаралау салдары, ірі қан тамырлары маңындағы аралықта бөтен денелерді операциялық алып тастаған кезде куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды СЖӘ-ның айқын көріну дәрежесіне, жүрек іші гемодинамикасының ырғағы мен өткізгіштігінің болуына және айқын көріну дәрежесіне байланысты 42-тармақ бойынша айқындалады. Тыныс алу жеткіліксіздігі болған кезде талаптардың 51-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады. Бұл ретте бір уақытта осы тармақ қолданылады.
83 тармақ 2) тармақшаға мынадай жаралану және жарақаттану салдары мен жай-күйі жатады:
ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен бронх-өкпе аппаратының;
тыныс алу жеткіліксіздігі дәрежесімен байланыссыз өкпенің болмауы;
асқазанды, ашішекті (кемінде 1 м) немесе тоқішекті (кемінде 20 м) резекциялау, сирек демпинг-синдром (тұрақсыз нәжіс, тамақтанудың орташа төмендеуі) белгілерімен асқазан-ішек сағасын таңу;
көкбауырдың болмауы;
қалған бүйректің қалыпты функциясы кезінде бүйректің болмауы.
83 тармақ 3) тармақшаға: функциясының шамалы бұзылуымен хирургиялық науқастанулардан кейінгі жай-күй, кеуде және ішперде қуысы мүшелерін операциялық емдеу, жаралану немесе жарақаттану салдары жатады;
83 тармақ 4) тармақшаға: (талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар үшін жаралану немесе жарақат алғаннан бастап 6 айдан ерте емес) сауығу нәтижесімен қан кетуді тоқтату, пневмо немесе гемотораксты жою, ішек, асқазан, бауыр жараларын тігу мақсатында, тыныс алу жеткіліксіздігінсіз, торакотомия немесе лапаротомиясыз өкпені типтік емес резекциялаудан кейінгі жай-күй жатады.
Әскери қызметшілерге қатысты тыныс алу жеткіліксіздігінсіз өкпені типтік емес резекциялаудан кейін стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін талаптардың 53-тармағы бойынша науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Талаптардың 83-тармағы бойынша, сондай-ақ қабыну науқастанулары мен кемістігін операциялық емдеу салдары бар адамдар куәландырылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
84 | Тері және теріасты өзегі жарақаттарының салдары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ДЕРБ |
84 тармақ 1) тармақшаға:
буындардың қимылын елеулі шектейтін немесе стандартты әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе жабдықтарды киюді қиындататын немесе кедергі келтіретін емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде ойықжара немесе жеңіл жараланатын және жиі ойықжара болатын, жақын жатқан тіндермен жалғастырылған мойын, дене және аяқ-қол маңындағы массивті келлоидті, гипертрофиялық тыртықтар;
тері беті маңының 20 және көп пайыз терең күюден кейінгі жай-күй немесе бүйрек амилоидозымен асқынуы жатады.
84 тармақ 2) тармақшаға:
буынның қозғалысын орташа шектейтін немесе стандартты киім нысанын, аяқ киімді немесе жабдықтарды киюге елеулі кедергі келтіретін ойықжара келлоидты және гипертрофиялық тыртықтар, сондай-ақ емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде беттің көріксізденуі;
аяқ терісі бетінің 50 және көп пайыз терең күю салдары жатады.
84 тармақ 3) тармақшаға:
буынның қозғалысын шамалы шектейтін немесе стандартты әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе жабдықтарды киюге шамалы кедергі келтіретін, ұзақ жүргенде және денеге басқа да күш салғанда білінбейтін эластикалық тыртықтар;
қол терісінің 70 пайыздан көп бөлігін пластикалаумен терең күю салдары жатады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде 3-кестені «Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кестесін» басшылыққа алу қажет.
Сәтсіз хирургиялық емдегеннен кейін каузалгия құбылыстарымен тыртықтар болған кезде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды талаптардың 26-тармағы бойынша шығарылады.
Көзді, қолды немесе табанды зақымдаумен күю және үсу салдары бар адамдар аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
85 | Дәрі-дәрмекпен және биологиялық заттармен улану, медициналық емес мақсаттағы заттардың уытты әсері. Сыртқы себептердің (радиациялардың, төмен, жоғары температуралардың және жарықтың, ауаның немесе судың жоғарғы қысымының және басқа да сыртқы факторлардың) әсері: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ДЕРБ |
Тармақ дәрілік заттармен, ЗОҚ-мен, басқа уытты заттармен, ЭМӨ-ның өткір немесе созылмалы әсер етуімен, лазерлік сәулеленумен, иондаушы сәулеленумен улану салдарын, басқа да сыртқы факторлармен улануды және себептерін, аллергиялық реакцияларды көздейді. Медициналық куәландыру стационарлық жағдайларда емделу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сәулелену ауруына шалдыққан әскери қызметшілерді медициналық куәландыру кезінде қан құрамындағы перифериялық өзгерістер ғана емес, сонымен бірге аурудың басқа да клиникалық белгілері ескеріледі.
І дәрежелі сәулелену ауруының шамалы қалдықты құбылыстары болған кезде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, ал ІІ дәрежелі сәулелену ауруына шалдыққаннан кейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру 85 тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Қандай да бір салдарсыз өткір сәулелену ауруына шалдыққан адамдар 85 тармақ 3) тармақша бойынша куәландырылады және РЗ-мен, ИСК-мен қызметке (жұмысқа) жарамсыз деп танылады.
РЗ, ИСК-мен жұмыс істейтін және жылдық шекті дозадан 5 есе артық сәулеленуге шалдыққан әскери қызметшілер стационарлық тексерілуге жіберіледі.
Сәулелену ауруының белгілері болмаған кезде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер РЗ-мен және ИСК-мен қызметке (жұмысқа) 3) тармақша бойынша жарамсыз деп танылады, ал келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің жарамдылығы дербес айқындалады.
ІІ-ІІІ дәрежелі ЭМӨ созылмалы әсер етуі синдромы қайталанған кезде аурудың сәтті нәтижесі кезінде әскери қызметшілер ЭМӨ көздерімен жұмысқа жарамсыз деп танылады.
Әскери қызметшілердің жабдықталым нормалары бойынша негізгі тағамдарға клиникалық белгілері бар тамақ аллергиясына шалдыққан адамдар (стационарлық жағдайларда медициналық тексеру нәтижелерімен расталған) 2) тармақша бойынша куәландырылады. Басқа да аллергиялық науқастанулар кезінде (бөртпе, поллиноз, аллергиялық риниттер, дерматиттер) медициналық куәландыру зақымданған мүше немесе жүйе функциясының жай-күйіне байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша жүргізіледі.
Қатты уланулардан, токсикологиялық-аллергиялық әсер етулерден, жіті аллергиялық науқастанулардан (анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Лайел, Стивенсон-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі), басқа да сыртқы себептердің әсер етуінен кейін әскери қызметке және әскери-есептік мамандық бойынша қызметке жарамдылық санаты науқастанудың нәтижесіне және зақымданған мүшелер немесе жүйелер функциясына байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
86 | Ауруларды, жаралануларды, жарақаттануларды, улануларды және сыртқы факторлардың басқа да әсер етуінен емделгеннен кейін сүйек-бұлшықет жүйесінің, дәнекерлік тіннің, тері және теріасты өзегінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Г | Г | Г | Г |
Буындардың жіті қабыну науқастануларына шалдыққан талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар және мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери (арнаулы) оқу орындарына, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде азаматтар емдеу аяқталғаннан кейін 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Буындардың қабыну науқастануларының жіті түрлеріне шалдыққаннан кейін 6 ай ішінде қабыну белгілері болмаған кезде олар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін қабынудың клиникалық, зертханалық белгілері болмаған кезде дене жүктемесінен кейін буындарда орташа, өтпелі ауырсыну сезімдері сақталатын және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін қалпына келтіру үшін бір ай және одан артық мерзім қажет болған жағдайларда шығарылады.
Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды сүйектерге және буындарға, пластикаға немесе сіңір тендолизіне (қол және табан саусақтарынан басқа) операциядан кейін қозғалысты уақытша шектеу кезінде, сүйек сынғаннан кейін қатпаған сүйек мүйізгегі кезінде әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бір ай және одан артық мерзім қажет болған жағдайларда шығарылады.
Түтікше сүйектердің сынықтарын емдеудің тұрақты қанағаттанарлықсыз нәтижелері, салдары кезінде науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылмайды, ал әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселе талаптардың 82-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шешіледі.
Қолдың, табанның, сондай-ақ жіліншіктің майда сүйектері сынған кезде талаптардың ІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылмайды. Бұл жағдайларда емдеу аяқталғаннан кейін қажетті емдеу іс-шараларын көрсете отырып босату туралы қорытынды шығарылады.