Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 904 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат):
1-тармақта:
әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау инистрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттікжоспарлау вице-министрі |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және инералдықресурстар вице-министрі |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Супрун Виктор Васильевич, Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы шығарылсын;
2) «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі, төраға |
Елемесов Омархан Көптілеуұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігініңӨндіріс және ғылыми-техникалықдаму комитеті төрағасыныңміндетін атқарушы |
көрсетілген құрамнан Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |