3) тауарларды сақтауды және (немесе) олардың жай-күйін өзгертетін және орамаларының бұзылуына алып келетін тауарлармен операциялар жасауға жол бермеуді, межелі кеден органынан сәйкестендіру құралдарын алуға рұқсат алғанға дейін оларды пайдалануға және билік етуге жол бермеуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер сәйкестендіру құралдары қолданылса, межелі кеден органы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, ал оларды межелі кеден органы жұмыс уақытының аяқталуына үш сағаттан аз қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей оларды алып тастауға рұқсат береді не сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салу туралы ақпарат береді, ал сәйкестендіру құралдары қолданылмаған тауарларға қатысты - тауарлармен одан әрі әрекеттер жасауға рұқсат етеді немесе тыйым салады.
4. Егер сәйкестендіру құралдары қолданылса, межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға оларды алып тастауға рұқсат еткен жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушының қатысуымен сәйкестендіру құралдарын алып тастауды жүзеге асырады және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды.
Егер сәйкестендіру құралдары қолданылмаса және межелі кеден органы тауарлармен одан әрі әрекеттер жүргізуге рұқсат етсе, уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау фактісі тасымалдаушының көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттарына тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау күні мен уақыты туралы белгі қою арқылы расталады.
Көрсетілген белгілер қойылғаннан кейін уәкілетті экономикалық оператор транзиттік декларацияның нөмірі, тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын хабарламаны межелі кеден органына дереу жібереді.
5. Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық оператордан осы баптың 4-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей, ал оны межелі кеден органы жұмыс уақытының аяқталуына төрт сағат қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтайды.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Кодекстiң 231-бабының 9-тармағында көзделген белгілер қойылмай, кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып ресімделеді.
Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы хабардар етеді.
Тасымалдаушы межелі кеден органына осы Кодекстiң 231-бабының 9-тармағына сәйкес белгілер қою арқылы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды рәсімдеу үшін келуі мүмкін.
6. Осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды қабылдауды ресімдегеннен кейін, осындай тауарлар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтауға орналастырылды деп есептеледі.
7. Егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды кедендік жете тексеру немесе кедендік қарап-тексеру жүргізу ниетіне байланысты сәйкестендіру құралдарын алуға тыйым салу туралы хабардар етсе, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Кодекстiң 231-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы баптың ережелері уәкілетті экономикалық оператор алушысы болып табылатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде қолданылады.
540-бап. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға арналған декларация берілгенге дейін кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару ерекшеліктері
1. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып табылатын тауарлар мынадай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
4) еркiн кедендік аймақ;
5) еркін қойма;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру).
2. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген өтініш берілген кезде тауарлардың декларанты болатын уәкілетті экономикалық оператор тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті электрондық құжат түрінде береді.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш, егер кеден органының байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернеттің) жұмысында техникалық істен шығудан, бұзылудан, электр энергиясының өшірілуінен туындаған, кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген өзге де жағдайларда тұлғаның мұндай өтінішті электрондық құжат түрінде беру мүмкіндігін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш осы Кодекстің 194-бабының 4-тармағына сәйкес беріледі.
4. Шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Көрсетілген мерзімді есептеу осы Кодекстiң 6-бабының 6-тармағы ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмейді.
541-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері
1. Уәкілетті экономикалық оператор:
1) осы Кодекстiң 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) осы Кодекстiң 535-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті органға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және осы өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен немесе мұндай өзгерістер туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынуға;
4) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
5) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажет ақпаратты және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті ұсынуға;
6) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын жаңа бас қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
2. Бірінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар, пломбаларға осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтауға да міндетті.
3. Екінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар:
1) осы Кодекстiң 532-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) осы Кодекстiң 536-бабының 7-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған, кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін сақтауға;
3) кеден органдарының кедендік бақылаудағы тауарларды сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктерін), сондай-ақ осындай тауарларды есепке алу жүйесіне кеден органдары лауазымды адамдарының кедергісіз қол жеткiзуiн ұсыну туралы талаптарын орындауға міндетті.
4. Кеден органына уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзім ішінде ұсынбаған кезде уәкілетті экономикалық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Заңды тұлғаға берілген куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, осы тұлға кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде, тауарларды уақытша сақтау кезінде және өзге де жағдайларда, жасау жөніндегі міндет куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін не заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталғанға дейін туындаған кедендік операцияларды не өзге де әрекеттерді жасауға міндетті.
542-бап. Кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимылы
1. Кеден органы мен уәкілетті экономикалық оператор арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында келісім (меморандум немесе өзге де құжат) жасауға жол беріледі.
2. Уәкілетті экономикалық оператор арнаулы оңайлатуларды қолдана отырып кедендік операциялар жасауға жауапты басшылар мен штатындағы адамдар арасынан кеден органымен жалпы өзара іс-қимыл жасауға жауапты тұлғаны айқындауы мүмкін.
3. Кеден органдары арнаулы оңайлатуларды қолдану кезінде, оның ішінде штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті экономикалық операторлармен өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында кеден органдарының мұндай өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарын айқындауы мүмкін.
4. Кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 543-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
543-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың жауаптылығы
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
544-бап.Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) осы Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат);
2) «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
545-бап. Жалпы өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттерге осы Кодекстің 552 - 570-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып қолданылады.
3. Комиссияның кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енген күнге қолданыста болатын шешімдері өзінің заңдық күшін сақтайды және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қабылданатын кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер ол күшіне енген кезге күшіне енбесе, онда олар күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады.
5. Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына қарай кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен тәсілдерін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай кедендік баждарды, салықтарды төлемей мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның шетелдік жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан, кедендік баждарды, салықтарды төлемей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өзінің болу кезеңіне әкелуі мүмкін, бұрын тұтынуда болған осындай тауарлардың тізбесі мен санын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін адамдарға және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарының шығарылу кезін және қозғалтқышының жұмыс көлемін анықтау тәртібін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
6. Комиссияның осы Кодекстiң 227-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы Кодекстiң 227-бабы 9-тармағының орындалуын қамтамасыз ететін жалпы процестің іске асырылуы басталғанға дейін 2010 жылғы 21 мамырдағы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім қолданылады.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 552-бабының 2-тармағында көрсетілген халықаралық шарттар осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 552-бабының 2-тармағында көзделген, Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана және осы Кодекстiң 555-бабы ескеріле отырып, осы Кодекске қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
8. Комиссияның осы Кодекстiң 289-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 298-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін осы Кодекстің 289-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны, ал осы Кодекстің 298-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеу үшін база болып табылады.
9. Комиссияның осы Кодекстiң 469-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін Кеден одағы Комисиясының «Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібінің 24-тармағының ережелері қолданылады.
10. Кеден одағы Комиссиясының «Арнайы кедендік рәсім және осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы Шешімінде және Кеден одағы Комиссиясының «Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктерді, кедендік баждардан, салықтардан толық босатуды қолдану, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы» 2010 жылғы 16 шілдедегі шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлардың санаттарына қатысты Комиссияның осы Кодекстің 337-бабына сәйкес осындай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын және тауарлардың мұндай санаттарына қатысты оны қолдану тәртібін реттейтін шешімдері күшіне енгенге дейін осындай тауарларға арнайы кедендік рәсім Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына сәйкес Комиссияның тауарлардың санаттарын айқындаған, көрсетілген шешімдерінде айқындалған шарттарда қолданылады.
546-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну туралы өтпелі ережелер
1. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес көзделген шешімдері күшіне енгенге дейін алдын ала ақпарат кеден органдарына 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісімге сәйкес қабылданған Комиссия актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен ұсынылады.
2. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес қабылданған және алдын ала ақпараттың құрамын, мұндай ақпараттың құрылымы мен форматын, оны ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін, көліктің бір түрімен тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылатын алдын ала ақпаратты кеден органдарына ұсынуға міндетті не құқылы тұлғаларды айқындайтын шешімдерінің күшіне енуіне қарай алдын ала ақпарат осындай шешімдерге сәйкес ұсынылады.
3. Кедендік декларациялануы осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 31-бабы 17-тармағының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 31-бабының 17-тармағында көрсетілген актісі күшіне енгенге дейін қолданылады.
547-бап. Әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларын қолдану туралы өтпелі ережелер
1. Осы Кодекстің 55, 56, 57, 58-баптарының, 63-бабы 6-тармағының, 79-бабы 7-тармағының, 180-бабы 7 мен 10-тармақтарының және 397-бабының ережелері Одақ туралы шарттың 102-бабының 1, 3 - 5-тармақтары ескеріле отырып қолданылады.
2. Комиссияның осы Кодекстiң 79-бабының 7-тармағында көрсетілген, тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін тарифтік преференциялар кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін тауарлардың шығарылған жері расталған және тарифтік преференциялар берудің өзге де шарттары сақталған кезде қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
548-бап. Осы Кодекстiң 65-бабына өтпелі ережелер
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстiң 65-бабы 19-тармағының ережелері 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
549-бап. Осы Кодекстiң 78-бабына өтпелі ережелер
Алдағы кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген ақшаны аванстық төлемдер деп тану мүмкіндігі бөлігінде осы Кодекстің 78-бабы 1-тармағының ережелері кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне аванстық төлемдерді есепке жатқызу мүмкіндігі бөлігінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуді көздейтін халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап қолданылады.
550-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 89-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі
1. Кеден органдарының талаптары немесе төлеушінің талабы бойынша:
1) кеден органы төлеушіге кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды есептеуге (есепке жазуға) немесе төлеуші есептеген олардың сомасын, сондай-ақ есепке жазылған өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын қайта қарауға құқылы;