41-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Өздері шығарған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша Қазақстан Республикасының банктері арасындағы төлемдерді өңдеу және төлемдер клирингі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының резидент банктері шығарған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесін осы жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операциялық және технологиялық функцияларды жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операциялық орталығына беру не арнайы ұйым құру арқылы ұйымдастыруға құқығы бар.
Мұндай арнайы ұйымның қызметін жүзеге асыру және төлем карточкалары эмитенттерінің - банктердің аталған ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША
42-бап. Электрондық ақша эмитенттері, иелері және электрондық ақша жүйесінің операторы
1. Электрондық ақша эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануға (көрсетілуге) тиіс.
2. Электрондық ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығаруға құқылы.
3. Мыналар:
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалар;
2) агенттер;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін.
4. Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған кезден бастап туындайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақша эмитенті шарт негізінде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан және тапсырмасы бойынша электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік беруге құқылы.
Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы немесе оңайлатылған сәйкестендіру жолымен жүргізеді.
Электрондық ақша иесін оңайлатылған сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеп және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану арқылы қашықтық тәсілімен жүргізеді.
Электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеген кезде қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде оны салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
6. Электрондық ақша эмитентінің өзі немесе банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған тиісті шарттың негізінде электрондық ақша жүйесінің операторлары болып табылуы мүмкін. Электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша жүйесінің операторы (егер ол электрондық ақша эмитенті болып табылмаса) арасындағы қатынастар осы Заңмен және олардың арасында жасалған шартпен реттеледі.
7. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес және өзіне электрондық ақша эмитенті (эмитенттері) берген өкілеттіктердің негізінде оның (олардың) атынан жеке тұлғалармен, агенттермен, дара кәсіпкерлермен және электрондық ақша жүйесіне қатысатын заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқылы. Бұл жағдайда электрондық ақша иесі электрондық ақша жүйесінің операторымен жасасқан шарт осы шарт жасалған күннен кейін электрондық ақша жүйесіне қатысушылар болған электрондық ақша эмитентін (эмитенттерін) қоса алғанда, бір жүйенің шеңберінде өзі (өздері) шығарған электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа теңестіріледі.
8. Электрондық ақша эмитентінің электрондық ақша шығару жөніндегі қызметті тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін осы Заңда, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарды және шектеулерді ескере отырып қамтамасыз етуге міндетті.
Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу туралы шарттың талаптарына сәйкес электрондық ақша иесінің алдында электрондық ақшаға рұқсатсыз қол жеткізу немесе оларды рұқсатсыз пайдалану, сондай-ақ электрондық ақша эмитентін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы не электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуіндегі қателер немесе іркілістер салдарынан электрондық ақша иесіне келтірілген залал үшін жауаптылықта болады.
Электрондық ақша эмитенті - банк лицензиясының және (немесе) лицензиясы қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған күннен бастап электрондық ақша жүйесінің операторы осы эмитент шығарған электрондық ақша бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен тоқтатады.
43-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу
1. Электрондық ақша эмитенті жеке тұлғалардан немесе агенттерден растауды ұсына отырып, электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегере отырып, өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада ақша алғаннан кейін электрондық ақша шығаруды жүзеге асырады. Электрондық ақша эмитенті өзі шығарған электрондық ақшаны олардың Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы номиналды құнына сәйкес өтеу жөніндегі шартсыз және кері қайтарылмайтын ақшалай міндеттемені қабылдайды.
2. Электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін электрондық ақша шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар етеді.
3. Электрондық ақша эмитентінің электрондық ақша шығарған кезде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ электрондық ақша эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін ақы алуы жасалған шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі - жеке тұлға арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шартымен реттеледі.
5. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шарты жасалғанға дейін электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша иесі атынан әрекет ететін электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесіне қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаға:
1) электрондық ақша эмитентінің және электрондық ақша жүйесі операторының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ егер электрондық ақша жүйесінің операторы банк болып табылмаса, оның тіркеу нөмірі туралы;
2) электрондық ақшаны пайдалану шарттары туралы;
3) электрондық ақша эмитентінің және (немесе) электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу кезінде электрондық ақша иесінен алынатын комиссиялық сыйақыны алу мөлшері мен тәртібі туралы;
4) электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен байланысқа арналған ақпаратты қоса алғанда, наразылықтар беру тәсілдері мен оларды қарау тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
6. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген талаптардан басқа, электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шартында:
1) электрондық ақшаны шығару (сатып алу) талаптары;
2) электрондық ақшаны пайдалануға белгіленетін шектеулерді қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары;
3) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаға және оларды пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға құқықтарын куәландыру тәртібі;
4) электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тәртібі мен тәсілдері және оны өтеу тәртібі;
5) электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі арасында ақпарат алмасу тәртібі, оның ішінде электрондық ақша эмитентін электрондық ақшаға қол жеткізуге бақылаудың жоғалғаны немесе оларды рұқсатсыз пайдалану туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімдері;
6) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы қамтылуға тиіс.
7. Агент тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу және сатып алу тәртібі мен талаптары айқындалатын, электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізуді не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды жүзеге асырады.
44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Электрондық ақшаны оның иесі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық ақша жүйесі қағидаларында айқындалған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шарттарда өзге де операцияларды жүргізу мақсатында пайдаланады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Электрондық ақша пайдаланылатын төлемдер мен өзге де операцияларды олардың иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады.
Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша электрондық ақша эмитентінің өтеуіне және агентке өткізуіне (агенттің сатып алуына) жатпайды.
2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау кезінде дара кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны төлемақы ретінде қабылдауы электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны алған дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қабылданған төлем сомасында электрондық ақша эмитентіне ақшаны талап ету құқығы туындайды.
3. Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ болғызбау мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастырушылық пен рәсімдік іс-шараларды қамтамасыз ету және енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.
Электрондық ақша жүйесінің операторы «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады. Электрондық ақша эмитенті қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға банк болып табылмайтын электрондық ақша операторлары туралы мәліметтерді олармен тиісті шарт жасасқаннан кейін береді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Электрондық ақша иесі - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі - жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды.
Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі - жеке тұлғаның электрондық әмиянында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі - жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі - жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаның сәйкестендірілген не оңайлатылып сәйкестендірілген иесінің электрондық әмиянына электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егер электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша иесі - жеке тұлға арасында жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, электрондық ақшаны өтеуді электрондық ақша эмитенті оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын сәйкестендірілген электрондық ақша иесінің - жеке тұлғаның банктік шотына аудару не оған қолма-қол ақшаны беру арқылы жүзеге асырады.
7. Электрондық ақшаның иесінен электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу кезінде комиссиялық сыйақыны, сондай-ақ электрондық ақшаның эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін төлемді алу электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Егер электрондық ақша эмитенті мен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзгеше мерзім көзделмесе, электрондық ақша эмитенті азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде жеке тұлғалардан дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақшаны олардың пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеуді жүзеге асырады.
Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізген, электрондық ақшаны пайдалана отырып, сыйақы төлеген, электрондық ақша пайдалануды ынталандырумен байланысты төлем кезінде заңды тұлғаның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға электрондық ақшаны аударуына жол беріледі.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезінде ақшаны қайтару үшін осы Заңда көзделген негіздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылған жағдайда, оларды ақы төлеуші - жеке тұлғаға қайтару кезінде өтелуге жатпайды.
Егер электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша жүйесінің операторы және электрондық ақша иесі арасын да жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар иелері болып табылатын электрондық ақшаны өтеу оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Электрондық ақша иелері және оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді тұлғаларға электрондық ақшаның эмитенті не электрондық ақша жүйесінің операторы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шектерде береді.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның банктік шотына немесе электрондық төлем құралына ақша аудару арқылы электрондық ақшаны өтеуді банктік шоттың немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілілігі туралы растауды алмай жүзеге асыруға тыйым салынады.
9-тарау. ТАПСЫРМА НЕМЕСЕ ТАЛАП НЫСАНЫНДАҒЫ НҰСҚАУДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
45-бап. Тапсырма немесе талап нысанында нұсқау беру
1. Тапсырма немесе талап нысанындағы нұсқау электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіштегі нұсқау белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді және:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес деректемелер;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бастамашының қолтаңбасы және Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғалар шыққан елдің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ бейрезидент - заңды тұлғаларын қоспағанда, мөрінің бедері қамтылуға тиіс.
2. Ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды және оны кері қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді өзі белгілеген операциялық күн ішінде ғана қабылдауды жүзеге асырады.
3. Егер нұсқау немесе оны кері қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкім ақша жөнелтушінің банкі белгілеген операциялық күн аяқталғаннан кейін алынса, онда осындай нұсқауды немесе өкімді ақша жөнелтушінің банкі келесі операциялық күннің басында алды деп есептеледі.
4. Нұсқауды, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді беру:
1) қағаз жеткізгіште жасамастан, тиiстi электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып, электрондық тәсілмен беру арқылы;
2) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар желісін пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде электрондық жеткізгіште;
3) қағаз жеткізгіште орындалған төлем құжатының, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімнің түпнұсқасын ұсыну арқылы жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілерінде белгiленген талаптар сақталған кезде ғана нұсқауды, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тәсілмен немесе электрондық жеткізгіште беруге рұқсат етіледі.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында қағаз жеткізгіште ғана пайдаланылуы көзделген нұсқауды электрондық тәсілмен беруге тыйым салынады.
7. Егер бастамашы банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентi болып табылса, бастамашының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға нұсқау беруінің тәсілдерi, тәртібі және талаптары олардың арасындағы шартта көрсетiледi. Егер бастамашы банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентi болып табылмаса, онда нұсқау беру осы Заңның нормаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледі.
8. Нұсқау, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкім қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады. Басқа да тілдерді пайдалану мүмкіндігі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мен оның клиенті арасындағы шартта белгіленеді.
46-бап. Нұсқауды орындау
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды қабылдаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жасау, беру тәртібіне қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарға оның сәйкестігін тексеруге және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, нұсқауда көрсетілген талаптарды сақтай отырып орындауға не оны орындаудан бас тартуға міндетті.
2-тармақтың бірінші бөлігі 2017 ж. 1 маусымға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2. Инкассолық өкім арқылы берілген нұсқауды орындауды банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, инкассолық өкімнің белгіленбеген мерзімдерде орындалуын, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірмей жасайды.
3. Бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда ашылған банктік шоттар арасында ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі операциялық бір күн ішінде жүзеге асырады.
4. Халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып, нұсқаудыалған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірілмей орындалады.
5-тармақтың бірінші бөлігі 2017 ж. 1 маусымға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
5. Бенефициардың банкі бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды алған операциялық күннің ішінде нұсқауды орындаудан бас тартады.
6. Егер ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ақша жөнелтуші банк нұсқауды орындау үшін, ақша жөнелтуші оны орындау үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды орындаудан бас тартуы мынадай негіздер бойынша:
1) егер шартта төлем қызметтерін берушінің клиентке осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін кредит беру бойынша қызметтер көрсетуі көзделмесе, ақша жөнелтуші төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген кезде;
2) егер нұсқауда қолдан жасау, түзету, толықтыру және бүліну белгілері болса, оның ішінде, нұсқау жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібі бұзыла отырып берілсе;