2-тармақтың 3) тармақшасының елу бесінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
2-тармақтың 3) тармақшасының елу алтыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
23-2) негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін пәндер бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
2-тармақтың 3) тармақшасының елу жетінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
23-3) жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін пәндер бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;»;
26-1) және 27-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;»;
«27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 27-2) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;»;
«29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
36-1) тармақшадағы «жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-2), 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
«38-1) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38-2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекітеді;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
43-1) тармақшадағы «техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн» деген сөздер «техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
44-1) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
46-9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-10), 46-11), 46-12), 46-13) және 46-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-11) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
46-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 8-1), 8-3), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 36), 38), 38-1), 38-2), 44-3), 44-5), 46-8) және 46-11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;
4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:
1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
7) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;
11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
16) әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекітеді;
17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;
18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 6-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшадағы «жалпы білім беретін» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «жалпы орта білім берудің», «білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер тиісінше «жалпы білімнің», «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін» деген сөздер «мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшада:
«білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін» деген сөздер «мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;»;
24-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-5) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 24-8) тармақшамен толықтырылсын:
«24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;»;
3-тармақта:
5) тармақшада:
«білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін» деген сөздер «білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін» деген сөздер «мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;»;
13) тармақшадағы «жалпы білім беретін» деген сөздер алып тасталсын;
22) тармақшадағы «білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-7) тармақшадағы «мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн» деген сөздер «мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;»;
5) тармақшадағы «арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін» деген сөздер «мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;»;
21-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-5) тармақшамен толықтырылсын:
«21-5) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасайды;»;
6) 8-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге жұмысшы біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.»;
үшінші бөліктегі «Әскери» деген сөз «Әскери, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;»;
4-1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және білім алып жатқан балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары қолданылмайды.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және білім алып жатқан балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
5-тармақтағы «бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға» деген сөздер «орта бiлiм беру ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын:
«8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.»;
8) 10-бапта:
1) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «меншiк нысандарына,» деген сөздер алып тасталсын;
9) 11-баптың 14) тармақшасындағы «мүмкіндігі шектеулі балалардың» деген сөздер «ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-баптың бірінші абзацындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 13-баптың екінші бөлігіндегі «білім беретін оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «беретін оқу» деген сөздер «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
үшінші бөліктегі «мамандандырылған білім беретін» деген сөздер «мамандандырылған жалпы білім беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «арнайы білім беретін оқу» деген сөздер «арнайы оқу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары бойынша білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған.
Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:
1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;
2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;
3) жоғары бiлiмнің;
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.»;
4, 5 және 6-тармақтардағы «білім берудің білім беретін оқу», «білім беретін оқу» деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын
7-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтағы «оқыту» деген сөз «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 16-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі және 2-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.»;
14) 17-бапта:
тақырыптағы және мәтіндегі «білім берудің білім беретін оқу», «Білім беретін оқу», «курстарының білім беретін оқу», «білім беретін оқу», «оқу бағдарламаларының» деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «Білім беру», «курстарының білім беру», «білімнің білім беру», «бағдарламалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «техникалық және қызмет көрсету еңбегінің бұқаралық кәсіптері бойынша кадрлар» деген сөздер «білікті жұмысшы кадрлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.»;
15) 19-бапта:
тақырыптағы «Арнайы білім беретін оқу» деген сөздер «Арнайы оқу» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.»;
2-тармақтағы «жалпы білім беретін арнайы түзеу» деген сөздер «арнайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Арнайы жалпы білім беретін оқу» деген сөздер «Арнайы оқу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жалпы білім беретін мектептерде» деген сөздерден кейін «, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталған.
2. Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді көздейді.
Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:
1) біліктілік (разряд, сынып, санат);
2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.
Оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.
21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары «бакалавр» дәрежесін немесе «маман» біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған.
«Бакалавр» дәрежесі беріліп немесе «маман» біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мiндеттi құрамдас бөлiктің және таңдау бойынша құрамдас бөлiктің пәндерін қамтиды. Білім алушының таңдауы бойынша құрамдас бөліктегі пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөліктің пәндерін мазмұндық жағынан толықтыруға тиіс.
Жоғары оқу орындары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын конкурстық негізде әзірлеуге және енгізуге құқылы.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады және ол кемінде төрт жыл болуға тиіс.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары оқу орындары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
5. Интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
17) 22-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; кәсіптік практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.»;
18) 23-бапта:
тақырыптағы және мәтіндегі «білім берудің білім беретін оқу», «оқу бағдарламалары» деген сөздер тиісінше «білім беретін білім беру», «бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.»;
19) 25-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді.»;
1-1-тармақтағы «білім беру ұйымдарына» деген сөздер «жоғары оқу орындарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетін қабылдау қағидаларымен белгiленедi.»;
3-тармақтағы «білім берудің кәсіптік оқу», «кәсіптік оқу», деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «білім беру», деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.»;
7-тармақтағы «кәсіптік» деген сөз алып тасталсын;
8-тармақта:
«білім беретін кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.»;