Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы
(2016.23.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 117-құжаттар; №21-I, 124, 126-құжаттар; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат):
1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;
2) 24-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің, 2, 3 және 4-тармақтарының, 37-баптың 5-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының, 48-баптың 2-тармағының, 97-баптың 6-тармағы 1) және 3) тармақшаларының;
3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсаттарында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;
2016.23.12. № 32-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына - уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылымдар) үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2016.23.12. № 32-VI ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 126-құжат) қолданысқа енгізілуі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы маусымның 30-ы.
№ 5-VI