3) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқама жүргізуге;
4) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға;
5) жіберуші тараптың он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерінің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге;
6) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды қолмен көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге;
7) авариялық жағдайдың дамуын және жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жарақаттайтын факторлардың әсер етуін болғызбау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға;
8) жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалары мен кәсіптік ауруларын талдауды жүзеге асыруға;
9) жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды жіберуші тараппен бірлесіп тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
10) осы Кодексте көзделген жағдайларда, персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген тәртіппен жіберуші тарапты дереу хабардар ете отырып, жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыстан шеттетуге міндетті.»;
15) 186-бапта:
2 және 3-тармақтар «жұмыскерлер», «жұмыскер», «жұмыс берушінің», «жұмыс беруші», «жұмыскердің» деген сөздерден кейін тиісінше «, жіберуші тараптың жұмыскерлері», «, жіберуші тараптың жұмыскері», «немесе қабылдаушы тараптың», «немесе қабылдаушы тарап», «, жіберуші тарап жұмыскерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірістегі кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін, сондай-ақ жіберуші тараптың өкілін объектіге не жұмыс орнына жіберу үшін қабылдаушы тарап жауапты болады.»;
16) мынадай мазмұндағы 187-1 және 188-1-баптармен толықтырылсын:
«187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері
1. Қабылдаушы тарап:
1) жіберуші тараптың зардап шеккен жұмыскеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) тергеп-тексеру басталғанға дейін еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орнындағы жағдайды (жабдық пен механизмдердің, еңбек құралының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, ал өндірістік процестің үздіксіздігін бұзу аварияға алып келмесе, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға орнын фотосуретке түсіруге;
3) жіберуші тарапқа жазатайым оқиға туралы дереу хабарлауға;
4) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға орнына жіберуге міндетті.»;
«188-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы
1. Арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларды қоспағанда, жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде қабылдаушы тараптың актісімен құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
1) төраға - қабылдаушы тарап ұйымының (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде - қабылдаушы тараптың уәкілетті өкілі;
2) төрағаның орынбасары - жіберуші тарап ұйымының басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде - жіберуші тараптың уәкілетті өкілі;
3) мүшелері - ұйымның (қабылдаушы тарап) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және жіберуші тарап жұмыскерлерінің өкілі.
2. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін қабылдаушы тараптың лауазымды адамы тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
3. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде құратын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
1) төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
2) мүшелері - қабылдаушы тарап ұйымының (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ жіберуші тарап ұйымының басшысы немесе оның орынбасары және жіберуші тарап жұмыскерінің өкілі.
Еңбек қызметіне байланысты, екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Еңбек қызметіне байланысты, үштен бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құратын, ал бестен көп адам қайтыс болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия жүргізеді.».
4. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ақпаратты экономикалық қызмет түрлерін штаттық кестеге немесе сақтанушы беретін және (немесе) сақтандырушы сұрататын өзге де ақпаратқа сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың сәйкестігі тұрғысынан тексеруге;»;
2) 11-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы.»;
3) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтанушы қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес кәсіптік тәуекел сыныбы бар экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.».
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат):
1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағында көзделген квоталар белгіленген кезде жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды.»;
2) 33-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 19 желтоқсан
№ 386-VІ ҚРЗ