Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.
V бөлiм. Қорытынды ережелер
29-бап Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы
Осы Заңның ережелерi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
30-бап Осы Заңның қолданылу аясын шектеу
Осы Заңның ережелерi шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.
31-бап Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының