екінші бөліктегі «Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің» деген сөздер «Жекеменшік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің» деген сөздер «Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.»;
19) 53-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Педагог қызметкерлер» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне» деген сөздер «, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1 және 2-2-тармақтардағы «білім беру саласының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «грант;» деген сөз «грант төленеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
20) 65-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «педагог» деген сөз «педагогтер» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2015 ж., № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
1) 6-баптың 6-тармағындағы «ғылыми және педагог қызметкерлер» деген сөздер «педагогтер және ғылыми қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларындағы «педагог қызметкерлердің», «педагог қызметкерлерді» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат):
1) 35-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге - жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;»;
2) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «педагог қызметкерлерi» деген сөздер «педагогтері» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
9-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «ғылыми және педагог қызметкерлер» деген сөздер «педагогтер және ғылыми қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан
№ 294-VІ