Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілсе және осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілсе, үшінші типтегі куәлікті беруге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үшінші типтегі куәлікті беруге өтініш тіркелген күнге дейін қамтылатын уақыт кезеңі үшін ғана көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей үшінші типтегі куәлік беру не бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган осындай куәлікті беру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Өтінішке онда мәлiмделген мәлiметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтінішпен бірге уәкілетті органға құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәлiметтерді және (немесе) олардағы мәліметтерді уәкілетті органның кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимыл шеңберiнде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса, ұсынылмауы мүмкін.
6. Бiрiншi және екінші типтегі куәлiктердi ала отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу үшiн өтініш иесі бір өтiнiш беруге құқылы.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкiлетті орган өтініш уәкiлетті органда тiркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау туралы не оны қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, уәкiлетті орган бұл туралы өтініш иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
8. Уәкiлетті орган мынадай жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады:
1) өтінішті белгіленген нысанға сәйкес толтырылмау не электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы мұндай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмейді;
2) өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді өтініште көрсетпеу;
3) өтінішті осы Кодекстің 534-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiмінен алып тасталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін беру.
9. Уәкiлетті орган өтінішті уәкiлетті органда тiркелген күнінен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзімде қарайды.
10. Осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер өтінішті берген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болмаса, ал онда көрсетілген мәліметтерді өтініш иесі құжатпен растамаса, уәкiлетті орган өтініш уәкiлетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай құжаттарды бір ай ішінде ұсыну қажеттігі туралы өтініш иесіне хабарлайды.
11. Өтінішті қарау мерзімінің өтуі осы баптың 10-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар ұсынылған күнге дейін не оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
12. Өтініш иесі осы баптың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттарды ұсынбаған кезде уәкiлетті орган өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру мақсатында осы Кодекстің 445-бабына сәйкес кеден органы жіберетін, құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмесін ұсыну туралы сұрау салу өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Егер осы Кодекстің 445-бабында көзделген мерзімдер ішінде осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шарттардың сақталмағаны туралы мәліметтер қамтылмаған жауап алынса не мұндай жауап алынбаса, кеден органына сұрау салу жіберілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің мұндай шарттары сақталды деп есептеледі.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Бiрiншi немесе екінші типтегі куәлiктi бере отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша, егер уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз ету мұндай тiзiлiмге енгізудің шарты болып табылса, уәкілетті орган тұлғаны осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) «, 8) және 11) тармақшаларында немесе 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарды сақтау туралы хабардар етеді не осындай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар уәкiлетті орган көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Бұл ретте уәкiлетті орган көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылған күнге дейінгі кезеңге өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
16. Уәкiлетті орган уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
17. Егер осы баптың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылмаса не ұсынылған құжаттар уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растамаса, уәкiлетті орган көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
18. Екінші типтегі куәлiктi, егер уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз ету осындай тізілімге енгізудің шарты болып табылмаса не үшінші типтегі куәлiктi бере отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкiлетті орган осы баптың 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы не осындай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Кодекстің 532-бабында белгіленген шарттардың сақталмауы уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
534-бап. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтініші;
2) уәкілетті экономикалық операторға қатысты банкроттық рәсімді қозғау;
3) уәкілетті экономикалық оператордың осы Кодекстің 541-бабында көзделген міндеттерді орындамауы;
4) егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарты болып табылса, мұндай қамтамасыз етудің осы Кодекстің 535-бабында көзделген мөлшерде болмауы;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына, 419-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамау не тиісінше орындамау, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды белгіленген мерзімде төлемеу;
Хабарламаға осы Кодекстің 55-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалған жағдайда, куәліктің қолданысын тоқтата тұру шағым бойынша шешім шығарылғаннан немесе шағым жасалған хабарлама бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) туындауы;
6) уәкілетті экономикалық оператордың Қазақстан Республикасынан басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттерде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндетінің бар екендігі туралы ақпарат;
7) осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің болмауы немесе осындай тауарларды есепке алу жүйесінің уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;
8) уәкілетті экономикалық оператордың қаржылай орнықтылығының осы Кодекстің 532-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалған мәндерге сәйкес келмеуі, егер уәкілетті экономикалық оператордың қаржылай орнықтылығының осы мәндерге сәйкес келмеуі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
9) уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтауына арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болмауы, егер мұндай талаптарды сақтау уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
10) құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне), уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарына, жұмыскерлеріне осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтамау, егер мұндай талаптарды сақтамау уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлер, мұндай заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235-1, 236, 238, 239, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау;
мұндай заңды тұлғалардың уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларына қатысты, іс жүргізу кеден және өзге де мемлекеттік органдардың қарамағына жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің заңнамасында куәліктің қолданылуын тоқтата тұру үшін негіздер ретінде айқындалған қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) жасау белгілері бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген өзге мемлекетте қылмыстық іс қозғау;
12) осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды орындамау;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің бар екендігі туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган мұндай куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кеден органы оны қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті экономикалық операторды тоқтата тұру негіздерін көрсете отырып, мұндай шешім туралы хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы ақпаратты аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына жеткізеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5), 5-1), 6), 7), 8), 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор кеден органына куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растауға міндетті.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер уәкілетті экономикалық оператор куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растаса, уәкілетті орган мұндай растауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәліктің қолданылуын қайта бастайды және бұл туралы уәкілетті экономикалық операторға, аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына ақпарат береді.
Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы куәліктің қолданылуы қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
6. Осы баптың 1-тармағы 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған куәліктің қолданылуы:
1) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
2) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қылмыстық істі тоқтату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қайта басталады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Осы баптың 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған куәліктің қолданысы соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулының күшін жою не істі тоқтату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта басталады.
7. Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен өзін алып тастау туралы уәкілетті экономикалық оператордың кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
2) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
3) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) уәкілетті экономикалық оператордың куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растамауы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды тұлғаны бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісін растайтын шешімінің күшіне енуі;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) куәлігі бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызына ие осы заңды тұлғаның акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235-1, 236, 238, 239, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісін растайтын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;
осы заңды тұлғаның куәлік бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері болып табылатын жеке тұлғаларды, оның құрылтайшыларын (қатысушыларын), басшыларын, бас бухгалтерлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастау үшін негіз ретінде айқындалған қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактісін растайтын сот үкімінің күшіне енуі;
7) осы Кодекстің 541-бабында көзделген, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерін күнтізбелік жыл ішінде екі және одан көп орындамауы.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Уәкілетті орган осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер туындаған немесе олар туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
Егер уәкілетті экономикалық операторға қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілсе, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастау осындай тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Заңды тұлға осы баптың 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілуі мүмкін.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алып тастау негіздерін көрсете отырып, бұл туралы уәкілетті экономикалық операторды хабардар етеді, сондай-ақ аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына бұл туралы ақпаратты жеткізеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Осы баптың 8-тармағында көзделген уәкілетті органның уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
535-бап. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету
1. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мұндай қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылған жағдайларда беріледі.
2. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық оператордың кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу міндетінің орындалуын осы Кодекске сәйкес мұндай уәкілетті экономикалық оператордың осындай кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу міндеті туындаған не оның кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндеті болған жағдайларда қамтамасыз етеді.
3. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға не осындай тізілімге енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету немесе қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру үшін уәкілетті органға береді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті экономикалық оператор міндетін орындау осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.