1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті және қатерлерді анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды мониторингілеу;
2) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинау, шоғырландыру және сақтау;
3) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдау;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын өзге де талаптар көзделеді.
6. Банктер ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсынады.
7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының елеулі екендігі туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпарат, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты жіберуге құқылы.».
9. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №10, 108-құжат; №12, 184-құжат; 1998 ж., №23, 416-құжат; №24, 436-құжат; 1999 ж., №8, 233-құжат; №23, 920-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №20, 257-құжат; 2002 ж., №6, 72-құжат; №17, 155-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; №10, 48-құжат; 2011 ж., №1, 3, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №8, 63-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №2, 10-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 33-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №21, 118-құжат; 2015 ж., №21-III, 135-құжат; №22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., №23, 118-құжат; №24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №8, 16-құжат; №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №16, 56-құжат):
1) 1-1-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет;»;
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;»;
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 21-2), 21-3), 21-4), 21-5), 21-6), 21-7) және 21-8) тармақшалармен толықтырылсын;
«21-2) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
21-3) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру;
21-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21-5) қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21-6) қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу тәртібін айқындау;
21-7) қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындау;
21-8) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындау;».
10. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №4, 102-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2004 ж., №6, 41-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., №3-4, 11-құжат; №7, 32-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №8, 63-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №22-I, 141-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №1, 2-құжат; №24, 126-құжат):
7-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №21, 771-құжат; 2001 ж., №10, 122-құжат; 2003 ж., №24, 175-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №12, 77-құжат; 2007 ж., №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 7-құжат; №15-16, 74-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №22, 130-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №3, 25-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №2, 11-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №9, 18-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ресми хабар - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген, ақпарат иеленуші бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беретін және (немесе) тарататын ақпарат;»;
2) 2-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге, экстремизмді немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға тыйым салынады.
4. Бұқаралық ақпарат құралын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы Заңның мақсаты үшін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау деп Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған ақпарат туралы қоғамдық оң пікірді қалыптастыру және (немесе) шектеусіз адамдар тобын құқыққа қарсы әрекет жасауға немесе әрекетсіздікке итермелеу үшін көзқарас, фактілер, дәлелдер және өзге де, оның ішінде әдейі бұрмаланған ақпаратты тарату түсініледі.»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттары
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттары:
1) объективтілік;
2) заңдылық;
3) анықтық;
4) адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады.»;
4) 4-3-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекітеді;
12-2) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
12-3) белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекітеді;»;
13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқамалар береді;»;
5) 5-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.»;
6) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
Интернет-ресурсты желілік басылым ретінде есепке қою ерікті түрде жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралын шығару тоқтатылады.»;
7) 13-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару немесе тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын уақытша тоқтату, желілік басылымның қызметін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.»;
8) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Бұқаралық ақпарат құралдарына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда:
1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингілерде, шерулерде немесе демонстрацияларда және өзге де бұқаралық іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.»;
«3-4. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала;
2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 25-бабы 2-2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
9) 15-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы шығарылымның таралымы;»;
10) 16-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзiмдi баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының мiндеттi тегiн даналарын не олардың бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұлттық кiтапханаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жiбереді.
Мерзімді баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының міндетті тегін даналарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың «орталық» мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мiндеттi тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандары олар әзiрленген күнi уәкiлеттi органға жiберіледi.»;
«3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.»;
11) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
1. Редакция, интернет-ресурстың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық, сабақтас және зияткерлік меншiкке өзге де құқықтарды қоса алғанда, зияткерлік меншік құқығының пайдаланылатын объектілеріне, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге және қорғауға құқықтарды сақтауға мiндеттi.
2. Пайдаланушылар интернет-ресурста орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін мазмұнының мағынасын бұрмаламай қысқартуға және редакциялауға жол беріледі.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға міндеттеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жол берілмейді.
18-бап. Ресми хабарлар
1. Ресми хабар ауызша немесе жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде таратылуы мүмкін.
Ресми хабарды ауызша нысанда тарату ақпарат иеленушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамының көпшілік алдында сөз сөйлеуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ресми хабарды жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде таратқан кезде, оған ақпарат иеленушінің басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамы қол қоюға (электрондық құжат жағдайында - электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға) тиіс.
2. Ресми хабар бұқаралық ақпарат құралдарына олардың меншік нысанына және тиесілілігіне қарамастан, тең шарттарда беріледі.
3. Бұқаралық ақпарат құралының берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуына ақпарат иеленуші сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жауап ұсынуға не оны ұсыну мерзімін немесе уәжді бас тартуды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жауап беруге міндетті.
Қосымша зерделеу мен тексеруді талап ететін, берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуға қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір мәрте ұзартуы мүмкін, ол туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
4. Қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін ақпарат иеленушіге бұқаралық ақпарат құралынан берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салу келіп түскен жағдайда, осы сұрау салу екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті органдарға жіберіліп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабар берілуге тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Жазбаша немесе электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар өтініш келіп түскен тілде ұсынылады.
Берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, келіп түскен сұрау салу нысанында ұсынылады.
6. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартуға жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға бағыныстылық тәртібімен не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
12) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 және 18-3-баптармен толықтырылсын:
«18-1-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар
1. Бұқаралық ақпарат құралы ақпарат иеленушіге ресми хабарға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулармен жүгінуге құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралының журналисі ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға және әңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол туралы хабарлауға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түрінде берілген ақпаратты беру туралы сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады.
Сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Сұрау салу бойынша ақпарат беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін болса;
3) егер сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
5) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап ұсынбағаны немесе уақтылы жауап ұсынбағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағым жасау үшін бағыныстылық тәртібімен не сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
18-2-бап. Міндетті хабарлар
1. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті.
Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылатын бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
3. Міндетті хабарларды:
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар - бір тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары - осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
18-3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше)
1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ведомстволарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға тағайындалады не уәкілетті бөлімше құрылады.