197) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
198) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын бекіту;
199) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту;
200) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына орналастыру және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды бекіту;
201) кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту;
201-1) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге енгізу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын арнайы комиссияның жұмысына қатысу;
202) мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
203) жекелеген кедендік операцияларды жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту;
204) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту;
205) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
206) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
207) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
208) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, ұсыну және жасау қағидаларын бекіту;
209) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын бекіту;
210) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту;
211) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
212) этил спирті және алкоголь өнімі өндірісінің паспорты үшін қажетті мәліметтердің тізбесін бекіту;
213) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін бекіту;
214) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту;
215) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
216) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
217) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну тәртібін және нысанын айқындау;
218) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету тәртібін және нысанын айқындау;
219) темекі өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
220) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімін бекіту;
221) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
222) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібін бекіту;
223) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) және (немесе) декларанттардың не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адамдардың тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарын салық және (немесе) кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;
224) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкім аппараттары жасайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетке түсімдердің жиынтық жоспарын жасау;
225) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды тиісті қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізу;
226) жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң үш жылдық кезеңге арналған лимиттерiн келісу;
227) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту;
228) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекіту;
228-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынған мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме өткізу қағидаларын келісу;
229) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекіту;
230) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекіту;
231) іске асыру жоспарланып отырған республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісу;
232) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;
233) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесінің өндірістік процестеріне енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
234) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту;
235) квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру;
236) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін анықтау;
237) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
238) бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
239) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
239) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
240) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
240) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
241) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
241) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
242) кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту;
243) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібін, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін бекіту;
244) уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін бекіту;
245) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту;
246) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не шығарылуын мемлекеттік кірістер органдары жүргізбеген тауарларға қатысты кедендік декларациялауды, өзге де кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу қағидаларын бекіту;
247) габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органдарының рұқсат беру қағидаларын бекіту;
248) транзиттік декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен өткізу кезінде оны пайдалану тәртібін бекіту;
249) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде пайдалану қағидаларын бекіту;
250) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін бекіту;
251) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту;
252) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын бекіту;
253) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
254) теміржол тасымалдаушыларының уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту;
255) қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту;
256) тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту;
257) тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту;
258) тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту;
259) тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту;
260) консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту;
261) аванстық төлемдерді енгізу тәртібі мен нысандарын бекіту;
262) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешім нысанын бекіту;
263) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш нысанын және Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын бекіту;
264) тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдарды, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайын айқындау;
265) уәкілетті кеден органының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту;
266) шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды бекіту;
267) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламалардың нысандарын бекіту;
268) уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
269) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидаларын бекіту;
270) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары мен құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысанын бекіту;
271) кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидаларын және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидаларын бекіту;
272) тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарының, тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын тіркеу журналының нысандарын бекіту;
273) алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту;
274) апат немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту;
275) салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту;
276) бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
277) ҚР Үкіметінің 2019.26.11. № 877 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
278) кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту;
279) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ мұндай ақпараттың құрамын және оны беру тәртібін бекіту;
280) әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының және шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту;
281) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
281) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім беру қағидаларын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
282) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен тауарлардың сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту;
283) арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту;
284) нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту;
285) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту;
286) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің барын растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту;
287) кедендiк алымдар салудан босату үшін құжаттар ұсыну қағидаларын бекіту;
288) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту;
289) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын бекіту;
290) кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
291) уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;
292) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелмеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидаларын бекіту;
293) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде олардың есепке алу жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту;
294) жекелеген кедендік операциялардың тізбесін, Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындарын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайларын бекіту;
295) кеден органдары (мемлекеттік кірістер) органдары қызметінің аймақтарын анықтау;
296) кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
297) көрсеткіштері тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын есепке алу аспаптарының тұрған орындарының тізбесін бекіту;
298) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйымдар мен шектеулердің сақталуын, сәйкестендіру кедендік нөмірін, мәміле сипатын, сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерін растайтын кодтар сыныптамаларын бекіту;
299) кедендік бажды, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын салықтарды не жиынтық кеден төлемі түрінде алынатын салықтарды есептеу құрылымын, форматын және нысанын, сондай-ақ оны толтыру және оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу қағидаларын бекіту;
300) кедендік жете тексеру мен қарап тексеру қағидаларын бекіту;
301) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаның уақыты мен күнін тіркеу қағидаларын бекіту;
302) кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту, кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін ұсынылатын құжаттардың берілуін тіркеу қағидаларын бекіту;
303) кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік сүйемелдеу қағидаларын бекіту;
304) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндет жүктелмеген жеке кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
305) патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту;
306) салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған түбіртектің және салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкінің нысандарын бекіту;
307) мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту;
308) резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысандарын бекіту;
309) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
309) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту;
310) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
310) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктерден алынған Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына ақшалай қаражат төлемдері және (немесе) аударымдары туралы ақпаратты уәкілетті органға беру қағидаларын және мерзімдерін және оның нысанын бекіту;
311) екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк шоттары мен олардың нөмірлерінің болуы туралы, тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша осы шоттағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту;
312) уәкілетті мемлекеттік органдардың кірістер мен мүлік туралы ұсынылған декларациялары туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту;
313) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
313) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібін және олардың құжат айналымын бекіту;
314) мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту;
315) ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысандарын, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органдарға келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын бекіту;
316) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту;