30) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.
Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұрады.
Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 25-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 25-1-бап өзгертілдi (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 25-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
25-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап өзгертілдi
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi мемлекеттік орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келісімдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының