3. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
57-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
58-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағанға дейін өз мәртебесін сақтайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талабы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлері:
1) дерекқорлар мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтерін) пайдалана отырып, электрондық нысандағы ақпаратты сақтау және өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және ендіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін міндетті шарт болып табылмайды.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша құрылған индустриялық аймақтар өз мәртебесін сақтайды. Бұл ретте мұндай индустриялық аймақты құру туралы шешім шығарған жергілікті атқарушы орган осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген өлшемшарттар негізінде индустриялық аймақтың түрін айқындау туралы шешім шығаруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың түрін айқындау туралы шешім шығарылғаннан кейін индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын іс жүзінде орындап жүрген заңды тұлғалар республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мәртебесін алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалармен шарттар негізінде мұндай индустриялық аймақтардың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асырып жүрген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушылары мәртебесін алады.
3. Индустриялық аймақтардың осы баптың 2-тармағында көрсетілген басқарушы компаниялары мен қатысушылары арасында жасалған, индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін көздейтін шарттар қызметті жүзеге асыру туралы шарттар мәртебесін алады және оларда көзделген мерзім өткенге дейін өз қолданысын сақтайды. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды одан әрі жасасу осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ құрылғанға дейін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы» акционерлік қоғамымен осындай арнайы экономикалық аймақ үшін көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға шарт жасасқан тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып танылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде өз қызметін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қойылатын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
5. Арнайы экономикалық аймақтардың осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасқан қатысушылары өз мәртебесін сақтайды және қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиісті актіде айқындалған осы аймақтың жұмыс істеу мерзімінен асырмай арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асырады.
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 3 сәуір
№ 242-VI