78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi өздерiнiң тасымалдары, жүктерiн сақтауы үшiн пайдалануға, сондай-ақ олардың иелерiнiң рұқсатынсыз, егер бұл тиiстi шарттарда көзделмесе, тиеу үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мұндай талапты сақтамағаны үшiн кiнәлi тарап вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеумен қатар көлiк құралдары иесiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы мөлшеріндегі айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген айыппұлды төлеу кiнәлi тарапты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленген иеленушi алдындағы мүлiктiк жауапкершiлiктен босатпайды.
79-бап. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әрбір тәулiгiне жолдың теміржол бөлігі үшін, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өзінің кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темiржол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңнамасының тауарлар экспортына, импортына, транзитiне арналған құжаттарды ресiмдеу жөніндегі талаптарын мемлекеттік кіріс органдарының, шекаралық немесе басқа да түрдегі бақылау органдарының вагондар мен контейнерлердi кiдiртiп қоюына әкеп соғатындай етіп бұзғаны үшін тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдалану ақысы мөлшерiнде айыппұл алынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 79-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 79-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-1-бап. Жүктi уақтылы түсiрмегені (босатпағаны) үшін жауапкершілік
Жүк алушылар жүктердi уақтылы түсiрмеген (босатпаған) кезде тасымалдаушы вагондар айналымының технологиялық мерзімінен және жүктердi түсiру (босату) мерзімдерінен (технологиялық уақытынан) тыс жиырма төрт сағаттан артық кiдiртiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемақыны арттырады, бірақ он еседен аспайтын көлемде арттырады.
Осы төлемді алу кезінде осы Заңның 49-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
80-бап. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн жолаушыға, алушыға, егер мерзiмнiң өтiп кетуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жол жүру ақысының он процентi мөлшерiнде, бірақ жол жүру ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кетуi багаж, жүк-багаж жеткiзiлуге тиiс тәулiктегi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi.
2. Багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының, алушының өтiнiшi бойынша жалпы нысандағы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
3. Жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поезының жөнелтiлуiн кiдiрткенi, сондай-ақ баратын теміржол станциясына кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы, егер кiдiру немесе кешiгу тежеусiз күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушының шеккен залалын өтей отырып, оған кешiккен әр сағат үшiн жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Өндiрiп алынған айыппұлдың сомасы жол жүру құжатының (билеттiң) құнынан аспауға тиiс.
Жолаушы поезының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
81-бап. Багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау шарттарын бұзып тасымалдауға ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Теміржол көлiгi жүкқұжатында жүктiң атауын, оның ерекше қасиеттерiн немесе қажеттi алдын ала сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған жүктi жөнелткенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына осы жағдай салдарынан келтірілген шығындарды өтеумен қатар, тасымалдау құнының бес есе мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
2. Багажды, жүк-багажды жөнелтушi тасымалдауға тыйым салынған багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшiн тасымалдаушы алдында тасымалдау құнының бес есе мөлшеріндегі айыппұл түрiнде жауапты болады, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
82-бап. Вагонға, контейнерге артық жүк тиегенi үшiн жауапкершiлiк
Вагонға, контейнерге жүк көтерiмдiлiгiнен (сыйымдылығынан) артық жүк тиегенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына келтiрiлген залалдарды өтеумен қатар, тасымал ақысының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 83-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
83-бап. Вагондарды, контейнерлердi жүктi түсiргеннен кейiн тазаламағаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушының тазаланбаған вагонды, контейнердi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Вагонның, контейнердiң тазалауда тұрған уақытына жүк алушы тасымалдаушыға пайдаланғаны үшiн ақы төлейдi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Вагонды, контейнерді тазалаудан бас тартқаны үшін жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазалау жөніндегі жұмыстардың екі еселеген құны мөлшерінде айыппұл және тасымалдаушының вагонды, контейнерді тазалау орнына жеткізу жөніндегі шығыстары өндіріп алынады.
84-бап. Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау және пакеттеу құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн кiнәлi тараптан меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) пайдасына жоғалған мүлiктiң немесе қажеттi жөндеудiң құны, сондай-ақ жоғалған мүлiк немесе қажеттi жөндеу құнының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
85-бап. Вагондарды кiрме жолдарға берудi, олардан алып кетудi кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
1. Вагондарды кiрме жолдарға беру және олардан алып кету, кiрме жолдарды пайдалану шарттары бойынша тасымалдаушы теміржолдардың кiрме жолдарындағы тиеу және түсiру (жүктен босату) орындарына (орындарынан) вагондарды берудi, алып кетудi, қабылдауды кешiктiргенi үшiн әр вагонға сағатына айлық есептiк көрсеткiш шамасының 1,7 процентi мөлшерiнде айыппұл төлеу түрiнде жауаптылықта болады.
Айыппұл аталған шарттарда көзделген вагондарды беру, алып кету мерзiмiн бұзған кезден бастап кешiктiрiлген бүкiл уақытқа есептеледi.
2. Вагондарды отыз минуттан аз уақытқа кешiктiру есепке алынбайды. Вагондарды отыз минуттан бір сағатқа дейiнгi мерзiмге кешiктiру толық бір сағатқа есептеледi.
86-бап. Жауапкершiлiктен босату
1. Тараптар тасымалдау шартынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.
2. Егер мiндеттемелердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау:
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) еңсерілмейтін күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
2) әскери iс-қимылдың, төтенше жағдай енгізудiң;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен жарияланған жүк тасымалын, поездардың жүруiн тоқтатудың немесе шектеудiң салдарынан болса, тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
87-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату
1. Тасымалдаушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
1) жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың кiнәсiнен мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде вагондарды, контейнерлердi бермеудiң орнын осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде жүк жiберушiнiң келісімi бойынша толтырған;
3) вагондар мен контейнерлердi беру осы Заңның 47-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған немесе жүктердiң жөнелтiлуi кiдiртiлген;
4) жүк алушының жүктi дер кезiнде түсiрмеуi және алып кетпеуi салдарынан жүк бұзылған (бүлiнген);
5) багаж, жүк, жүк-багаж жөнелтушi (жүк жөнелтушi) бекiткен ақаусыз бекіту-пломбалау құрылғылары бар ақаусыз вагонда, контейнерде не ақаусыз жылжымалы құрамда жолшыбай ауыстырып тиелмей, ақаусыз қорғаныш таңбамен немесе дұрыс байламмен келген, сондай-ақ багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сақталғандығын куәландыратын басқа да белгiлерi болған;
6) жүк ерекше табиғи қасиеттерiне байланысты, сондай-ақ оны тасымалдау құжаттарында тасымалдау немесе сақтау кезiнде ерекше жағдайды немесе алдын ала сақтандыру шараларын қажет ететiн ерекше қасиеттерiн көрсетпей тапсыру салдарынан сақталмаған;
7) егер тиеу немесе түсiру (жүктен босату) жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының құралдарымен жүргiзiлiп, жүк жабық вагонға, контейнерге тиелген, түсiрiлген (жүктен босатылған);
8) жүк ашық жылжымалы құраммен тасымалдануына байланысты табиғи себептердiң салдарынан сақталмаған;
9) жүк жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жолсерiгiнiң жолбасшылығымен тасымалданған;
10) жүк жөнелтушi теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтер қате, дәл емес немесе толық емес болған;
11) жүк салмағындағы табиғи азаю, ылғалдылықтың төмендеу нормалары шегіндегі айырмашылық және таразылар көрсетуіндегі нормалардың алшақтауы, сондай-ақ жүк тасымалдаушының қатысуынсыз жүк жөнелтушi белгiлеген салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған жүк салмағында айырмашылық болған;
12) тез бүлiнетiн жүк тасымалдаудың шектi мерзiмi және температуралық режим сақталған кезде бүлiнген;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) көлiк ыдысының немесе олардың қасиеттерiнiң көзге көрiнбейтiн кемшiлiктерiнен багаж, жүк, жүк-багаж сақталмаған;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондардың, контейнерлердiң санын өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған жағдайларда жауаптылықтан босатылады.
2. Тасымалдаушының кiнәсiнен багаждың бүлiну жағдайларын қоспағанда, жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен бірге алып жүретiн багаждың сақталуына тасымалдаушы жауапты болмайды.
88-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiлiктен босату
Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
1) өзiнiң алдын ала келісімiнсiз берiлген вагондар, контейнерлер пайдаланылмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде жүктiң жол берiлген кем тиелуiн осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде тасымалдаушының келісімiмен толтырған;
3) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтындығы туралы жүк тиейтiн күннен кем дегенде жеті тәулiк бұрын ескерткен жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-1-тараумен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-1-тарау. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 88-1-бап өзгертілді
88-1-бап. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
1. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) теміржол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына жүргiзiледi.
2. Көліктік бақылауды жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасының теміржол көлігін қауіпсіз пайдалану және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтау болып табылады.
3. Уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасады, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігі саласында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдемдесуге міндетті.
Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат береді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 88-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 88-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
88-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
88-4-бап. Уәкілетті органның құқықтары
Уәкілетті орган алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) теміржол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың:
теміржол желісінің станциялық және магистралдық жолдар мен теміржолдағы кірме жолдарды күтіп-ұстауды;
жылжымалы құрамды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;
жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдаудың белгіленген ережелерін, сондай-ақ Жүктерді тасымалдау қағидасын;
теміржол көлігінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;
жасанды құрылыстарды, сондай-ақ теміржол өткелдерін күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді сақтау бөлігінде тексеруге;
3) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша акті жасауға және көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгізуге;
5) хаттамалар толтыруға, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;
6) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарап шығуға, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруге;
8) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
9) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, көлікті пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге;
10) жүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі сай келмейтін магистралдық теміржол желісінің, теміржолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін, сондай-ақ жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде пайдалануды тоқтата тұруға және тоқтатуға құқылы.
88-5-бап. Актілердің нысандары
Тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқамалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі
1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға, контейнерлерге иелік ететін тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлінген жағдайларда тасымалдаушыға кінә қоюға құқылы.
2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кінә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кінә қоя алады.
3. Өтiнiш берушiде кінә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берілуге тиiс.
4. Өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде кiнә қоюға қоса берілуге тиiс:
1) жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда - жол жүру құжаты (билет) және жазатайым оқиға туралы акт;
2) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген, жол жүргені үшін төлемді қайтару туралы талап қойылған жағдайда - жол жүру құжаты (билет);
3) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған, багажды, жүк багажды тасымалдағаны үшін тасымалдау ақысын қайтару туралы талап қойылған жағдайда - багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;
4) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - багаж, жүк-багаж түбіртегі мен коммерциялық акт;
5) жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшін тариф дұрыс қолданылмаған, багаждың, жүк-багаждың салмағы қате анықталған, тасымалдау төлемдерін айқындау кезіндегі есептеуде қате жіберілген жағдайларда - жол жүру құжаты (билет), багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;
6) жүк түгелдей жоғалған жағдайда - жүктің келіп түспегені туралы межелі станцияның белгісі қойылған жүкті қабылдау туралы түбіртек және жөнелтілген жүктің саны мен құнын растайтын құжат;
7) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты, межелі станция берген коммерциялық акт және жөнелтілген, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жүктің саны мен құнын растайтын құжаттар.
Жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы есеп айырысу нормаланған және іс жүзіндегі ылғалдылық ескеріле отырып, жүргізілетін жүк жетіспеген жағдайда, кінә қоюға жүкті жөнелту және беру кезіндегі оның ылғалдылығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Жүкті беру кезінде оның бағасын арзандату немесе сортын төмендету жүргізілген жүк бұзылған (бүлiнген) жағдайда кінә қою актісіне сараптама актісі қоса беріледі;
8) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты;
9) тариф артық төленген жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты немесе жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек және төленгенін растайтын құжаттар;
10) тасымалдау орындалмаған жағдайда - тасымалдаушының жүкті қайтарғаны туралы белгісі қойылған жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек;
11) жүк тасымалдаумен байланысты алымдар мен айыппұлдар артық төленген жағдайда - олардың есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттар;
12) тасымалдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлерді жоғалтқан, зақымдаған жағдайда - межелі станциядағы тасымалдаушының вагондардың, контейнерлердің жеткізілмегені туралы белгісімен жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, техникалық паспорттар мен оларға меншік құқығын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттар.
5. Бір кінә қоюда осы бапта көрсетілген әртүрлі жағдайлар бойынша талаптар біріктірілмеуі тиіс.
Жүктің жоғалғаны, жетіспеуі, бүлінгені немесе бұзылғаны үшін кінә қою әрбір жөнелтілім бойынша жеке қойылады.
Бір атаудағы, бір станцияда бір ғана жүк жөнелтуші бір межелі станцияға бір жүк алушының мекенжайына жөнелткен жүктер бойынша тасымалдауды ресімдеу кезінде тасымалдаушы олар бойынша бір коммерциялық акт жасаған жүк жөнелтілімдері тобы бойынша бір кінә қоюды ресімдеуге рұқсат етіледі.
Маршруттық немесе топтап тасымалданған жүктер бойынша кінә қою коммерциялық актіде көрсетілген вагондар санына қойылады.
Жүкті жеткізу мерзімі асып кеткен кезде олар бір тәулік ішінде келсе, бірнеше жүк жөнелтілімін бір кінә қоюда біріктіруге рұқсат етіледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 89-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-1-бап. Кінә қоюды ресімдеу
1. Кінә қоюда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кінә қоюшы өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, оның жасалған күні;
2) олардың негізінде кінә қойылған мән-жайлар;
3) өтінім берушінің талаптары, кінә қойылған сома және оның есептеулері, банктік деректемелері;
4) кінә қоюға қоса берілетін құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдемелердің тізбесі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғадан келген кінә қоюға өтініш беруші өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беріп, қол қояды.
Заңды тұлғадан түсетін кінә қоюға ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және ол мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.
3. Жүк жөнелтушіге жүктің қабылданғаны туралы түбіртек және жүк алушыға жүкқұжат электрондық деректер алмасу жүйесі арқылы берілген жағдайда, өтініш беруші жөнелтілім нөмірін, жүктің тасымалдауға қабылданған күнін және тасымалдаушының ақпараттық жүйелеріндегі электрондық досьесінің тіркеу деректерін көрсетеді.
90-бап. Кiнә қоюдың мерзiмдерi
1. Тасымалдау шартынан туындайтын кiнәнi тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қоюға болады.
Кiнә қою мерзiмдерi мыналарға қатысты:
1) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны үшiн шығынды өтеуге жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан жетi тәулiк өткеннен кейiн;
2) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн шығынды өтеуге берiлген күннен бастап;
3) багаж, жүк, жүк-багаж тасымалына артық төленген тасымал төлемдерiн қайтаруға - берiлген күннен бастап;
4) багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi өтiп кетуiне берiлген күннен бастап;
5) жүк тасымалына қабылданған өтiнiмдi орындамағаны үшiн айыппұл өндiрiп алуға - өтiнiмдi орындау үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiм аяқталған соң есептеледi.
Өзге жағдайларда - талап қоюға негiз болған оқиға туындаған күннен бастап есептеледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Почтамен жөнелту үшін кінә қою почтамен жөнелтілген күн немесе тасымалдаушының қолына берілген күн кінә қойылған күн болып есептеледі.
Егер кінә қоюды берудің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге дәл келсе, кінә қоюды берудің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
2. Тасымалдаушы, егер кiнә қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн дәлелдi деп таныса, қойылған кiнәнi белгiленген мерзiм өткеннен кейiн де қарауға құқығы бар.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
91-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап бір ай мерзiмде қаралуға тиiс.
Қараудың нәтижесі туралы тасымалдаушы өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Кiнә қоюға жауапта:
1) жауап берілетін кінә қоюшы өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін кінә қоюдың күні;
2) кінә қою толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома және кінә қоюды қанағаттандыру тәсілі;
3) кінә қою толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, кінә қоюдан бас тартуды негіздейтін, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасалып, бас тартудың дәлелдері;
4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.
3. Кінә қою толық сомада қанағаттандырылған жағдайда өтініш беруші ұсынған құжаттарды тасымалдаушы қайтармайды.