111) аумақтық әділет органдарының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;
112) нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу;
113) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
114) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ нотариустардың лицензияларынан айыру туралы талап-арыздарға бастамашылық ету;
115) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді және нотариустардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;
116) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар тізілімін жүргізу, интернет-ресурста тізілім мәліметтерінің, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерінің және адвокаттар лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәліметтердің орналастырылуын қамтамасыз ету;
117) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру;
118) аумақтық әділет органдарының, нотариустардың, адвокаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды қызметтерінің сапасына бақылауды жүзеге асыру;
119) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
120) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін тең жағдай жасау арқылы мүлікті бағалау жөніндегі қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
121) бағалау қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
122) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
123) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
124) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
125) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
126) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегінің көрсетілу көлемінің толықтығы мен оның сапасына мониторинг жүргізу;
127) халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
128) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесінің жай-күйі туралы ақпараттың кемінде жарты жылда бір рет жариялануын қамтамасыз ету;
129) әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
130) сот-сараптама қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
131) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік емтихандарын қабылдау және сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру;
132) сот сараптамасы органы көрсететін сот-сараптамалық қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
133) сот сараптамасы органының құрылымын, оның қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді, сот сараптамасы органы қызметкерлерінің біліктілік мінездемелерін әзірлеу және бекіту;
134) сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсіби дайындау және біліктіліктерін арттыру;
135) мемлекеттік сот-сараптамалық ұйымдарды материалдық техникалық қамтамасыз ету;
136) сот сараптамасы саласында электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерін жасау және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
137) лицензиялық талаптарды сақтау бойынша лицензиаттардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
138) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және хаттамалар жасау, әкімшілік жазалау;
139) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
140) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңіне сәйкес жоспарын әзірлеуге қатысу;
141) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтар мен міндеттері:
Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылық етуді жүзеге асыратын және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтен босатылатын және тағайындалатын бірінші басшының орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
21. Бірінші басшының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу бойынша шаралар қолданады, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастарын шешеді;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
7) Министрліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапты болады.
Бірінші басшы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
23. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мүлкі
24. Заңнамада көзделген жағдайларда министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден және жеке қызметі нәтижесінде иеленген мүліктен (ақшалай табысты қоса алғанда) құрылады.
25. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен иеленген мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.02. № 84 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.26.12. № 1384 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардын тізбесі
1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Заң» медиа-корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. ҚР Үкіметінің 2016.29.01. № 39 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.11.03. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.16.03. № 141 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
1. Ақмола облысының Әділет департаменті.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті.
3. Алматы облысының Әділет департаменті.
4. Атырау облысының Әділет департаменті.
5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті.
6. Жамбыл облысының Әділет департаменті.
7. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті.
8. Қарағанды облысының Әділет департаменті.
9. Қызылорда облысының Әділет департаменті.
10. Қостанай облысының Әділет департаменті.
11. Маңғыстау облысының Әділет департаменті.
12. Павлодар облысының Әділет департаменті.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті.
15. Астана қаласының Әділет департаменті.
16. Алматы қаласының Әділет департаменті.
17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Ақкөл ауданының әділет басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Аршалы ауданының әділет басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Атбасар ауданының әділет басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Астрахан ауданының әділет басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Бұланды ауданының әділет басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Егіндікөл ауданының әділет басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Ерейментау ауданының әділет басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Есіл ауданының әділет басқармасы.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Жарқайың ауданының әділет басқармасы.
27. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Жақсы ауданының әділет басқармасы.
28. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Зеренді ауданының әділет басқармасы.
29. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Қорғалжын ауданының әділет басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Степногор қаласының әділет басқармасы.
31. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Сандықтау ауданының әділет басқармасы.
32. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Целиноград ауданының әділет басқармасы.
33. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Шортанды ауданының әділет басқармасы.
34. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Щучье ауданының әділет басқармасы.
35. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті Көкшетау қаласының әділет басқармасы.
36. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының әділет басқармасы.
37. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының әділет басқармасы.
38. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының әділет басқармасы.
39. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының әділет басқармасы.
40. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасы.
41. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының әділет басқармасы.
42. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының әділет басқармасы.
43. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының әділет басқармасы.
44. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Қаратал ауданының әділет басқармасы.
45. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Кербұлақ ауданының әділет басқармасы.
46. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Көксу ауданының әділет басқармасы.
47. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Райымбек ауданының әділет басқармасы.
48. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Панфилов ауданының әділет басқармасы.
49. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Сарқант ауданының әділет басқармасы.
50. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының әділет басқармасы.
51. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Ұйғыр ауданының әділет басқармасы.
52. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Қапшағай қаласының әділет басқармасы.
53. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Текелі қаласының әділет басқармасы.
54. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Талдықорған қаласының әділет басқармасы.
55. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Әйтеке би ауданының әділет басқармасы.
56. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әділет басқармасы.
57. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин ауданының әділет басқармасы.
58. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз ауданының әділет басқармасы.
59. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы ауданының әділет басқармасы.
60. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда ауданының әділет басқармасы.
61. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мартөк ауданының әділет басқармасы.
62. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мұғалжар ауданының әділет басқармасы.
63. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір ауданының әділет басқармасы.
64. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл ауданының әділет басқармасы.
65. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Хромтау ауданының әділет басқармасы.
66. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар ауданының әділет басқармасы.
67. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласының әділет басқармасы.
68. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Жылыой ауданының әділет басқармасы.
69. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Махамбет ауданының әділет басқармасы.
70. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Исатай ауданының әділет басқармасы.
71. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Қызылқоға ауданының әділет басқармасы.
72. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Индер ауданының әділет басқармасы.
73. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Мақат ауданының әділет басқармасы.
74. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Құрманғазы ауданының әділет басқармасы.
75. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласының әділет басқармасы.
76. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданының әділет басқармасы.
77. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз ауданының әділет басқармасы.
78. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданының әділет басқармасы.
79. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданының әділет басқармасы.
80. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое ауданының әділет басқармасы.
81. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма ауданының әділет басқармасы.
82. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан ауданының әділет басқармасы.
83. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян ауданының әділет басқармасы.
84. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай ауданының әділет басқармасы.
85. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім ауданының әділет басқармасы.
86. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті ауданының әділет басқармасы.
87. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласының әділет басқармасы.
88. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қаласының әділет басқармасы.
89. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласының әділет басқармасы.
90. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай ауданының әділет басқармасы.
91. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан ауданының әділет басқармасы.
92. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар ауданының әділет басқармасы.
93. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха ауданының әділет басқармасы.
94. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қаласының әділет басқармасы.
95. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Байзақ ауданының әділет басқармасы.
96. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Жамбыл ауданының әділет басқармасы.
97. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Жуалы ауданының әділет басқармасы.
98. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Қордай ауданының әділет басқармасы.
99. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Т. Рысқұлов ауданының әділет басқармасы.
100. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Мерке ауданының әділет басқармасы.
101. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Мойынқұм ауданының әділет басқармасы.
102. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Сарысу ауданының әділет басқармасы.
103. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Талас ауданының әділет басқармасы.
104. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Шу ауданының әділет басқармасы.
105. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қаласының әділет басқармасы.
106. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ақжайық ауданының әділет басқармасы.
107. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бөрлі ауданының әділет басқармасы.
108. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Сырым ауданының әділет басқармасы.
109. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жаңақала ауданының әділет басқармасы.
110. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жәнібек ауданының әділет басқармасы.
111. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зеленов ауданының әділет басқармасы.
112. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Казталов ауданының әділет басқармасы.
113. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тасқала ауданының әділет басқармасы.
114. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бөкей ордасы ауданының әділет басқармасы.
115. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Теректі ауданының әділет басқармасы.
116. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Қаратөбе ауданының әділет басқармасы.
117. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шыңғырлау ауданының әділет басқармасы.
118. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Орал қаласының әділет басқармасы.
119. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Саран қаласының әділет басқармасы.
120. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Теміртау қаласының әділет басқармасы.
121. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Шахтинск қаласының әділет басқармасы.
122. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Абай ауданының әділет басқармасы.
123. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Бұқар жырау ауданының әділет басқармасы.
124. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Қарқаралы ауданының әділет басқармасы.
125. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Нұра ауданының әділет басқармасы.
126. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Осакаров ауданының әділет басқармасы.
127. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Балқаш қаласының әділет басқармасы.
128. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Ақтоғай ауданының әділет басқармасы.
129. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы.