Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.
4. Ұшуына осы ақпарат әсер етуі мүмкін және әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органына қай жерде екені белгілі болған барлық әуе кемелері ұшу-ақпараттық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
5. Мыналар:
1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін барлық әуе кемелері;
2) ұшу жоспарын берген немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органына қай жерде екені белгілі болған барлық басқа әуе кемелері;
3) оларға қатысты заңсыз араласу объектісі болып табылатындығы белгілі болған немесе болжанатын кез келген әуе кемелері авариялық хабар берумен қамтамасыз етіледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.
Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.
24-бап. Әуе кемесінің ұшу жоспары
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына жоспарланған ұшуға немесе ұшудың бір бөлігіне қатысты жіберуге жататын ақпарат, мынадай:
1) әуе шабуылына тойтарыс беру, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды немесе Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруді болғызбау және тоқтату;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде көмек көрсету, ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын iздестiру және эвакуациялау;
3) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және (немесе) тоқтату және (немесе) оның жолын кесу жағдайларында орындалатын әуе кемесінің ұшуын қоспағанда, осы Заңда көзделген әуе кеңістігін пайдалануға рұқсаттар болған кезде ұшу жоспары нысанында ұсынылады.
2. Ұшу жоспарын ұсыну, ұшу жоспарына өзгерістер енгізу және оны жабу тәртібі, оның мазмұны Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.
3. Бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде әуе кеңістігін пайдаланушы әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарын алдағы ұшу туралы хабардар етуге және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен ұшу жоспарын ұсынуға міндетті.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі әуе кеңістігін барлық пайдаланушыға оны пайдалану бойынша тең құқықтармен қолжетімді.
Әуе кеңістігін бір уақытта екі немесе одан да көп пайдаланушының пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда, оны пайдалануға бірінші кезектегі құқық мемлекеттік басымдықтарға сәйкес пайдаланушыларға мынадай ретпен беріледі:
1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;
2) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн не айтарлықтай материалдық залал келтiру қаупін тудыратын дүлей және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;
3) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;
4) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;
5) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерінің ұшуы немесе өзге де қызмет;
6) жолаушыларды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;
7) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;
8) эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
9) тұрақты емес әуе тасымалдары және авиациялық жұмыстарды орындау;
10) оқу-жаттығу, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген қызмет жүзеге асырылған жағдайларда, мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады не шектейді.
27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуға:
1) осы Заңның 18-бабында көрсетілген, ұшу жоспарын бермей (бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде - хабар бермей) және (немесе) ұшуды орындауға рұқсатсыз және (немесе) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндiретiн қызметті жүзеге асыруға рұқсатсыз жүзеге асырылатын қызмет;
2) саны рұқсатта көрсетілгеннен артық әуе кемелері тобының ұшуы;
3) әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану режимдерін сақтамауы;
4) әуе кемесiнiң мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқару органдарының арнайы рұқсатынсыз тыйым салынған аймақтың және (немесе) шектеу қойылған аймақтың үстінен ұшып өтуі;
5) мәжбүрлi түрде қону және қосалқы әуеайлаққа жіберу жағдайларынан басқа, әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;
6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан және маршруттар осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;
7) ұшу қауіпсіздігіне нақты қатер төнуі және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы жатады.
2. Азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары өз құзыретіне сәйкес әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбауға және (немесе) тоқтатуға және (немесе) оның жолын кесуге қажетті барлық шараларды қабылдауға міндетті, ал әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуға жол берген әуе кеңістігін пайдаланушылар көрсетілген бұзушылықты өз есебінен және (немесе) өз күштерімен тоқтатуға міндетті.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының құзыретті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша шетелдік әуе кемесінің бортында экспорттық бақылауға жататын мәлімделмеген өнімнің бар екендігі туралы ақпарат болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарап тексеру үшін оны Қазақстан Республикасының әуайлағына қонуға мәжбүрлеуге құқығы бар.
28-бап. Әуе кемесiнің ұшу жоспарынан ауытқуы.
Тәртіп бұзушы әуе кемесі
1. Әуе кемесi белгiленген ұшу жоспарынан ауытқыған кезде әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органы дереу мынадай шараларды қабылдауға:
1) әуе кемесінің экипажымен байланыс орнату және белгіленген ұшу жоспарынан ауытқыған әуе кемесінің ұшып бара жатқан жерін анықтау үшін қолда бар барлық құралдарды пайдалануға;
2) ауытқу салдарынан әуе кемесі жауапкершілік ауданына кірген болуы мүмкін немесе кіруі мүмкін деп жорамалданған ауданның әуе қозғалысына қызмет көрсететін және әуе қозғалысын басқаратын сабақтас органдарына хабарлауға міндетті.
2. Әуе кемесінің ұшып бара жатқан жері анықталған болса, әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органы әуе кемесінің экипажына оның қай жерде ұшып бара жатқаны және орындалуға тиіс түзетуші іс-әрекеттер туралы хабарлайды.
3. Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзған немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін өзгедей бұзуға жол берген әуе кемесi тәртіп бұзушы әуе кемесі деп танылады және егер әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарының талаптарына бағынбаса, мәжбүрлі түрде қондыруға жатады.
Қону туралы нұсқау алған тәртiп бұзушы әуе кемесi көрсетілген жерге дереу қонуға тиiс.
4. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне және оның стратегиялық объектiлеріне қатер төнген жағдайларда мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган қатердi болғызбау үшін, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қаруды және ұрыс техникасын қолдану қағидаларына сәйкес тәртiп бұзушы әуе кемесiн жоюға дейiн баратын барлық шараларды қолданады.
5. Тәртіп бұзушы әуе кемесінде жолаушылар және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуына қатысы жоқ өзге де адамдар бар екені туралы дәйекті ақпарат болған жағдайда мемлекет ұшып жүрген азаматтық әуе кемелеріне қарсы қару қолданудан тартынады.
Тәртіп бұзушы әуе кемесi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне ұшып кіру шарттарын сақтамаған кезде және (немесе) әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзған жағдайларда қонатын әуеайлақта ұсталуға жатады.
Бұзушылық тексерілгеннен кейін тәртіп бұзушы әуе кемесiнiң одан әрі ұшуына Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалатын тәртіппен рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға қойылатын белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларына сәйкес тексерілуге жатады.
29-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану үшiн байланысты ұйымдастыру
1. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарымен байланыста болуға мiндеттi.
2. Байланыс ұйымдары әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға қажетті байланыс арналарын жалға береді. Берілген байланыс арналары iстен шыққан кезде олар басқа байланыс арналарымен ауыстырылуға тиiс.
30-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезіндегі радиобайланыс
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезінде байланыс үшін радиотелефон және (немесе) деректерді беру желісі пайдаланылады.
2. Байланыс құралдары әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары (әуе қозғалысын басқару органдары) мен әуе кеңістігін пайдаланушылар арасында тікелей, жедел, үздіксіз және бөгеуілі жоқ екіжақты байланыс жасауға мүмкіндік беруге тиіс.
3. Әуе кемелерінің ұшуын және олармен радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына бөгеуіл жасайтын қондырғылары мен аппараттары бар жеке және заңды тұлғалар байланыс саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің талап етуі бойынша бөгеуілдерді өз күштерімен жоюға, ал олар жойылғанға дейін осындай қондырғылар мен аппараттардың жұмысын тоқтатуға міндетті.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Байланысты қамтамасыз ету тәртібі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының байланысты қамтамасыз етуге қоятын талаптары, азаматтық авиациядағы байланыс құралдарының сипаттамасы азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.
5. Радиобайланысты жүргізу рәсімдері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларында айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында радиотелефон байланысы қазақ, орыс немесе ағылшын тiлдерiнде жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
1. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен авариялық жағдайлар не төтенше мән-жайлар туындаған кезде жердегі адамдарға немесе мүлікке қауіп аса төнбейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болатын немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда, қонуды орындауды қамтамасыз ететін биіктікте әуе кемелерінің ұшуы орындалады.
2. Әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуының схемалары (маршруттары) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және пилотсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
4. Елді мекендердің үстінен ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.
32-бап. Көрсету мақсатындағы ұшу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау кезеңі болып табылмайтын көрсету мақсатындағы ұшулар авиациялық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
2. Әуе кемелерiнiң көрсету мақсатындағы ұшуы әуе кемесінің тұрғын үй алаптары мен адамдар жиналған жерлерге құлауын болғызбайтын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, белгіленетін аймақтарда (аудандарда) орындалады.
3. Көрсету мақсатындағы ұшудың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік оларды ұйымдастырушыға жүктеледі.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Пилотсыз ұшу аппараты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында және пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес пилотсыз ұшу аппараттарының жоспарланатын ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды.
3. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының күзетілетін объектілердің үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Байланыс жүйелерін, навигация мен бақылауды ұсынудан тұратын ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.
2. Әуе кемелері ұшуының, ұшып көтерілуінің және қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;
2) мемлекеттік авиация үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын байланыспен және радиотехникамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына және Байланыс құралдарын техникалық пайдалану, ұшуды және мемлекеттік авиацияның автоматтандырылған басқару жүйесін радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес айқындалады.
35-бап. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушыларға, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарына және осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін басқа да пайдаланушыларға, олардың мемлекеттік тиесілігіне, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, шарттар негізінде сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы беру болып табылады.
Өкілетті метеорологиялық органның функцияларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер жүзеге асырады.
Мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 35-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарына сай болуға тиіс.
Авиациялық қызмет көрсетуді берушілердің сәйкестігі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) көрсетіле отырып берумен расталады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттау талаптарынан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізіліп өтелетін болса, жол беріледі.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттаудан өткізу, сертификат беру не оны тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беруден бас тарту өтініш беруші қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі.
4. Сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үздіксіз аэронавигациялық қызмет көрсету мақсатында мынадай тәртіппен әрекеттер қабылдайды:
1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2) түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
3) егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған күннен бастап кейінгі алты ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын кері қайтарып алады не мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының қолданылуы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 35-2-баппен толықтырылды
35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды мұндай өзгерістер туралы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіппен алдын ала хабардар етеді.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістердің тізбесі, сондай-ақ мұндай келісудің тәртібі мен шарттары аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету
Әуе трассаларын пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.
Әуе трассалары туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
37-бап. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттарына арналған өлшем бірліктері
1. Қазақстан Республикасының аумағында және әуе кеңістігінде ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттары үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары талабына сәйкес келетін координаттар, биіктіктер өлшемдерінің, гравиметрикалық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай жүйесі белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында көрсетіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау
1. Қазақстан Республикасында пайдалануға арналған азаматтық әуе кемесiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жергілікті жердегі шуылға қатысты талаптарға сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатына қосымша болып табылатын шуыл жөніндегі сертификатты бере отырып, сертификаттайды.
Шуыл бойынша сертификаттау жүргізу және сертификат беру Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) иелерi, пайдаланушылар, әуе кемелерiнің командирлері мен экипаж мүшелерi әуе кемелерiн жерде және әуеде пайдаланған кезде қажетсiз шуылды болғызбауға немесе оны барынша азайтуға мiндеттi.