8) халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) коммерциялық емес мақсаттарда Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуларды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) порттардың;
10) 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) жатады.
13) 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 13.07.99 ж. № 413-I Заңымен 5-бап толықытырылды ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алуға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға;
4-2) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);
6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;
7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;
9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
10) мыналар:
тарифтік сметада қамтылатын;
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
1-1. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;
1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-2) тармақша жаңа редакцияда
5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-3) уәкілетті органға тарифтік сметаларды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-4) уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-IV (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;
2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
7-баптың бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасының қолданылуы 2015 ж. 1 сәуірге дейін тоқтатылды
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-3) осы бөліктің 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;
3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бірыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен, шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн көрсетілетін қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіште беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдармен жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс;
7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-3) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайын негіздемелерімен есеп беруге;
7-4) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды
7-6) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар етуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-7) тармақшамен толықтырылды
7-7) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыруға;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-8) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-8) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда - жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-9) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-9) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-10) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-10) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;
8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;
9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;
10) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынуға;
12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен монополияға қарсы органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметтің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабардар етуге;
14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
14-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен шығаруға міндетті.
Көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар саласына жатқызылатын кірме жолды иеліктен шығарған жағдайда, осы кірме жолдың иесі тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп тұрған тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алудың басым құқығын беруге міндетті.
Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде басым құқық тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы 12 айда көрсетілетін қызметтердің көбірек көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемесiн әзiрлеуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған шекті деңгейлерінің өсуіне әкеп соқпайтын жағдайда, іске асыруға, сондай-ақ қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;