ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
(2022.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы
3-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттары
4-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
5-бап. Заң үстемдігі
6-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
8-бап. Клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау
11-бап. Заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі
12-бап. Заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет
14-бап. Заң көмегінің қолжетімділігі
15-бап. Заң көмегінің түрлері
16-бап. Заң көмегінің нысандары
17-бап. Өтеулі негізде заң көмегін көрсету
18-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі
19-бап. Кешенді әлеуметтік заң көмегі
20-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалар
21-бап. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
24-бап. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ЖҮЙЕСІ
25-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі
26-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар
27-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері
28-бап. Адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұйымдастыру, оны көрсету тәртібі және есепке алу
29-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту
30-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қаржыландыру
3-БӨЛІМ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ
31-бап. Адвокатураның мақсаты
32-бап. Адвокат
33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
34-бап. Адвокаттың кәсіптік мінез-құлық нормалары
35-бап. Адвокаттық қызметтің кепілдіктері
36-бап. Адвокат қызметін сақтандыру
37-бап. Адвокаттық құпия
38-бап. Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері
39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміттенетін адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия
40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары
41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
42-бап. Лицензия беруден бас тарту
43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру
45-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
46-бап. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру
47-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу
48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу
4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары
50-бап. Адвокаттар алқасы
51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі
52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
53-бап. Адвокаттар алқасының органдары
54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы)
55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелік
58-1-бап. Адвокаттар тізілімі
59-бап. Адвокаттың анты
60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату
61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесінің құқықтары мен міндеттері
62-бап. Заң консультациясы
63-бап. Адвокаттық кеңсе
64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы
68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі
72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы
73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУІ 5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
75-бап. Заң консультанты
76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері
76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері
77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру
77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
78-бап. Заң консультанттары палатасы
78-1-бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы
80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары
81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері
82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары
85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы
86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы
87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы
88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары
89-бап. Заң консультанттары палатасының ақпаратқа қол жеткізуді және оны құқыққа сыйым сыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуі
90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі
91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару
92-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі
93-бап. Заң консультанттары палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы
94-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жауапкершілігі
95-бап. Заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
96-бап. Заң консультанттары палаталарының жауапкершілігі
97-бап. Заң консультанттарының палаталарын мемлекеттік бақылау
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
98-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адвокаттық қызмет - адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі;
2) заң консультанттарының қызметі - заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
3) заң көмегі - Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
4) заң көмегіне қатысушылар - заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
5) заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;
6) клиент - заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
7) құқықтық ақпарат беру - белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін заң көмегінің түрі;
8) құқықтық консультация беру - жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты заң көмегінің түрі;
9) мүдделер қақтығысы - заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Заң көмегі осы Заңның нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып көрсетіледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Жекелеген тұлғалардың заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттары
Заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заң үстемдігі;
2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;
3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;
4) клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну;
5) кәсіптік құпияны сақтау;
6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;
7) заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;
8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;
9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;
10) заң көмегінің қолжетімділігі.
4-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
1. Заң көмегін көрсетудің мазмұнын айқындайтын және заң көмегіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын қамтамасыз ететін оның іргелі бастаулары заң көмегін көрсету қағидаттары болып табылады.
2. Заң көмегін көрсету қағидаттары өзара байланысты болады және өздерінің жүйесін құрайды. Қағидаттардың әрқайсысын іске асыру заң көмегін көрсетудің өзге қағидаттарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырылады.
3. Заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
5-бап. Заң үстемдігі
Заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
6-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
Заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі.
Заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
8-бап. Клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну
Заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.
Заң көмегін көрсету кезінде заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті.
Заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс.
Заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау
Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.
Заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау
Заң көмегі жоғары кәсіптік және әдептік нормалар сақтала отырып көрсетіледі. Осы нормаларды қалыптастыруды заң көмегін көрсететін тұлғалар жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық, адамгершілік нормалары және заң көмегін көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырады.
11-бап. Заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.
12-бап. Заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау
Заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет
Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің кәсіп бойынша әріптестеріне құрмет, әділдік және ынтымақтастық рухында қарым-қатынас жасауға тиіс.
Заң көмегін көрсету сотқа және сот ісін жүргізу қағидаларына деген құрметке негізделуге тиіс.
14-бап. Заң көмегінің қолжетімділігі
Әркімнің заң көмегін алуға құқығы бар.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.
15-бап. Заң көмегінің түрлері
Заң көмегі:
1) құқықтық ақпарат беру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.
Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
16-бап. Заң көмегінің нысандары
Мыналар заң көмегінің нысандары болып табылады:
1) өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегі;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегі;
3) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) кешенді әлеуметтік заң көмегі.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Өтеулі негізде заң көмегін көрсету
Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетілетін заң көмегі өтеулі негіздегі заң көмегі деп танылады.
18-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі
Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.
19-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19-бап. Кешенді әлеуметтік заң көмегі
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
2. Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға:
1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
7) 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
3. Мемлекет кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен ынталандырады.
20-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалар
Заң көмегін өз құзыреті шегінде мыналар:
1) мемлекеттік органдар;
2) адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары;
3) заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.
21-бап. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
1. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат жеке және заңды тұлғалардың заң көмегін алу құқықтарының кепілдіктерін іске асыру мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, ақпараттық, аккредиттеу, лицензиялау-бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
2. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
3. Заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік адвокатура қызметінің негіздері, тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
3) заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізеді;
5) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) заң көмегін көрсету стандарттарын келіседі;
7) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келіседі;
8) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрі бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;
10) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді;
11) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
12) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
14) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
15) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
16) халыққа заң көмегін көрсететін тұлғалар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
17) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
18) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізеді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;