Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.
2. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.
9-бап. Қоғамның жарғысы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.
2. Қоғамның жарғысында мыналар:
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) оларға қатысты «алтын акция» (ол болған кезде) иесінің вето құқығы белгіленген мәселелер, сондай-ақ «алтын акция» иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;
6) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз үлестес тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртібі
8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;
9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес өзге де ережелер болуға тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс.
4. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсымен қатар қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін қосымша пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның жарғысында айқындалады.
3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры және тауар биржалары ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы
1. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.
Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.
2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер
1. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
2. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.
3. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
4. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;
2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
6. Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
13-бап. Акциялардың түрлері
1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
4. Егер:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы ол бойынша шешім артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі шектеу қоюға дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге:
артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы мәселелер жатады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды ұйымдастырылмаған рынокта осы Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қарайды;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 22-бабының 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылықты акциялардың меншік иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесілі артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бiр «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоғам акционерi:
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, осы Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;
2) дивидендтер алуға;
3) қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;
5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;
6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртібімен дау айтуға;
7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге;
8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;
9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;
егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.
2. Ірі акционердің, сондай-ақ:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
2) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 11) тармақшаларында көрсетілген құқықтарды қоспағанда, акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
Акционерлердің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарынан басқа, қоғамның жарғысында акционерлердің қосымша құқықтары көзделуі мүмкін.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.
15-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері
1. Қоғамның акционері:
1) акцияларды төлеуге;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы акционерге тиесілі акцияларды орталық депозитарийге және (немесе) нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға;
3) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Акционердің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды орындамауының салдары үшін қоғам, орталық депозитарий және (немесе) номиналды ұстаушы жауапты болмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған аталған бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен кейін күнтізбелік он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы бағалы қағаздарды өздерiнде бар акциялар санына барабар тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алуға құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алуға құқығы бар.
Акционер басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. Қоғамның жарғысымен акциялардың ақысын төлеудің өзге де мерзімі көзделуі мүмкін, ол акциялар орналастырыла бастаған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жарияланған акцияларды орналастыруға, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды өткізуге ниетi бар қаржы ұйымы уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған күннен кейін бес жұмыс күні iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы бағалы қағаздарды өздерiнде бар акциялар санына барабар тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғамның акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен бастап бес жұмыс күні iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
Қаржы ұйымының басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акцияларына ақы төлеуді акционер оларды сатып алуға өтінім берген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлемеген жағдайда аталған мерзім аяқталғаннан кейін өтінім жарамсыз болып есептеледі.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеу мерзімдері бойынша талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның акцияларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырады.
4. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзім өткенге дейін ақысын төлемеген жағдайда өтінім жарамсыз болып саналады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды уәкілетті орган белгілейді.
6. Осы Заңның 83-бабында көзделген тәртіппен оған басқа қоғам қосылған кезде қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) кезінде қоғамның акционерлеріне басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
17-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
Қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде оның акцияларын орналастыру туралы шешiмдi қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.
Акцияларды орналастыру акционерлердің акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруы, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион арқылы, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.