3. Коммерциялық емес ұйымдар заң актілеріне сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана жүзеге асыра алады.
33-бап. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы
1. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебiн жүргiзедi.
4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық көмекке пайдалануына жол берiледi.
34-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi
1. Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi, заң актілеріне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн.
Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған, азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
Мекеменің өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
2. Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi
1. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң актілерімен шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де қаражат түсiмдерiнiң тәртібі коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келісімi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға тиiс.
36-бап. Мүдделер қайшылығы
1. Коммерциялық емес ұйым мен мүдделi адамдардың арасындағы ұйымның мүлкiн пайдалануға байланысты мәмiлелер мүдделер қайшылығы орын алуын ұйғарымдайды.
2. Коммерциялық емес ұйымның басқару органының (басшылық етушi органының) мүшелерi, сондай-ақ осы өз ұйымымен жеке өзi немесе өкiлi арқылы мәмiлелер жасасатын, ұйыммен қатынастарына орай өз мүлкiмен ұйымға билiк етуге ықпал ете алатын адамдар мүдделi адамдар деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйым мүдделi адамдардың туыстарымен, сондай-ақ олардың кредит берушiлерiмен мәмiлелер жасаса да мүдделер қайшылығы ұйғарымдалады.
37-бап. Мүдделер қайшылығын шешу
Мүдделер қайшылығы ұйғарымдалған мәмiленi коммерциялық емес ұйымның уәкiлеттi органы бекiтуге тиiс. Мүдделi адам осындай мәмiле жасасудың ұйғарымдалғаны туралы ұйымның уәкiлеттi органын хабардар етуге тиiс.
Егер мәмiленi уәкiлеттi органдар бекiтпеген болса, мүдделер қайшылығы орын алған мұндай мәмiленiң жасалуы нәтижесiнде коммерциялық емес ұйымға келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға мүдделi адам жауап бередi.
Шығындардың орнын толтыруға қоса, осындай мүдделi адам осындай мәмiленi жасау нәтижесiнде алған сол адамның бүкiл кiрiсiн коммерциялық емес ұйымға қайтаруға тиiс.
Егер шығындар бiрнеше мүдделi адамның iс-қимылдары нәтижесiнде туындаған болса, олар коммерциялық емес ұйымның алдында ортақ жауап беруi тиiс.
5-тарау. Коммерциялық емес ұйымды басқару
38-бап. Коммерциялық емес ұйымды басқару негiздерi
Коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымы, құзыретi, құрылу тәртібі мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi, олардың шешiмдер қабылдау мен коммерциялық емес ұйымның атынан әрекет жасау тәртібі заңдарда және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердi, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңесті қоспағанда, құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) заңдарға және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңесті қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:
1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртібін айқындау;
4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртібі мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртібін және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) заң актілерінде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актілеріне сәйкес коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне, жоғары басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың өтемiн қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асыруға құқылы емес.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Коммерциялық емес ұйымның еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 1 - 3-тармақтарының ережелері дербес білім беру ұйымдарына және дербес кластерлік қорға қолданылмайды.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқару органдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің басқару органдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
6-тарау. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
40-бап. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
1. Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарды құруды және олардың белсендi қызмет етуiн көтермелейдi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға салық, кеден жеңiлдiктерi және басқа да жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Коммерциялық емес ұйымдар өз қызметiнiң мақсаттарына сәйкес мемлекеттік органдармен келісімдер жасасын, ынтымақтасуы және олар үшiн белгiлi бiр жұмыстарды орындауы мүмкiн.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап өзгертілді
41-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді және алғашқы статистикалық деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
2. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік кіріс органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметi туралы ақпарат бередi.
Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтеусiз негiзде беретін қаражат есебiнен қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына осы қаражатты пайдалануы туралы есептi ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында жыл сайын өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары, мүліктің құрамы туралы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы ақпарат жариялайды.
4. Коммерциялық емес ұйым кiрiстердің мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы, оның шығыстары, қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегіне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусiз еңбегiн пайдалану туралы мәлiметтер коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
42-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Коммерциялық емес ұйымның қызметі коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған немесе өзінің жарғысында айқындалған қызметтің нысанасы мен міндеттері шегінен шығатын әрекеттерді күнтізбелік бір жылдың ішінде екі және одан көп рет жасаған жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы негізінде сот шешімімен үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, коммерциялық емес ұйымның қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған құрылтай құжаттарында көзделген қызметпен айналысуға тыйым салынады. Оның банк шоттарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi салдарынан келтiрiлген шығындардың орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.
Егер коммерциялық емес ұйым өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған бұзушылықтарды қызметi тоқтатыла тұруы белгiленген мерзiм iшiнде жойса, онда аталған мерзiм аяқталған соң коммерциялық емес ұйым өз қызметiн қайта бастайды. Коммерциялық емес ұйым бұзушылықтарды жоймаған жағдайда прокуратура органдары оны тарату туралы сотқа арыз берiп жолдануға құқылы.
3. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдаған сот коммерциялық емес ұйымның бұзушылықты жоюына байланысты ұсынысы бойынша осы шектеудi мерзiмiнен бұрын алып тастауға құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Кодексін қараңыз
43-бап. Коммерциялық емес ұйымның, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
1. Заңдарды бұзу коммерциялық емес ұйымның Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болуына әкеп соқтырады.
2. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдарды бұзғандығы үшін бұған кінәлі жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары да жауапты болады.
Қазақстан Республикасының