Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 597 Қаулысы
(2016.19.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 115-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде 1-тармақтың 6) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде 15-тармақтың 1) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 516-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
«Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша)» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының консультанты (келісім бойынша)»;
4) ҚР Үкіметінің 2016.19.07. № 415 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 61-құжат):
кіріспедегі және 1, 2-тармақтардағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
3) тармақшада:
«гендерлік жағдайды» деген сөздер «әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«гендерлік» деген сөзден кейін «және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
үшінші абзацтағы «гендерлік теңдік», төртінші және бесінші абзацтардағы «гендерлік теңдікке» деген сөздер «әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің», «әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «жүргізуге» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«демографиялық жағдайды жақсартуға;»;
6) тармақшада:
«ерлердің, әйелдер мен балалардың» деген сөздер «халықтың» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік» деген сөздер «жыныстар теңдігінің, отбасы және демография» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада «гендерлік теңдіктің» деген сөздер «жыныстар теңдігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
3) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік» деген сөздер «жыныстар теңдігі, отбасы және демография» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін» деген сөздер «жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін»;
6) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1, 6 және 16-жолдардағы «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) «Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 241-құжат):
2-тармақтағы «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 20, 21, 35, 37, 38, 40, 41 және 43-жолдардағы «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
9) «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 1, 8, 12, 17, 25, 29, 34, 36, 45, 46-жолдардың 4-бағанда «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы мәселелері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат):
Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 13, 145, 146, 147-жолдардың 3-бағанында «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпедегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысында:
көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы:
«Моисеева Нелли Яковлевна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас сарапшысы» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Моисеева Нелля Яковлевна - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының сарапшысы»;
12) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
4-бөлімдегі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |