20___ жылғы «___» ___________
Қабылдады _____________/_____________________________/
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Тапсырды ______________/____________________________/
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Мемлекеттік архивтің коды____________________
Мекеменің коды _____________________________
___________________________________________________________
(қор құрушының атауы)
Қ. № ______________________________________________
Тіз. № ______________________________________________
І. № ______________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(бөлімнің, құрылымдық бөлімшенің атауы)
Істің № Томның №
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(істің тақырыбы)
20___ жылғы «___» ___________
Қ. № _______________________________ | ___________ парақта ___________ сақталсын |
Тіз. № ______________________________ |
І. № ________________________________ |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
№ ______ іс құжаттарының
ІШКІ ТІЗІМДЕМЕСІ
Р/с№ | Құжаттың индексі | Құжаттың күні | Құжаттың тақырыбы | Парақтар нөмірі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы _______________________________________________________ құжат
(цифрлармен және жазбаша)
Ішкі тізімдеме парақтарының саны__________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
Құжаттардың ішкі тізімдемесін
жасаған адамның лауазымы _____________________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күні 20___ жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ
Істе_____________________________________________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
________________________________________________________________________парақ нөмірленді.
Құрылымдық бөлімшенің маманы____________________________________________
_________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
______________________/____________________________/
(қолы) (аты-жөні, тегі)
20___ жылғы «___» ___________
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 11-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі | Бекітемін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі _________________ (Т.А.Ә.) 20__ жылғы «___» _____________ |
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы
№ ___ АКТ
Нұр-Сұлтан қ. | 20__ жылғы «___» _____________ |
20__ жылғы «_________ құжаттар тізбесінің» негізінде мынадай құжаттар практикалық мәнін жоғалтқандар ретінде жоюға іріктеп алынды:
Р/с № | Істің немесе құжаттың тақырыбы, жылдар | Істердің саны | Тізбелер бойынша баптардың № | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| Жиыны: | | | |
| | | | |
Құжаттар саны ____________________________________________________________
(актіні ресімдеген адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
__________________________________
БҚҚБ келісті ___________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы» РМК
Жөндеу-ресімдеу қызметіне тапсырылды (лауазымы, Т.А.Ә. ______________ _____________)
Күні 20__ жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша
20___жылғы құжаттарды архивке қабылдау туралы
АКТ
____________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Номенклатура бойынша барлығы_________________іс бар,
Іс жүзінде барлығы_____________________________іс қабылданды,
оның ішінде:
тұрақты сақталатыны______________іс,
уақытша сақталатыны______________іс.
Құжаттарды ресімдеу мен жинақтау жөніндегі ескертулер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құжаттарға сәйкес келетін есепке алу-тіркеу картотекасы бір мезгілде қабылданды.
Карточкаларды толтыру жөніндегі ескертулер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ЖЕТІСПЕЙТІН ҚҰЖАТТАР
Карточка № | Жылы | Құжат қайдан түскен | Құжаттың күні мен № | Мазмұны | Орындаушы | Ескертпе |
ЖЕТІСПЕЙТІН КАРТОЧКАЛАР
Карточка № | Жылы | Орындаушы | Құжаттың тігілген жері | Ескертпе |
жылы | істің № | парағы |
| | | | | | |
2ӨТКЕН ЖЫЛДАР ҮШІН ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР
Орындаушы | Жылы | Құжаттар саны | Карточкалар саны | Ескертпе |
Архив меңгерушісі ______________________________________________
Құрылымдық бөлімшенің басшысы_________________________________
Құжаттарды архивке тапсырған құрылымдық бөлімшенің маманы
________________________________________________________________
20___ жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша
Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттардың ксерокөшірмесін жасау
ТӘРТІБІ
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК көшіру-көбейту бюросында ксерокөшірме жасауға арналған құжаттар белгіленген үлгіде толтырылған және қол қойылған өтінімдер болған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлерінен ғана қабылданады.
2. Құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға арналған өтінімдерге (№ 1 нысан) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, оның орынбасарларының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының қол қоюға құқығы бар.
3. Кіріс хат-хабардың, хаттамалардың, шығыс құжаттардың, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының, оның ішінде «ҚБП» деген белгісі бар жобалардың ксерокөшірмесін жасауға арналған өтінімдерге (№ 1 нысан) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторы бас инспекторының, бақылау секторы меңгерушісінің, іс жүргізу және архив секторы меңгерушісінің, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.
4. Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдері, Үкімет отырыстарының хаттамалары, оларға қосымшалар, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Кеңсенің архивтік құжаттары түпнұсқаларының ксерокөшірмесін жасау Кеңсе Басшысы немесе оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі немесе оның орынбасарлары қол қойған өтінімдер (№ 1 нысан) бойынша жүзеге асырылады.
5. Құпия құжаттардың ксерокөшірмесін жасау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес: Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі және оның орынбасарлары, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі қол қойған өтінімдер бойынша ғана қатаң айқындалған мөлшерде жүзеге асырылады және бөлек есепке алынады (№ 2 нысан).
6. Көбейту-көшіру бюросында көбейтілген құжаттарды сақтау осы құжаттарға қатысы жоқ адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтындай жүзеге асырылуға тиіс.
Көшіру-көбейту бюросы өтінімдердің негізінде көбейтілген құжаттардың саны мен таралымын, қағаз бен басқа да материалдардың шығынын есепке алуды жүргізеді. Көшіру-көбейту жұмыстары орындалғаннан кейін қалған нобайлық материал белгіленген тәртіппен жойылады.
Осы Тәртіптің орындалуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
1-нысан
Құжаттың ксерокөшірмесін жасауға арналған
ӨТІНІМ
Бөлім ____________________________________________
Орындаушының аты-жөні, тегі
_________________________________________________
телефоны ________________________________________
Р/с № | Құжаттың күні, атауы | Түпнұсқадағы парақ саны | Таралымы | Барлығы парақ |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Күні_________
Жалпы парақ шығысы___________
Рұқсат етемін: Кеңсенің
құрылымдық бөлімшесінің
басшысы немесе оның орынбасары
(кеңесші, бас инспектор)__________________
Ксерокөшірмелерді алғаны жөнінде қолтаңба
2-нысан
Құпия құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға арналған
ӨТІНІМ*
_____________________________________________
Орындаушының аты-жөні, тегі
_____________________________________________
телефоны ____________________________________
Құжаттың атауы | Құжаттың күні және № | Түпнұсқадағы парақ саны | Таралымы | Барлығы парақ |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Күні_________
Жалпы парақ шығысы___________
Рұқсат етемін:
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің меңгерушісі (орынбасары) немесе
құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау
секторының меңгерушісі
_________________________________________________________
Ксерокөшірмелерді алғаны жөнінде қолтаңба
_________________________________________________________
*) нарядтарды есепке алу журналы бойынша МҚҚБ-де есепке алынуға тиіс (31-ИРС нысаны)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша
Премьер-Министр Кеңсесінің ведомстволық архивінен құжаттарды беруге арналған
ӨТІНІМ
Бөлім _________________________________________________________
Кімге (Т.А.Ә.) __________________________________________________
Телефоны______________________________________________________
Құжаттың атауы | Құжатты тіркеу-есепке алу деректері | Түпнұсқа (құжат парақтарының саны) | Көшірме (құжат парақтарының саны) | Алушының қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Рұқсат етемін ______________________ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Күні _____________
15 - 31-қосымшалар. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
32-қосымша
Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
33-қосымша
Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
34-қосымша
Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
35-қосымша
Ескертпе:
1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.
36-қосымша. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен нұсқаулық өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 Қаулысымен нұсқаулық алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану
арқылы іс жүргізу жөніндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы
органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінің кесімдерін, Премьер-Министрдің өкімдерін, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру туралы өтінішпен Парламент Палаталары хаттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Премьер-Министрдің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау жөнінде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртібінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жүйелі түрде хабарлап отырады.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестіруді БҚҚБ жүзеге асырады, ол соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша:
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін не актілерінің тармақтарын;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;
3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды не тапсырмалардың тармақтарын;
4) Үкіметке және оның басшылығына жолданған Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын;
5) Президенттің Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілері болған кезде, қызметтік және өзге де құжаттар бойынша жолданған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмаларын;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша кеңестерді;
7) орындалу мерзімі көрсетілген немесе «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, бақылауға алу туралы нұсқау бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесіне, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы адамның) атына жолданған тапсырмаларын;
7-1) Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын;
8) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының мәлімдемелерін;
9) прокурорлық қадағалау актілерін;
10) Конституциялық Кеңестің сұрау салуларын, нормативтік қаулылары мен жолдауларын;
11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салуларын, қаулыларын бақылауға алады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшін Кеңсе Басшысы бекіткен осы бөлімшелер мен олардың функционалдық міндеттері туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бекітіп беріледі.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарын бекітетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкімді орындаушыға (қаулы немесе өкім жобасының Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне) жүктеледі.
Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісу бойынша құжаттар бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құрылымдық бөлімшелер арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру бөлімге түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кеңсе Басшысының қарары негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте ЭҚАБЖ дерекқоры бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберілген бақылаудағы құжат («ҚБП» белгісі бар құжаттарды қоспағанда) 1 (бір) жұмыс күні ішінде аталған құжатты тікелей орындауды жүзеге асыратын жауапты орындаушыға (орындаушыларға) берілуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітілген әрбір бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетін бөлімшенің қызметкерін (бұдан әрі - орындаушы) айқындайды.
Құрылымдық бөлімшелерде бақылаудағы құжаттардың орындалуын үйлестіруді құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы не оның бақылауға жауап беретін орынбасары жүзеге асырады. Аталған лауазымды адам осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген, құрылымдық бөлімшеде орындалып жатқан бақылаудағы тапсырмалардың күн сайынғы мониторингін жүргізуге және құрылымдық бөлімше басшысын уақтылы хабардар етуге міндетті.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берілген құрылымдық бөлімшесі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы (бұдан әрі - бақылау секторы) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларынан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі болған кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
Бақылаудағы құжаттардың тізбесі мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырылмай орындалуға жатады.
Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы күні бұрын белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырма берген лауазымды тұлғасының атына (не мемлекеттік орган басшысының қолы қойылып - Кеңсенің лауазымды тұлғасының атына), орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, орындаудың нақты мерзімі, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 7-2-тармақпен толықтырылды
7.2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының (оның міндеттерін атқарушы адамның) «назарға алынды» деген белгісі бар жоспарлы есептік ақпарат бойынша тапсырмалары бақылауға алынуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Егер Кеңсе басшылығы тапсырманы бірнеше құрылымдық бөлімшеге берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында «(жинақтау)» немесе («жинақ») деген белгісі бар бөлімше жүзеге асырады.
Тапсырмаларды бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер өздерінің ұсыныстарын жауап (тапсырма) жобасын қол қоюға беру мерзіміне дейін бір күннен кешіктірмей жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге енгізеді.