8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын) қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасауды;
шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді;
оңтайлы салық салу режимін белгілеуді;
шағын және орта кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдауды;
шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасауды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуді;
жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды;
ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
4. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Индустриялық аймақтардың міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
6. Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесінің нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертеді, не Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату шартына не рұқсатқа қажетті инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын міндетті түрде қоса отырып, тұрғын үйді тұрғын емес үй-жай етіп қайта жабдықтауға рұқсат береді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.
Арнайы қордың негізгі міндеттері:
1) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
4) қаржы лизингін дамыту;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;
6-2) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, арнаулы қордың ішкі нормативтік құжаттарында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;
6-3) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық институттар беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.
19-бап. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдік берілген көлемiн сатып алу.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) екiншi деңгейдегi банктер және микрокредит беру арқылы кредит берудi ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары халықты жеке кәсіпкерлікке тарту, жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру мақсатында құрылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:
1) кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;
3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) семинарлар, тренингтер өткізу;
8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;
9) шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.
Бизнес-инкубатордың міндеттері:
1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншікке иелік етуге уәкілетті тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
20-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау олардың бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Шағын кәсіпкерлікті оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау:
жеке кәсіпкерлікті жүргізу мәселелері бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдістемелік құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
өңірлерде ақпараттық, консалтингтік орталықтар желісін құру;
өңірлерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
22-бап. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау республикалық және өңірлік деңгейлерде жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің мерзімі, көлемі мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Жеке кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету
Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар таратуға шек қойылмаған, оның ішінде осы Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегін негізде тарату үшін интернет-ресурстар құруға және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге міндетті.
5-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІН
ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ САРАПТАМА ЖАСАУҒА ҚАТЫСУЫ
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерi
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектiлерiнiң республикалық бiрлестiктерi;
облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері түрінде кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қаржыландыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелік жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қамтамасыз етіледі.
25-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу
1. Жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттелуге:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы - (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бiрлестiктерiнің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық бiрлестiктер филиалдары;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерiнің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерінің филиалдары жатады.
3. 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Егер аккредиттелуге бір әкімшілік-аумақтық бірлік, бір қызмет саласын білдіретін екі және одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын біріктірген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Сарапшылық кеңестер
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестің құрамына ұжымдық мүше ретінде кіреді және өкілеттігі сенімхатпен расталатын өз өкілі арқылы әрекет етеді.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің құрамы мемлекеттік органдар басшыларының шешімдерімен бекітіледі.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік орган, мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестің қарауына енгізеді.
3-1. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарауы осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.
3-2. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.
4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Сарапшылық кеңестердің жұмысын талдау мен оның мониторингін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылатын үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің құрамын уәкілетті органның басшысы қалыптастырады.
6-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
27-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында (бұдан әрi - тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мына шарттардың біреуіне сай келетін:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын;
2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)
3) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
1) төлем көзінен салық салынатын;
2) мүлік табыстарын;
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын уәкілетті орган бекiтедi.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;
2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.
Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
Бесінші бөлік 2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға - заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде - неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік кіріс органы, егер:
1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;
2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;