508-75) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-76) балық аулау объектілері болып табылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
508-77) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-78) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-79) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-80) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
508-81) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
508-82) балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-83) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
508-84) балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-85) су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді, оларды орнатуды келіседі;
508-86) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
508-87) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-88) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
508-89) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-90) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
508-91) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-92) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді;
508-93) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін әзірлейді;
508-94) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
508-95) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар мен басқа да су жануарларын түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импортына, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортына және (немесе) реэкспортына рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
508-96) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
508-97) балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
508-98) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
508-99) балықтар мен басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
508-100) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
508-101) су тарту және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;
508-102) балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
508-103) Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
508-104) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-105) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
508-106) балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
508-107) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
508-108) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-109) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану үшін белгіленген шектеулер мен тыйым салудың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-110) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
508-111) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
508-112) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі балықтар мен басқа да су жануарларын, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
508-113) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы және (немесе) учаскелердегі балықтар мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
508-114) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
508-115) балық ресурстарын және басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
508-116) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
508-117) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-118) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
508-119) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;
508-120) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
508-121) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және лизинг кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асырады;
508-122) ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
509) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бір бөлігінің қолданысын жояды немесе тоқтата тұрады;
5) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
7) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға қолбелгі қояды;
8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауаптылықта болады;
9) Қоғамдық кеңес құрады және оның құрамын бекітеді;
10) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Министрлік өзіне бекітіп берілген, өзінің теңгерімінде тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан өз бетінше жүзеге асырады.
23. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.25.11. № 949 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.01.09. № 755 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4-2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4-4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы.
6. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
7. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
8. «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Біржан сал ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
17. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
18. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
19. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
20. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
21. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
22. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
23. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
24. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
25. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
26. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
27. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
28. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
29. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
30. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
31. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
32. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
33. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
34. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
34-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
35. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
36. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
37. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
38. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
39. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
40. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Іле аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
41. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
42. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
43. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
44. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көксу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
45. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
46. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Кеген ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
47. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқант аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
48. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талғар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.