2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері мыналар болып табылады:
1) шама бірліктері;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
3) шама бірліктерінің эталондары;
4) өлшем құралдары;
5) стандартты үлгілер;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
7) өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар
1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:
салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.
9-бап. Шама бiрлiктерi
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өлшемдер және салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі.
2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-бап. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары
Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары құрайды, олардың құрылуын және ұстап-тұруын мемлекет жүзеге асырады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады және олардың мөлшерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.
Шама бірліктерінің мөлшерлерін беру - шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, ал Қазақстан Республикасында шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросы шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттер шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары
Шама бірліктерінің эталондары олардың мөлшерлерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.
Шама бірліктерінің эталондары - Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бап. Өлшем құралдары
Өлшем құралдары бірліктері белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды айқындау үшін пайдаланылады.
Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
11-2-бап. Стандартты үлгілер
1. Стандартты үлгілер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттар (материалдар) құрамының немесе қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналады.
Стандартты үлгілер өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері
1. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін белгілеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.
2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, жасаушылар және (немесе) олардың иелері әзірлейді және бекітеді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Өлшемдерді орындау әдістемелері
Өлшемдерді орындау әдістемелері осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есепке алу операцияларын жүргізу үшін зерттеу объектілерін сынау кезінде қолданылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
3-тарау. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында типін бекітуге жатады.
Уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелері негізінде қабылдайды және ол өлшем құралдарының типін бекіту туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Айналымға санаулы данада шығарылатын, осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары үшін метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтарды және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық, оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.
Өлшем құралдарының бекітілген типі және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
4. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы ақпарат және бекітілген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланудағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары осы Заңның 19-бабының талаптары сақтала отырып, толық физикалық тозғанға дейін қолданылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу құқығына аккредиттеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау міндетті болып табылады.
Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу ерікті болып табылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Аккредиттеу субъектілері қолданатын шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.
3. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi электрондық есепке алуды және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берудi жүзеге асыруға тиiс.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушілері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Физикалық шамалардың өзгерістерін олардың мәндерін нормаланған дәлдікпен шамалар бірліктерінде бағалаусыз байқау үшін қолданылатын өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына және шама бірліктерінің эталондарына калибрлеу жүргізіледі.
Типі бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.
Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндері, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.
5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. Метрологиялық сараптама
1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың жобаларындағы стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
2. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі және техникалық регламенттердегі стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты
Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері мыналар болып табылады:
1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
2) аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;
3) өлшем құралдары;
4) стандартты үлгілер;
5) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;
6) өлшемдерді орындау әдістемелері.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын объектілерге қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы
Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
4) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
5) қару-жарақ, әскери техника өндірісі;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде нәтижелері пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың нақты орындалуын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
25-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан өтуге тиiс.
3. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өгертілді
1) тексеру тағайындау туралы актіні, сондай-ақ қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша өгертілді (бұр.ред.қара)
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, өлшем құралдарын салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және стандартты үлгілерді пайдаланудан алып тастау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;