3) объектілік деңгейде - ұйымдардың басшылары;
4) салалық кіші жүйелерде - орталық атқарушы органдардың басшылары жүзеге асырады.
4. Азаматтық қорғаудың басқару органдары:
1) республикалық деңгейде:
уәкілетті орган;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) аумақтық деңгейде:
жергілікті атқарушы органдар;
уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері;
3) объектілік деңгейде - ұйым басшылары болып табылады.
5. Азаматтық қорғау жүйесінде мемлекеттік басқару азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бейбіт уақытта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің мынадай жұмыс істеу режимдері белгіленеді:
1) күнделікті қызмет режимі - төтенше жағдайлардың туындау қатерінің болмауымен сипатталатын, ведомстволық бағынысты аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шаралар жүргізеді:
төтенше жағдайларды болжау;
халықты, объектілерді және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпарат жинау, өңдеу және алмасу;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, дайындығын ұйымдастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау;
азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін материалдық ресурстардың резервтерін құру, орналастыру, сақтау және орнын толтыру;
өз өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
2) жоғары әзірлік режимі - төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген кезде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Жоғары әзірлік режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының туындауын болжау;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын түзету;
қажет болған кезде азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдарының басқару пункттерінде тәулік бойы кезекшілік етуін енгізу;
болжанатын төтенше жағдайлар туралы деректерді жинау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, мемлекеттік органдар мен халыққа олардан қорғану тәсілдері туралы хабар беру;
төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда нұқсан мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қолдану;
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервтерінің орнын толтыру;
қажет болған кезде эвакуациялау іс-шараларын жүргізу;
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) төтенше жағдай режимі - төтенше жағдай туындаған кезде және оны жою кезінде енгізілетін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;
туындаған төтенше жағдайлардың өршуін және олардың салдарларын болжау;
орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты төтенше жағдайлардың туындауы және олардың салдарлары туралы құлақтандыру;
төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану;
төтенше жағдай аймағындағы жағдай мен оны жою жөніндегі жұмыстардың жүргізілу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру және қолдау;
төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
5-бап. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі
1. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі:
1) республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасының аумағын қамти отырып, республикалық құлақтандыру жүйесі;
2) аумақтық деңгейде - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарын қамти отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі;
3) объектілік деңгейде - адамдар жаппай болатын объектінің, қауіпті өндірістік объектінің аумағын және төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халықты қамти отырып, жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.
2. Республикалық құлақтандыру жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының халқына;
2) азаматтық қорғаудың басқару органдарына;
3) азаматтық қорғаудың күштеріне;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Республикалық құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала, астана халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;
2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;
3) шұғыл және авариялық қызметтерге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
4. Жергілікті құлақтандыру жүйесі:
1) төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа;
2) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым жұмыскерлеріне;
3) адамдар жаппай болатын объектінің аумағындағы жеке тұлғаларға;
4) қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына;
5) төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан заңды тұлғалардың басшыларына және кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлға қамтамасыз етеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді:
республикалық деңгейде - жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлар, республикалық құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша республикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде - уәкілетті органның басшысы;
аумақтық деңгейде - жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқын құлақтандыру үшін - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі не төмен тұрған әкім, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;
объектілік деңгейде - адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға береді.
6. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы іске қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше жағдайдың туындау қатері немесе туындауы туралы және қалыптасқан жағдайда адамдардың әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты бір уақытта және бірнеше рет қайталап жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
7. Республикалық және аумақтық деңгейде құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жергілікті құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі.
6-бап. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшелерінде құрылады.
2. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін қалыптастыруды, дамытуды және оның жұмыс істеуін уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, адамдар жаппай болатын объектілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалар ақпараттық-коммуникациялық желілер мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады.
4. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өз құзыреті шегінде авариялық және шұғыл қызметтердің, байланыс операторларының, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің дерекқорларында бар ақпаратты пайдалануға құқығы бар.
5. Жеке және заңды тұлғалардан хабарламаларын қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында «112» бірыңғай телефон нөмірі жұмыс істейді.
6. Байланыс операторлары төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған кезде қоңырау шалушы абоненттің тұрған жерін анықтау және халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне өтеусіз негізде ұсынуға міндетті.
7-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі консультациялық-кеңесші органдар болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Республикалық деңгейде уәкілетті органның шешімімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылады.
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия өз өкілеттіктерін орталық және жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері:
1) азаматтық қорғауды дамытудың және одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары;
2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру;
3) азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын құру және дамыту;
4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларға қатысты мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан өз жұмысына қажетті олардың қызметі туралы ақпаратты сұратуға;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауына талдау жүргізуге;
5) азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдамалық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды орындау үшін ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісу бойынша) тартуға;
6) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін бекітілген нормалар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Аумақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар құрылады, олар өз қызметін оларды құру туралы шешімдермен айқындалатын өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдардың басшылары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар төрағаларының орынбасарлары болып табылады.
8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері және эвакуациялық органдар
1. Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындау үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметтері құрылады.
2. Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғау қызметтері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен құрылады.
4. Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.
9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары
1. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық қорғау құралымдарына, бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқамалары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке жарамды еркектер мен әйелдер қабылданады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Уәкілетті органның білім беру ұйымдары
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті органның білім беру ұйымдары уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау мақсатында, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның білім беру ұйымдарының басты міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау;
2) азаматтық қорғау саласындағы мамандардың кәсіби өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдайлар жасау;
3) мамандар даярлау бейініне сәйкес қызметті жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулердің алынған нәтижелерін оқу процесі мен практикаға енгізу болып табылады.
3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтық қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв салаларында оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
2) мемлекеттік резервті құрады;
3) жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік резервті дамытудың бірыңғай саясатын айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен қаражат бөледi;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;
7), 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемін бекітеді;
10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекітеді;
13), 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) - 22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекітеді;
24) республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекітеді;
25) міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді;
26) төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
27) - 30) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
32) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттiк резервтiң төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшiн пайдаланылған материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;
33) 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
34-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 34-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
34-2) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
35) - 37) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда, сауда қызметiнің субъектiлерi - материалдық құндылықтарды алушылардың тiзбесiн, сауда үстемеақысының көлемiн, бағасын және мөлшерiн бекітеді;
39) ірі ауқымды авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар кезінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін азаматтық қорғаныстың жекелеген әскери бөлімдерін өрістету туралы шешім қабылдайды;
40) республикалық және аумақтық кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын басқа жерге орын ауыстыру, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түріне қайта бейіндеу немесе тарату туралы шешім қабылдайды;
41) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тарту туралы шешім қабылдайды;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42) тармақша өзгертілді
42) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану үшін материалдық құндылықтарды шығару, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру, кәдеге жарату жағдайларын қоспағанда, қарызға беру және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
43) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектілерді орналастыру және салу жөнінде шешімдер қабылдайды;
44) 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46) мемлекеттік резервке бюджет қаражаты есебінен белгіленген көлемдерден тыс материалдық құндылықтарды қосымша салу туралы шешім қабылдайды;
47) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;
49) - 51) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53) - 57) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
58) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекітеді;
59) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60), 61) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
62) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекітеді;
63) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекітеді;
64) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекітеді;
65) қажет болған кезде шет мемлекетке, халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайды жоюға көмек көрсетуге өтініш білдіреді;
66) - 68) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)