7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, мұндай мәмілелердің үлгілік шарттарын банктің директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Банктің басшы қызметкері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері банк пен:
олардың өздерінің;
өзінің кез келген жақын туысының немесе өзінің жұбайының (зайыбының);
өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
8. Банк уәкiлеттi органға өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетт.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8-1. Банктің еншілес ұйымдарына, сондай-ақ капиталына банк қомақты қатысатын ұйымдарға субординарлық борыш талаптарына сәйкес келетін, банк шығарған облигацияларды иеленуге және (немесе) банкке қарыздар беруге тыйым салынады.
9. Банктің директорлар кеңесі банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы жеке тұлға немесе банк холдингі осы Заңның 17-1-бабында белгіленген тиісті мәртебені иелену аясында ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
Банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын банктің директорлар кеңесі қарауының нәтижелері туралы банк уәкілетті органды банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын банктің даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Банктің директорлар кеңесі банктің даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
11-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. Осы баптың 1, 2 және 3-1-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым мен бас банк арасында жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
Осы баптың 3-1-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға әкеп соғатын, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілдi (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Банк омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау тәртібі
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қарыз алушының және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және қарыз алушы - жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның өтініші бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады.
Банк омбудсманы өз қызметінде мынадай:
1) тараптардың теңқұқылығы;
2) омбудсманның турашылдығы;
3) банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін сыйлау;
5) шешім қабылдау рәсімінің айқындығы мен негізділігі қағидаттарын басшылыққа алады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және банк омбудсманы сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.
2. Банк омбудсманын сайлауды және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды өкілдер кеңесі жүзеге асырады. Өкілдер кеңесі:
1) ипотекалық қарыз беретін әрбір банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан;
2) әділет органдарында тіркелген және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын, олар болған жағдайда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығынан (одағынан) және (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінен;
3) уәкілетті органнан бір-бір өкілден құрылады.
Өкілдер кеңесінің құрамында ипотекалық қарыз беретін банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қатысуы міндетті болып табылады және осы Заң мен өкілдер кеңесі бекіткен банк омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) банк омбудсманы қызметіне сайлау үшін кандидатура ұсыну және оны бекіту;
2) құрылым мен штатты (банк омбудсманының офисін) бекіту;
3) банк омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібін айқындау;
4) осы Заңға сәйкес банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
4. Өкілдер кеңесінің отырысы, егер оған қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу және одан да көп пайызын иеленсе, заңды деп, ал кворум талабы сақталған болып танылады.
Банк омбудсманы кеңестің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Дауыс беру кезінде өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
Банк омбудсманын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру құпия тәсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беру бюллетенінде банк омбудсманы қызметіне сайлау үшін ұсынылған кандидаттар туралы мынадай ақпарат:
1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесінің аты;
2) білімі туралы мәлімет;
3) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға үлестестігі туралы мәлімет;
4) жұмыс орындары мен атқаратын қызметтері туралы мәлімет;
5) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат;
6) «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген сөздермен білдірілген мәселе бойынша дауыс беру нұсқалары қамтылуға тиіс.
5. Банк омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
Банк омбудсманының өкілеттігін оның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама өкілдер кеңесі бекіткен банк омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын беріледі.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-2-баппен толықтырылды
40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар
1. Банк омбудсманы етіп сайлау үшін:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) қаржылық қызметтерді реттеу саласындағы жұмыста үш жылдан аз жұмыс өтілі бар;
4) бұрын уәкілетті орган оны консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқарушы қызметкері болып табылған адам ұсынылмайды. Бұл талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Банк омбудсманының қаржы ұйымдарында және микроқаржы ұйымдарында кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үлестес тұлғасы болуға құқығы жоқ.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-3-баппен толықтырылды
40-3-бап. Банк омбудсманының шешім қабылдау тәртібі
1. Банк омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және ол дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
Банк омбудсманы шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Банк омбудсманы мынадай:
сот қарауға қабылдаған және (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі бар;
өтініш беруші адам ипотекалық қарыз шарты шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында оның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазған өтінішінің жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;
істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген;
сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ипотекалық қарыз шарты бойынша өтініштерді қарамайды.
Осы тармақтың талаптары осы Заңның 40-1-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қарыз алушының - жеке тұлғаның жүгінуіне қолданылады.
3. Банк омбудсманының шешімі, қарыз алушы оны қабылдаған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үшін міндетті.
Банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда мүдделі тарап өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қарыз алушы - жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтініштері бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Осы Заңның 40-1-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қарыз алушының - жеке тұлғаның жүгінуі бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру арқылы өзара қолайлы нәтижеге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Өтінішті қарау нәтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, қарыз алушының және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-4-баппен толықтырылды
40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі
1. Банк омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі өкілдер кеңесіне кіретін банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады. Банк омбудсманы өкілдер кеңесімен келісім бойынша құрылым мен штат (банк омбудсманының офисін) құруға құқылы.
3. Банк омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
Банк омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Банк омбудсманы осы баптың 1-тармағында және осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 40-5-баппен толықтырылды
40-5-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
1. Банктер тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауаптылықта болады.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 4-тарудың тақырыбы жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Банктердің қызметін реттеу
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 16.07.99 ж. № 436-1 ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 41-бап өзгертiлдi
41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
күдiктi және сенімсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
банкiлердiң қызметiн тексеру;
ертерек ден қою шараларын қолдану;
банкiлерге ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 42-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
банкінің жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;
өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
өтiмдiлiк коэффицентi;
ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктің ірі қатысушыларын пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.
Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
1-1. Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және есеп айырысу әдістемесін, тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.
2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бір күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бір күнге шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртібі мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
4. Банк, банк конгломераты уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк, банк холдингі уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.
5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда, банк холдингі, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін жақсарту, оның ішінде банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылады (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (ы ред. қара) Заңдарымен 43-бап өзгертiлдi; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43-бап. Провизиялар (резервтер)
1. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылаудың тиiстi деңгейін және оның сенімдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 44-бап өзгертілдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 44-бап өзгертілдi (бұр.ред.қара)
44-бап. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
1. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердің және (немесе) банк конгломераттарына қатысушылардың (банк холдингтерін қоспағанда) қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
2. Банктер, банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуіне не үшiншi тұлғаларға беруіне тыйым салынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірі орындалған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;