3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан салық органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;»;
4) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде салық органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.»;
180) 649-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік 8) тармақшасындағы «белгіні қамтуға тиіс.» деген сөздер «белгіні;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Компьютерлік жүйелердің (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) бақылау чегі осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс.»;
181) 650-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты енгізуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Төлем карточкалары пайдаланылған кездегі төлемдер сомалары ескерілген кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері фискалдық есепті алған кездегі кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомаларына сәйкес келуге тиіс.»;
5-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген салық органына:»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық ақау жойылғаннан кейін фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органы рұқсат берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінбей жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген және (немесе) оған қызмет көрсету жүргізілетін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын жөндеу аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде салық төлеуші деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркелген орны бойынша салық органына техникалық қызмет көрсету орталығының жөндеу жүргізу мерзімі көрсетілген ақау себептері туралы қорытындысын табыс етеді.»;
6-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) фискалдық жадынан не фискалдық деректер жинақтауышынан деректерді алуға мүмкіндік болмаса;
3) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында салық органының пломбасы болмаса немесе бүлінсе;»;
4-тармақшадағы «жоқ болса техникалық ақаулы деп есептеледі.» деген сөздер «болмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) фискалдық деректердің операторы ұсынатын жарамды байланыс бола тұра, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкіндігі болмаса, техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
«9. Салық органдары қолма-қол ақшаны және (немесе) тауар чектерін есепке алу кітабын ауыстыруды салықтық өтініш салық органында тіркелген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
182) 652-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындауы жөнінде талдау, камералдық бақылау және (немесе) салықтық тексерулер жүргізу кезінде бақылау-касса машиналарының фискалдық жады блоктарында сақталатын деректерді не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының салық органдарына фискалдық деректер операторы арқылы берілген деректерін пайдаланады.»;
183) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
183) 656-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Уәкілетті мемлекеттік орган бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын салық органы қызметкерi куәгерлердi (екіден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:
1) оның жасалған орны мен күнi;
2) актіні жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi;
4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;
5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.»;
184) 668-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
4-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
169-баптың сегізінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi аяқталғанға дейiн табыс етіледі.
Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын табыс етеді.».
5-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкасының», «ставкалар», «Ставкалар», «ставкалары», «ставкасын», «ставкасы», «ставкасына», «ставканың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелер», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен, «процентінен», «процентін», «процентімен», «процент», «проценттен», «проценті», «проценттік», «процентсіз» деген сөздер тиісінше «пайызынан», «пайызын», «пайызымен», «пайыз», «пайыздан», «пайызы», «пайыздық», «пайызсыз» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлендірілген» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;»;
6-тармақта:
бірінші абзац «адвокаттың» деген сөзден кейін «, кәсіби медиатордың» деген сөздермен толықтырылсын;
г) тармақша алып тасталсын;
д) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«д) мемлекеттік кіріс органдарына тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі.
Клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөніндегі мәліметтер прокурордың санкциясымен беріледі;»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
Осы баптың осы тармағында және 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде уәкілетті органмен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тек салықтық әкімшілендіру мақсатында беріледі.»;
3) 51-баптың 1-тармағының екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негiздер бойынша ғана қолданылуы мүмкiн.»;
«Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кіріс органдарының бірiншi басшысы қол қоюға және сол органның мөрiмен куәландырылуға тиіс.»;
4) 54-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларация бар болса, оның көшірмесін беруге тиіс.».
6-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 9-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:»;
2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік лауазымдар атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.
2-1. Мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына:»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көрсетілген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.»;
3-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Арнаулы мемлекеттік органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына осы баптың 3-тармағында көрсетілген декларация мен мәліметтерді табыс етеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 3-1-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органының одан алғаны туралы анықтама табыс етеді.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік кіріс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетілген органдардың сұрау салулары бойынша ғана, сондай-ақ заңда белгiленген сот тәртiбімен табыс етiледi.»;
2) 13-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына көрсетілген адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиісті функцияларды орындауына байланысты алған қаражаты олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;»
3) 18-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады.
3. Егер мемлекеттік функцияларды орындайтын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылғаннан, тиiстi функцияларды орындаудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына құқыққа қайшы алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей, заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.».
7-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
7. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат):
1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) уақытша қорғау шаралары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік кіріс органдары қорғау баждары түрінде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;».
8-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
8. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әскери қызметшілері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери полициясы мен тәртіп бөлімдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;».
9-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
9. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: