Қазақстан Республикасының
Заңы
Халықтың көші-қоны туралы
(2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері
4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары
6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу
7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу
2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-1-бап. Алып тасталды
9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті
11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
16-бап. Алып тасталды
17-бап. Алып тасталды
17-1-бап. Алып тасталды
18-бап. Алып тасталды
19-бап. Алып тасталды
19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы
19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия
20-бап. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздер
21-бап. Алып тасталды
21-1-бап. Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
22-бап. Алып тасталды
23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары
24-бап. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
25-бап. Қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасының қолданылуын тоқтату
25-1-бап. «Ата жолы» картасын беруден бас тарту үшін негіздер
26-бап. Қандастардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу
27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі
29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Білім алу мақсатында көшіп келу
30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер
31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары
32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру шарттары
33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер
6-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында көшіп келу
34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары
35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары
36-бап. Шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
37-бап. Шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің тәртібі
37-1-бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы
37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері
39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары
41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары
42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары
43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары
43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі
7-тарау. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша көшіп келу
44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары
45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер
46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары
47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары
8-тарау. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасына келуінен бас тарту үшін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жалпы негіздер
48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер
49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негіздер
9-тарау. Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар
50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар
51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
10-тарау. Ішкі көшіп-қонушыларға жәрдем көрсету
52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек
11-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі. заңсыз көшіп келудің алдын алу
54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары
55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі
55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі
56-бап. Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер
57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері
58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шаралары
11-1-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
58-1-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
58-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
12-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық. Дауларды шешу
59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу
60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғау
61-бап. Дауларды шешу
13-тарау. Қорытынды ережелер
62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандарды», «оралмандарға», «оралмандардың», «оралман», «Оралмандарды», «Оралмандардың», «Оралмандар», «Оралман», «оралманның» және «Оралмандарға» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастарды», «қандастарға», «қандастардың», «қандас», «Қандастарды», «Қандастардың», «Қандастар», «Қандас», «қандастың» және «Қандастарға» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Ата жолы» картасы - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету - қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
4) еңбек көші-қоны - еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат - жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
5) заңсыз көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңсыз көшіп келуші - келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
7) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
8) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;
10) көшіп-қонушы - себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1) қабылдаушы тұлға - көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері - Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылды
13-1) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-2) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
13-3) қандастар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор - этникалық қазақтар, қандастар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама - экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды
13-5) реадмиссия - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету, болу немесе тұру мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі (қайтаруы) және екінші мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;
14) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді
17) тұрақты тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) уақытша болатын (тұратын) жер - тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) уақытша орналастыру орталығы - этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді
19) уақытша тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
19-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20-1) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) шақырушы адам - Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда
22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді
23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
24) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
27) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері
Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар:
1) тарихи отанына оралу мақсатында;
2) отбасын біріктіру мақсатында;
3) білім алу мақсатында;
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;
5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.
4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері
1. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарға:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беруге;
2) ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
3) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға;
4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы және бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығына;
5) мемлекеттің көшіп келудің әрқилы түрлерін реттеудегі сараланған тәсіліне негізделеді.
2. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
2) өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, қандастарды ұтымды орналастыруды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту;
4) ішкі еңбек нарығын шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау жолымен қорғау;
5) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына ықпалдасуын қамтамасыз ету;
6) халықтың жаппай көші-қонына әкеп соқтыруы мүмкін жанжалдардың алдын алу және оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;
7) ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағында ұтымды қоныстандырылуын қамтамасыз ету;
8) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен өзара қарым-қатынасты, оның ішінде мәдени ынтымақтастық пен ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;
9) этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу;
10) көші-қон процестерін реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, заңсыз көшіп келудің алдын алу және жолын кесу болып табылады.
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;