327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ветеринариялық қағидаларды эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жербетi немесе жерасты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, қоқыстау, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер бұл қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаға ірі залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерiнде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
329-бап. Атмосфераны ластау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
330-бап. Теңiз ортасын ластау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан теңіз ортасын ластау, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын құру, сол сияқты құрылыстарды және теңiздегi кеме жүрісінің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету және салынғандарын жою қағидаларын бұзу -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағының табиғи байлығына тиiстi рұқсатсыз жүргізілетін зерттеу, барлау, оны игеру -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
332-бап. Жердi бүлдiру
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жердi өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты пестицидтерді, улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн ынталандырғыштарды немесе өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтi немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау және жүргізу кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу, егер бұл іс-әрекет:
1) айтарлықтай залал келтіре отырып;
2) жарылғыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерін жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерi қолданыла отырып жасалса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты;
2) уылдырық шашатын орындарда, басқа да су жануарларының көбею орындарында немесе ол жерге өріс аудару жолдарында;
3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, iрi залал келтiре отырып жасалған не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 336-бап өзгертілді
336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу
Көпірлер, бөгетшелер салу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинағыш құрылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
337-бап. Заңсыз аңшылық
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, қолға түсірудің басқа да құрал түрлерін, иттерді, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, жегін көлікті қолданып заңсыз аң аулау, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса, сол сияқты жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған заңсыз аң аулау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;
3) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығыншектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 338-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру немесе көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды немесе басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуына немесе қырылуына әкеп соққан бұзу, сол сияқты аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын пайдалану немесе қорғау тәртібін ірі залал келтірген бұзу -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 339-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 339-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
339-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) ірі залал келтіре отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау -
мүлкі тәркіленіп, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау -
мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;
3) iрi залал келтiре отырып;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау