73. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бес-жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
74. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
75. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
76. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
77. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір он екі толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
78. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
79. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұнда,
І1 І2, І3,...,Іn - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, І мәні үтірден кейін үш санға дейін (қоса алғанда) дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
80. Тұтыну бағасының индексін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі ай сайын жариялайды.
81. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
82. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 10-бөліммен толықтырылды
10. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
83. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
84. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 10 АҚШ долларына баламалы теңгедегі сома.
85. «Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» деген атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МАОКАМ) деп аталады.
86. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер екі және үш жыл айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
87. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру агент арқылы жазылуды жүргізу жолымен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары арасында ғана жүзеге асырылады.
Агентті тарту туралы шешімді эмитент қабылдайды. Агенттерді іріктеу әлеуетті агенттердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін, әлеуетті агенттер ұсынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі шарттардың қолайлылығын бағалау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады. Тендердің қорытындылары бойынша эмитент агентпен агенттік келісім жасасады.
88. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу депозитарийдегі депоненттердің дербес шоттары бойынша және депоненттердің дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 89-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының қосалқы шотынан не атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының дербес есеп шотынан үзінді көшірме беру жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент орталық депозитарийге арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
91. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің шығарылымына жазылу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей эмитент бұқаралық ақпарат құралдары және агент арқылы арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы жариялайды. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы хабарландыру мыналарды: арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу және сатып алу, оларды айналысқа қосу тәртібін, шығарылған күнін және нөмірін, айналым мерзімін, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу және өтеу күнін, сыйақы сомасын есептеу әдісін, өтінімдерді қабылдау орнын қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 92-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
92. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу 10 (он) жұмыс күні ішінде жалғастырылады. Эмитент жазылу мерзімін 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Жазылу мерзімін ұзартқан жағдайда, эмитент жазылу мерзімін ұзарту басталған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы агентті және орталық депозитарийді хабардар етеді және қажет болған кезде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
93. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылуды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінімді агентке береді және өтінімде көрсетілген арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің санына сәйкес келетін сомада сатып алынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер үшін ақы төлеуді жүргізеді. Өтінімдер бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтінімдер берілетін күнге белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша қолма-қол да және сол сияқты қолма-қол емес нысанда да теңгемен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Жеке тұлғаның агенттің атаулы ұстауының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда, өтінімді берумен бір мезгілде жеке тұлға шотты ашуға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін қоса бере отырып, брокерлік қызмет көрсету және атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалатын шарттың негізінде агенттің ішкі құжаттарына сәйкес дербес шот ашады. Агент орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде тиісті қосалқы шот ашуы тиіс.
95. Жазылу жүргізу кезеңінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға жеке тұлғалар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.
96. Жазылу жүргізу кезеңінде агент операциялық шығыстар үшін жеке тұлғалардан төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақының сомасына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. Жазылу жүргізу кезеңінде агент жұмыс күні ішінде өтінімдер қабылдауды жүргізеді. Келесі күні Астана қаласының уақытымен сағат 11.00-ге дейін Агент қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосін қалыптастырады және эмитентке әрі бұйрықтарды бастапқы орналастыруға үшін орталық депозитарийге жібереді.
Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есептейді және сол күнгі Астана қаласы уақытымен сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. Агент орталық депозитарийдің есебін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастырудан түсетін қаражатты эмитентке аударады.
99. Жазылу аяқталған күнінен бастап екінші күні эмитент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру нәтижелерін агентке жібереді.
100. Агенттің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы төлеу тәртібі агенттік келісіммен анықталады. Комиссиялық сыйақы мөлшері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
101. Жазылу аяқталған күнінен кейінгі келесі күн арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу осы міндеттемелерді өтегенге дейін екі жұмыс күні бұрын аяқталады.
102. Қазақстан Республикасының резидент жеке және заңды тұлғалары қайталама нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
103. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушы болып табылатын жеке тұлға бағалы қағаздардың қайталама нарығында арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар операциялар жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда мәміле жеке тұлға мен агент арасындағы брокерлік қызмет көрсету мен атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалған шарттың негізінде жасалады.
104. Агент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардан брокерлік қызмет көрсеткені үшін төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақы сомасына енгізіледі.
105. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу мерзімділігі - жарты жылдық. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен төлем күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады және сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні өткен соң қайта басталады.
106. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
107. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S = № * С * 180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
№, теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108. Сыйақы төлеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий сыйақы алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және сыйақы төлеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
109. Сыйақы төлейтін күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен ақшаны алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада орталық депозитарийдің позициясына аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110. Сыйақы төлейтін күні Астана қаласының уақытымен сағат 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес эмитенттен түскен ақшаны депоненттерге аударады.
111. Депонент сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеуді жүзеге асырады.
112. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен атаулы құн бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнінен бастап, екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
113. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар мәмілелерді тіркеу арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 114-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114. Өтеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий өтеу кезінде ақша алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және өтеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Өтеу күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада ақшаны орталық депозитарийдің позициясына аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 116-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
116. Өтеу күні Астана қаласының уақытымен 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес депоненттерге ақша аударады және бір мезгілде қосалқы шоттардан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.
117. Депонент өтеу күнінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеуге ақша аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.13.12. № 832 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін сатып алуға
№ ________ ӨТІНІМ
Осы арқылы өтінім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін («ISIN»___________) (бұдан әрі - облигациялар) сатып алу ниеті туралы хабарлайды.
1. Өтінімді толтыру күні ____________
2. Өтінімді толтыру уақыты ____________
3. Өтінім берушінің аты-жөні _______________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)
4. Өтінім берушінің туған жылы ___________
5. Жеке басын куәландыратын құжат
___________________________________ _______________________
(құжаттың атауы) (нөмірі)
_________________________ _______________________
(құжат берілген күн) (құжатты кім берген)
6. Өтінім берушінің ЖСН |____________________|
7. Тұрақты тұратын мекен-жайы ___________________________________
8. Сатып алынатын облигациялар саны (дана) ___________________
9. Өтінім сомасы (теңге) ___________________
10. Сатушы: агент арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
11. Өтінім берушінің қолы _________________
____________________________________________________________________
Өтінімді қабылдаған
қызметкердің қолы _____________________ / ______________________
(қолы) (Аты-жөні)
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне
2-қосымша
Агентке төленетін комиссиялық сыйақы
Орналастыру көлемі, теңгемен | Комиссиялық сыйақы |
бастап | дейін | % |
50 000 000 | 700 000 000 | 6,50 |
700 000 000 | 1 000 000 000 | 1,90 |
1 000 000 000 | 5 000 000 000 | 1,80 |
5 000 000 000 | 10 000 000 000 | 1,70 |
10 000 000 000 бастап және одан жоғары | 1,60 |