ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-І, 100-құжат; №19-ІІ, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-І, 121, 124-құжаттар; №21-ІІ, 130, 132-құжаттар; №22-І, 140, 143-құжаттар; №22-ІІ, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 53-құжат; №8-І, 62-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 119-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №6, 11-құжат; №9, 18-құжат; №10, 23-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51-құжат; №15, 55-құжат; №20, 96-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
70-баптың 1-тармағындағы «мұражайлар мен мұражай-қорықтар» деген сөздер «музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 105-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат):
1) кіріспедегі «қалыптастыру, сақтау» деген сөз «жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік архив - осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
2) архив - архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) архив коллекциясы - қор құрушылар қызметінде қалыптасқан, бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
4) архив қоры - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
5) архивтік құжат - қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі - есепке алу) - есепке алу бірліктерінде архивтік құжаттардың саны мен құрамын белгілеу және әрбір есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және олардың есепке алу құжаттарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
7) архивтік құжаттарды пайдаланушы - ақпаратты пайдалану мақсатында алу үшiн архивтік құжаттарға жүгінетін жеке немесе заңды тұлға;
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі - ретке келтіру) - архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару - архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
10) архив ісі - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құрумен, архивтік құжаттарды жинауды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
11) аса құнды құжат - Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
12) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету - заңды тұлғалардың құжаттама жасау және құжаттарды жасау, алу кезінен бастап архивтік сақтауға бергенге дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;
13) ведомстволық архив - архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
14) жеке архив - архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;
15) жеке құрам жөніндегі құжаттар - жұмыскерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәлiметтер;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі - Ұлттық архив қоры) - тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес архив қорларының, коллекциялардың және архивтік құжаттардың жиынтығы;
17) құжат - материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
18) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры - аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;
19) мемлекеттік архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме;
20) орталық мемлекеттік архив - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив;
21) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
22) уәкiлеттi орган - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрі - мемлекеттік есепке алу) - архив қорларының саны мен құрамы, сақтау бірліктерінің саны туралы мәліметтерді қамтитын, Ұлттық архив қорының құжаттарын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда мемлекет деңгейінде есепке алу жүйесі;
24) Ұлттық архив қорының құжаты - құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат;
25) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкiметтiң» архитектурасын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.»;
3) 2-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі - Ұлттық архив қоры)» деген сөздер «Ұлттық архив қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
5) 5-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері және оның жинақтау көздері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерінің, кітапханалардың және музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «қорын толықтырудың» деген сөздер «қорының жинақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық архив қоры жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтік құжаттарды сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу арқылы да толықтырылуы мүмкін.»;
6) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оның жинақтау көздерін белгілеу тәртібі
1. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны жинақтау көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қорының құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемшарттары болып табылады.
2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.
3. Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:
1) Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;
2) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша шығарып тастауға тыйым салынады;
3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде қалыптасатын құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келіседі.
4. Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің:
1) республикалық меншiктегi архивтік құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің немесе орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің және арнаулы мемлекеттік архивтердің келiсiмiнсiз;
2) коммуналдық меншiктегi архивтік құжаттарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз;
3) жеке меншіктегі архивтік құжаттарын архивтің тұрған жеріне қарай, уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға жол берілмейді.»;
7) 7-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк меншiкке:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы республикалық меншіктегі құжаттар;»;
2) тармақшадағы «құжаттар жатады.» деген сөздер «құжаттар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры жатады.»;
3-тармақтағы «жинауы (сатып алуы)» деген сөздер «жинауы, сатып алуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Архивтік құжат меншік иесінің келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздерде архивтен алып қойылуы мүмкін.»;
8) 8-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар ретке келтірілген түрде құқық мирасқорларына берiледi.
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде сақтауға беріледі.»;
9) 9-бапта:
тақырыптағы «Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу» деген сөздер «Мемлекеттік есепке алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «деректер есебін», «белгiлеген» деген сөздер тиісінше «деректерді мемлекеттік есепке алуды», «айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап Мемлекеттік қор каталогы
1. Уәкiлеттi орган Ұлттық архив қорының құжаттары және оның жинақтау көздерi туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор каталогын жүргiзеді.
2. Уәкiлеттi орган, осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшiн Мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оның пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
11) 11-бапта:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін тиісті мемлекеттік архивтерге беріледі.
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, арнаулы мемлекеттік архивтер мен облыстардың және қалалардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану үшін ведомстволық және жеке архивтер құрады.
4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен, орталық мемлекеттік архивтермен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасымен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасасатын шарттарда көрсетіледі.»;
5-тармақтағы «Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық архив қоры құжаттарының ресми түпнұсқаларымен жеке архивтерді толықтыруға» деген сөздер «Ұлттық архив қорының ресми құжаттарының мемлекеттік меншік болып табылатын төлнұсқаларымен жеке архивтерді жинақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақтауға міндетті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады.
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры Ұлттық архив қоры құжаттарының төлнұсқаларынан бөлек, арнайы жабдықталған архив құжаттарының қоймасында (архив қоймасында) сақталады.»;
13) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi.»;
14) 14-бап алып тасталсын;
15) 15-баптың 5-тармағының бірінші сөйлеміндегі «құжаттар негiзiнде тиiстi архивтiк анықтамалар» деген сөздер «қажетті ақпаратты архивтік құжаттар негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 16-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аса құнды құжаттардың төлнұсқалары, сондай-ақ физикалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз архивтік құжаттар архивтік құжаттарды пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелері беріледі.»;
17) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлерін өткізу негізі мен тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізуге құқылы.
Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлеріне:
1) ретке келтіру;
2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
5) архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;
6) осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;
9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.»;
18) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
3) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
2-1), 2-2) және 2-4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-5), 2-6), 2-7) және 2-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-5) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;
2-6) мемлекеттік архивтердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлерін өткізу қағидаларын бекіту;
2-7) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
2-8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;»;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;»;
3-тармақта:
1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;»;
«8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;»;
19) 20-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері кіреді.»;
20) 22-бапта:
2-тармақтағы «Арнайы мемлекеттік архивтер құру» деген сөздер «Арнаулы мемлекеттік архивтерді құру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жинақтау (сатып алу)» деген сөздер «жинау, сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
5-баптың 1-тармағындағы «дербес» деген сөз алып тасталсын.
4. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат):