3. Лауазымды адамның немесе азаматтың бұл шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
31-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату шарттары
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету мемлекеттік орган немесе ұйым басшысының шешімі бойынша:
оның өзіне алған мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты еңбек шартында көзделген міндеттемелерді бұзуы;
осы Заңның 30-бабына сәйкес лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың пайда болуы жағдайларында тоқтатылады.
2. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату, онымен еңбек шартын әкімшіліктің бастамасы бойынша бұзу үшін қосымша негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудің тоқтатылуы лауазымды адамды немесе азаматты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жарияламау жөніндегі олар алған міндеттемелерден босатпайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұйым басшысының лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату және осының негізінде онымен еңбек шартын бұзу туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықтарын шектеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамы немесе азаматы өзінің құқықтары жөнінен уақытша шектелуі мүмкін.
Шектеу:
мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді ресімдеу кезінде еңбек шартында көзделген мерзімге республикадан тыс жерлерге шығу құқығына;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар жаңалықтар мен өнертабыстарын пайдалану және мұндай мәліметтерді тарату құқығына;
мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде тексеру шаралары жүргізілген кезде жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына қатысты болуы мүмкін.
33-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етуді ұйымдастыру мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысына, сондай-ақ олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары лауазымды адам немесе азамат мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен өздерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы үшін қажет болатын және сондай көлемде ғана танысатын жағдай жасау үшін дербес жауапты болады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Еңбек шарты бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету тоқтатылады.
34-бап. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыстарға рұқсат беру
Ұйымдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде шаралар өткізумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Рұқсат ұйымдарға арнаулы сараптама жасаудың және олардың басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылатын аттестаттаудың нәтижелері негізінде беріледі.
35-бап. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін, олардың тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келетіндігін куәландыратын сертификаты болуға тиіс.
36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ал қалған ұйымдарда - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау кезінде олардың негізгі қызметінен алынатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге бөлінетін қаржы қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, жұмыстардың тапсырысшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің арнайы уәкілдік берілген өкілдері жүзеге асырады. Егер бұл бақылауды жүзеге асыру мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етілуге байланысты болса, аталған адамдардың тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерге рұқсаты болуға тиіс.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары, азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың осы Заңның қолданылу аясындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
38-бап. Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының