1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген барлық шартқа;
2) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне немесе құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері болып табылатын ұйымдарға тиесілігіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өткеннен кейін, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлес тіктері құрған ұйымдар осы бапта көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар жіберіледі.
Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушыларды тартуына жол берілмейді.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алудың тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 29-бабының 1-тармағында, 36-бабының 1-тармағында, 38-бабының 7, 8 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 31-бабын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 43-бабының 26-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 4-і.
№ 434-V