180) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
180-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер береді;
181) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
182) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
183) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
184) ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын жүктерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-түс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын, таралуын болдырмау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларын басқа мемлекеттерден әкелуден және олардың таралуынан қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ветеринария саласындағы талаптарын сақтау тұрғынына күн сайынғы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
185) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді жүзеге асырады;
186) эпизоотиялық мониторингті, эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеруді жүргізеді;
187) халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі қолда бар тиісінше ақпарат негізінде жеткіліксіз болып табылған жағдайда уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді;
188) аумақты немесе оның бір бөлігін аурулар таралмаған немесе аурулар аз таралған деп айқындайды, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, импорттайтын елге растауды ұсынады және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекциялау жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
189) Қазақстан Республикасында алғашқы рет өндірілетін (дайындалатын) және оның аумағына алғашқы рет әкелінетін (импортталатын) жемшөптік қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
190) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген Жемшөптік қоспалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
191) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды береді;
192) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келіседі;
193) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді;
194) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;
195) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
196) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
197) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін өткізуді анықтау және оған жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
198) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
199) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 901 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
200) арнайы су пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
201) су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;
202) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
203) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және белдеулерінде шаруашылық қызметтің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
204) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
205) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
206) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;
207) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
208) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
209) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
210) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың ұақтылығын, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлдігін мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
210-1) орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiн мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
210-2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
210-3) ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлдігін және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
211) кеспеағаштардың бөлінуін мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
212) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде Сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
213) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында күзет режимдерінiң сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
214) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуын, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуын, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуін мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
215) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң қорғалуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
216) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
216-1) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
216-2) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
217) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
218) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
219) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;
220) ҚР Үкіметінің 2016.02.11. № 652 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
221) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың жауындылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
222) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
223) су объектілерінің ақпараттық деректер базасын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
224) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылыстарының және құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
225) су объектілерін бірлесіп пайдалануға беруді келіседі;
226) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
227) Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсаттар беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
228) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
229) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растауды жүзеге асырады;
230) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
231) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
232) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
233) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
234) судың және оны пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
235) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
236) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
237) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;
238) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
239) ерекше қорғалатын су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, оларда белгіленген шаруашылық қызметі режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
240) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
241) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
242) Су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
243) су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерінің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
244) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
245) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
246) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
247) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
248) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
249) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтауға және су объектілерін, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметке сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
250) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
251) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар береді;
252) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
253) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
254) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсаттар береді;
255) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
256) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
257) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
258) ғылыми ұсынымдар негізінде балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті жою мүмкін болмаған жағдайларда балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
259) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
260) су жинау құрылыстарына балықтарды қорғау құрылғыларын орналастыруды келіседі;
261) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
262) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерінің шегінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес ғылыми зерттеулер үшін жануарлар дүниесі объектілерін алу квотасын белгілейді;
263) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
264) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
265) балық шаруашылығын жүргізуге және балық аулауға шарттар жасайды;
266) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
267) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
266) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
269) Аң, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
270) Аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
271) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
272) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
273) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
274) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
275) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
276) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
277) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
278) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
279) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
280) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетудің, қорғаудың және қалпына келтірудің, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
281) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандардың өсімін молайту және орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми-зерттеулер және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
281-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
281-2) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің рәмізін (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
282) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
283) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;
284) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
285) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
286) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
287) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
287-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жанындағы үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
288) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
289) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаштарды игеруді және ағаштың кесілетін жасын белгілеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
290) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
291) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келіседі;
292) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар береді;
293) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
294) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;
295) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтарды дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
296) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
297) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастырады;
298) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
299) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
300) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді;
301) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама береді;
301-1) жабайы тірі жануарлардың, жабайы өсетін жекелеген өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия береді;