Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 және 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 казанндағы № 1728 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 405-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Агент сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеуді сақтандыру жағдайы басталған сәтте қолданыста болған шарттың негізінде жүзеге асырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сақтандырушы Агентке өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде электронды және қағаз тасығыштарда ақпарат береді.»;
2) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 159-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында:
кіріспедегі «Астана қаласы» деген сөздер «______ сериясы_____» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың тоғызыншы абзацындағы «Сақтанушының» деген сөзден кейін «немесе тәуелсіз сарапшының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1._________________________ Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Пайда алушының деректемелерін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште көрсетеді.»;
36-тармақ «әрі 20__ жылғы «__» _____ дейін қолданылады.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Тараптардың деректемелері» деген 15-бөлім «ББК» деген аббревиатурадан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Резиденттік белгісі__________________,
Экономика секторының коды _____________________»;
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанының қосымшасында:
тақырыбындағы «жасалған» деген сөз «жасалған №___» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ауданының» деген сөзден кейін «_______ табиғи-климаттық аймағы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |