Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдік оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
16.03.01 ж. № 164-II; 10.11.01 ж. № 255-II; 2007.12.01. № 227-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді
28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу
Шетелдік мына жағдайларда:
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;
г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актілерімен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жіберілуі мүмкiн.
Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетелдік осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау шығарып жіберілетін адамның бақыланатын өз бетінше шығуы немесе адамды Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жіберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол соттың санкциясымен жүріп-тұру еркіндігі алдын ала шектелуге және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жатады. Мұндай адамның жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Мұндай адамды ұстау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде жүргізіледі.
Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.
V бөлiм. Қорытынды ережелер
29-бап Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы
Осы Заңның ережелерi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
30-бап Осы Заңның қолданылу аясын шектеу
Осы Заңның ережелерi шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.
31-бап Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының