Премьер-Министр және оның аталған мәселеге жетекшілік ететін орынбасары болмаған жағдайда, жауапты орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты Кеңсе Басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның қол қоюына енгізеді.
Хат-хабардың Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына қол (бұрыштама) қоюға уақтылы ұсынылуы, сондай-ақ хат-хабарға қол қойылғаны туралы орындаушыларды уақтылы хабардар ету үшін жауапкершілік жоғарыда тізбеленген лауазымды адамдардың кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне жүктеледі.
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде бұрыштама қояды.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1. Осы Нұсқаулықтың 12-тармағында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті тапсырманы орындауға және оны Кеңседе алып жүруге тікелей жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Орындалу мерзімі көрсетілген, басшылықтың қарарлары не бақылауға қою туралы нұсқау не «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және тағы сол сияқты белгілері бар құжаттарды адресаттарға жіберу алдында олар міндетті түрде БҚҚБ-ға тапсырылады, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» немесе «БАҚЫЛАУДАН АЛЫНДЫ» деген мөртаңбаны қояды.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды БҚҚБ жүзеге асырады.
Орындау мерзімі көрсетілген және/немесе мемлекеттік органдарға не лауазымды адамға мерзімі көрсетілмеген ақпаратты (нормативтік құқықтық актілердің, баяндаманың, есептердің жобасын және т.с.с.) Үкіметке (Кеңсеге) енгізу туралы тапсырма берілетін Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының барлық тармақтары, сондай-ақ кеңес өткізген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) немесе хаттаманың бақылаудағы тармағын орындау бекітілген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) ұсынысы бойынша хаттамаларда көрсетілген өзге тармақтар бақылауға қойылады.
Хаттаманың тармақтарын бақылауға алу туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы хаттаманың жобасын дайындау кезінде ЭҚАБЖ-да ресімделеді және орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
«ҚПҮ» белгісі бар хаттамалар БҚҚБ-ға қағаз түрінде және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-1-тармақ жаңа редакцияда
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Шетелдік сапарлардың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларды үйлестіруді Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. БҚҚБ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге құқығы бар.
Тиісті қорытындылар, кінәлі лауазымды адамдарға, оның ішінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар бақылаудың нәтижесі болып табылады.
БҚҚБ Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде бақылау жүргізудің жоспар-кестесін ресімдеп, Кеңсе Басшысына бекітуге енгізеді.
Келесі есепті жылға арналған жоспар-кесте орталық және жергілікті атқарушы органдарда алдыңғы жылдағы орындаушылық тәртіп көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша бекітіледі.
Бұл ретте жоспар-кесте қажеттілігіне қарай түзетілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 18-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары) бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері апта сайын әр жұмада сағат 16.00-ден кешіктірмей бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы адам қол қойған бақылаудағы әрбір тармақ бойынша ақпаратты БҚҚБ-ге береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына БҚҚБ апта сайын әр бейсенбіде сағат 12.00-ге дейін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 18-3-тармақпен толықтырылды
18-3. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай БҚҚБ-ға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бақылаудағы тапсырмаларды орындауы туралы ақпаратты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 18-4-тармақпен толықтырылды
18-4. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы ай сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 20-тармақ өзгертілді
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі бар орган жауапты болып табылады.
Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі болмаса, тапсырмада тізбеленген органдардың барлығы өз жауаптарын тапсырма берушіге жібереді.
Тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган қажеттілік болған жағдайда, бірлесіп орындаушылармен бірге кеңес өткізеді.
Тапсырмада «келісілген», «бірыңғай» деген анықтауыштар болған жағдайда, жауапты мемлекеттік орган қажет болған жағдайда аталған мәселе бойынша тапсырмада тізбеленген бірлесіп орындаушы барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткізуді қамтамасыз етеді.
Тапсырмада тізбеленген мемлекеттік органдар аталған мәселе бойынша тиісті ұстанымның әзірленуін және кеңеске шешімдер қабылдауға уәкілетті адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында «өте шұғыл», «шұғыл» және «жеделдетілсін» белгілері бар болса, онда Премьер-Министрдің Кеңсесі дереу (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп, орындаушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар):
1) тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде - «өте шұғыл» белгісі бар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей - «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар, шұғыл бақылауға;
2) егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қысқа мерзімді бақылауға;
3) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, тапсырманы белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей орта мерзімді бақылауға;
4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар Үкімет және Кеңсе басшылығының атына енгізілгенге дейін олар ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына (Президент және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшылығының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күніне және нақты тармағына әрі берілген деректемелерге мөр қойылуға тиіс) олардың ресімделуінің дұрыстығына сілтемелердің болуы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының орындалу мерзімдерінде және олармен бекітілген іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімдері аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал орындау мерзімі бес күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды
20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда
26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Кеңседе тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «өте шұғыл» деген белгісі бар тапсырманы - дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.
Мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды
27. Орындалу мерзімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан келер жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда аяқталатын бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша ақпараттар, есептер жыл сайын ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне берілуге тиіс
28. ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын
қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау тәртібін регламенттейді.
Өтініш - бұл «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Кеңсеге жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.
Сұрау салу - бұл «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ақпарат иеленушіге айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - БҚҚБ) жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер және сұрау салулар Кеңсеге келіп түскен күні БҚҚБ-да және ЭҚАБЖ-да тіркеледі.
Жеке тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі - ТБН) реттік нөмірден және «ЖТ» әріптік индексінен тұрады.
Заңды тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымды адам тегінің бастапқы әрпінен, ТБН-дегі реттік нөмірден және «ЗТ» әріптік индексінен тұрады.
Анонимдік өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және ТБН-дегі реттік нөмірден тұрады.
«Ақпаратқа қол жеткізу» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат беру туралы өтініш тіркелген жағдайда тіркеу нөміріне «С» әріптік индексі қосылады.
Бір күнтізбелік жыл ішінде өтініш және сұрау салу қайта түскен кезде «екінші», «үшінші» және одан әрі реті көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі қойылады, ал ТБН-де бірінші құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталама өтініштің және сұрау салудың бірінші парағының үстіңгі оң жақ бұрышында және ТБН-де «Қайталама» деген белгі қойылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға алдыңғы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.
Бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет түскен, онда:
1) алдыңғы өтініш және сұрау салу бойынша қабылданған шешімге шағымданатын;
2) түскен уақыттан бері қарау мерзімі өткен, бірақ өтініш және сұрау салу иесі жауап алмаған болса, бұрын жіберілген өтініштің және сұрау салудың уақтылы қаралмағаны туралы хабарланатын;
3) алдыңғы өтінішті және сұрау салуды қарау және шешу кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілетін өтініш және сұрау салу қайталама болып саналады.
Бір адамның бір мәселе бойынша әртүрлі адресаттарға жіберілген және қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері және сұрау салулары бірінші өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірімен, қисық сызық (бөлшек) арқылы қойылатын реттік нөмірді қоса отырып, есепке алынады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары өтініш беруші ЭЦҚ-ның, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің және заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірінің тұтастығы мен дұрыстығы тексерілгеннен кейін тіркеуге жатады.
Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер және сұрау салулар бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол қисынды, қысқа, өтініштің және сұрау салудың (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті және сұрау салуды қарауға жіберудің атаулығын негіздеуі қажет (1-қосымша).
Жеке тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізушінің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтінішті және сұрау салуды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті және сұрау салуды қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.
5. Егер бірінші өтінішті және сұрау салуды тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші және сұрау салуы бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары қайталама болып саналады. Сол автордың әртүрлі мәселелер бойынша өтініштері және сұрау салулары бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш және сұрау салу түскен кезде бірінші өтініш және сұрау салу негізгі өтініш және сұрау салу ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке және сұрау салуға толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш және сұрау салу келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш және сұрау салу ретінде қаралады.
Сол бір мәселе бойынша авторға толымды жауап берілген көп мәрте келген өтініштер және сұрау салулар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне және сұрау салуларына «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға оның алдындағы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің іс жүргізу және мұрағат секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері және сұрау салулары қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге үш күн мерзімде хабарланады.
6. Өтініштер және сұрау салулар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе БҚҚБ алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді және сұрау салуларды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы жүргізіледі.
7. Жеке тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін БҚҚБ-нің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.