«Клиент салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын өтеген жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді кері қайтарып алғанға дейін клиенттің банктік шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды.».
11-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 2-тармағы «патент негізінде» деген сөздерден кейін «немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 3-тармағының 2) және 6) тармақшаларын, 5, 6, 8, 10 және 11-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 маусым
№ 52-VII