Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау күніне бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 5-бап толықтырылды
5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады.
Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының - заңды тұлғаның акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдiкдіктердің және шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурстарға қолданылмайды.
6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі
1. Меншік иесі - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.
2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы.
7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы
1. Редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады.
2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды
2-1. Мыналар:
1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар;
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар;
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде бас редактор (редактор) бола алмайды.
3. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.
8-бап. Ақпарат агенттігі
1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға.
2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс.
3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті.
4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.
9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері
1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының әрі баспагері болмаса, меншік иесі мен баспагердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен белгіленеді.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап жаңа редакцияда; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
Интернет-ресурсты желілік басылым ретінде есепке қою ерікті түрде жүзеге асырылады.
2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді.
3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады.
4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi не одан мынадай негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке не желілік басылымға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым есепке қоюға мәлiмделген болса не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда бас тартады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
Ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша желілік басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралын шығару тоқтатылады.
6. Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініш
1. Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiште:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi, мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң - заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
2. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу кезiнде өзге талаптарды қоюға тыйым салынады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 12-бап толықтырылды; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару немесе тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын уақытша тоқтату, желілік басылымның қызметін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, бұқаралық ақпарат құралын не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 13-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1-бап. Қор
Қор:
1) қазақстандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асырады;
2) республикалық және өңірлік форумдарды ұйымдастырады және өткізеді;
3) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) журналистика саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындауға және қазақстандық жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінің оқу бағдарламаларын қалыптастыруға қатысады;
6) масс-медиа саласында зерттеулер жүргізеді;
7) Қазақстанды халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асырады;
8) балалар арасында ақпараттық мәдениетті ілгерілетуді жүзеге асырады.
9) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы мен мәтініндегі «құралдарын тарату», «құралдарын таратуды», «құралы таратуға» деген сөздер тиісінше «құралдарының өнімін тарату», «құралдарының өнімін таратуды», «құралдарының өнімін таратуға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
03.05.01 ж. № 181-II ҚР Заңымен;19.12.03 ж. № 509-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Бұқаралық ақпарат құралдарына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда:
1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингілерде, шерулерде немесе демонстрацияларда және өзге де бұқаралық іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Субъектілер эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
2007.18.06 № 264-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
3-1. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды
3-3. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды
3-4. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала;
2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 25-бабы 2-2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды
3-5. Бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсетпей, өткізу мақсатында тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Шығарылым деректерi
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мерзiмдi баспасөз басылымының әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: