2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдік оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
16.03.01 ж. № 164-II; 10.11.01 ж. № 255-II; 2007.12.01. № 227-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді
28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен қуып жiберу
Шетелдік мына жағдайларда:
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;
г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актілерімен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.
Шығарып жiберу туралы шешiмдi сот қабылдайды. Шетелдік осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімінің орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өз бетiмен кетуi немесе адамды мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жiберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясымен ұстап алынуға және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге тиіс. Бұл ретте шығарып жiберу үшiн қажет болатын мерзiмге ұсталуға жол берiледi. Ол Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.
Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.
V бөлiм. Қорытынды ережелер
29-бап Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы
Осы Заңның ережелерi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
30-бап Осы Заңның қолданылу аясын шектеу
Осы Заңның ережелерi шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.
31-бап Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының